Үздік педагог

2017 жығы 5 қазанда Астана қаласының «Қазмедиа орталығында» Халықаралық Мұғалімдер күнінде «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Павлодар облысынан «2017 жылдың үздік педагогы» атағын дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының биология мұғалімі Фарида Муратовна Баимбетова, Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебінің география мұғалімі Светлана Николаевна Барвих, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің орыс тілі мұғалімі Айгуль Баяновна Куставлетова, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жанна Юрьевна Нагасинова иеленді.

Конкурстың шарттары бойынша жеңімпаздар төсбелгі мен ақшалай сыйақы алды.


05/10/2017 103