Қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

Облыс мәслихатында аймақтық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Павлодар облысының қоғамдық кеңесі өзінің қазіргі құрамымен 3 жыл жұмыс істеді. Аймақ басшысы Болат Бақауовтың айтуынша осы уақыт аралығында кеңес мүшелері үлкен жұмыс атқарды.

– Барлықтарыңызды қоғамдық кеңестің жаңа құрамының сайлануымен құттықтаймын, – деді ол облыстық мәслихат сессиясында сөз сөйлеу барысында. – Азаматтық белсенділікті арттыру жағынан қоғамдық кеңестің маңыздылығы мен қажеттілігін сезбеу мүмкін емес. Бұл азаматтық сектордың шынайы көрсеткіші, жақсы диалогтық алаңы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар үшін тұрғындармен байланыста болу өте маңызды. Бүгінгі күні қоғамдық кеңесте қандай шешім қабылданса да, оның тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталғандығын нық сеніммен айта аламыз. 

Қоғамдық кеңеске 26 адам кірді. Бұл үкіметтк емес және партиялық ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік және өкілдік етуші органдардың жұмысшылары және облыстың құрметті азаматтары. Жаңартылған кеңес жұмысын ақпан айынан бастайтын болады.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев


30/01/2019 435