«ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК – ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТА»

Павлодар облысында «Қызметтік көлік – қызметтік мақсатта» акциясы басталды. Мемлекеттік мекемелердің қызметтік көліктеріне арнайы белгі жабыстырылды.

Бүгіннен бастап облысымыздың кез келген тұрғыны осындай жапсырмасы бар автокөліктің қызметтен тыс уақытта басқа жерлерде жүргенін байқаған болса, бұл жөнінде cаll-орталықтың 1424 бірыңғай нөміріне хабарлай алады.

Акцияның мақсаты – әрбір шенеуніктің «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін» мүлтіксіз сақтауы, яғни қызметтік көлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы.

Егер қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдалану фактісі анықталған болса, әрбір жағдай тәртіптік комиссияда, әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, тиісті шаралар қолданылатын болады.


06/10/2017 95