Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Бүгін бәріміз үшін қаралы күн! Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы қазаға ұшырады. Бір әулеттен төрт бірдей адам мен құрсақтағы сәбидің ажал құшуы – орны толмас қайғы. Бекбатыровтар жанұясының жақындары мен туған-туыстарына қазаның жеңілдігін берсін! Марқұмдардың артында қалған қыздарына көмек көрсету туралы аудан әкіміне тапсырма берілді. 

Алдағы уақытта мұндай оқиғалар орын алмауы үшін тиісті мемлекетік органдар мен қауіпсіздік қызметтері сақтықты күшейтіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін. Жергілікті депутаттар, әлеуметтік қорғау қызметтерінің өкілдері облыстың әр өңіріндегі көп балалы, нашар қамтылған отбасылардың тізімін жасап, мемлекет тарапынан көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етемін!

Павлодар облысының әкімі                                                                                                          Болат Бақауов


07/02/2019 57