Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам

Өскемен қ. Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған гимназия-интернатында 2018 жылғы 1-3 қараша күндері «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық  идеялар конкурсы өтті.

Республикамыздың барлық өңірлерінен конкурсқа 144 бала қатысты. Павлодар облысының намысын облыстық кезеңінің 9 жеңімпазы қорғады.

Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен, алтын медаль және  бағалы сыйлықпен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Искаков Баязет марапатталды. «Дарын» номинациясы және бағалы сыйлық «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мухамеджан Аружанға табысталды.

Қазылар алкасы оқушылардың зерттеу жобаларына жоғары баға беріп, балаларға техникалық модельдеу бағыттағы жұмыстарын жалғастыруды және келесі жылы Жамбыл қ. өтетін конкурсқа қатысуды ұсынды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы


06/11/2018 107