Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы қаулылары

 
«Беттік су объектілері жоқ, бірақ сапалы жер асты су қорлары бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру», «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» № 164/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Беттік су объектілері жоқ, бірақ сапалы жер асты су қорлары бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметке регламент

«Беттік су объектілері жоқ, бірақ сапалы жер асты су қорлары бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестер анықтамалығы

Павлодарской облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Беттік су объектілері жоқ, бірақ сапалы жер асты су қорлары бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру», «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» № 164/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

“Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 152/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 257/9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қазандағы «Павлодар облысының аумақтарында карантиндік режимді енгізумен жатаған (қызғылт) укекіре бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 321/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

2017 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Павлодар облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үйметтерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы қаулы жобасына қосымша

Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы 172/3 қаулысы 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 106/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11/09/2017 48

«Қазтест» жүйесі бойынша кезекті тест тапсыруда

  • Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі көрсеткіштерін орындау мақсатында 2017 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізуде.
  • Кезекті тестілеуге облыстың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары мен бюджеттік сала қызметкерлері, жалпы 2000-нан аса адам қатысатын болады.

6

Спорт және туризм дамытылуда

Павлодар облысының әкімін Усолка шағын ауданының арғы беттегі жағасында пайда болатын триатлон аймағы мен этноауыл жобасымен таныстырды.

Саябақтың жалпы ауданы 540 гектарды құрайды. Болашақта аталған жерде ескекпен есу арнасы, биатлон және триатлон аймағы,  олимпиада ауылы және гольф алаңы болмақ. Жоба жасаушылардың айтуынша, аталған жерде ең алдымен арнаның түбін тереңдету және өзен жағалау бекіністерін күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Болат Бақауов су жіберу кезінде су басып кетпеу қауіпсіздігі үшін жүгіруге және веложарысқа арналған жолдарды жөндеуге көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта өзеннің арғы жағына өту үшін көпір құрылысын аяқтап, топырақ тасуды бастау керек, – деді аймақ басшысы. – Аталған жұмыстарды келесі жылға қалдырмас үшін қыс мерзіміне дейін аяқтаған дұрыс. Жоба жасаушылар қанша топырақ қажет екені көрсетілген есеп беру қажет.

Өзеннің арғы жағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтінін атап өту керек. Сондықтан олимпиада ауылы жатын және ас ішетін бөлмелері бар ғимараттан тұрады.

Аталған жерде ауданы 15 гектарды құрайтын этноауылдың тұсауы кесіледі. Мұнда әр түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

– Этноауыл үшін ең қолайлы жер таңдалды, атап айтқанда ашық, жан-жағы жасыл желеңге толы, – деп атап өтті облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов. – Этноауылдың басты қағидасы қала сыртында болуы, шынымен де бұл жер қаладан жүз шықырым қашықтықта орналасқан секілді.

Облыс әкімі этноауылды жайластыру барысында кеспе тастар мен асфальт секілді қаланы абаттандырудың элементтерін пайдаланбаған жөн екенін атап өтті.

 


31

16 қыркүйек сағат 17.00-де Павлодар қаласының Орталық стадионында 2017 жылғы маусымның Премьер-лига клубтары «Ертіс» ФК – Оралдың «Ақжайық» ФК арасында футболдан ҚР чемпионаты өтеді.

14-15 қыркүйек күндері сағат 19.00-де «Астана» мұз сарайында «Ертіс» ХК – Атырау қаласының «Бейбарыс» ХК ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты өтеді.


13

Істің нәтижесі аяқталғанда көрінер

Новочерноярка ауылының жеке кәсіпкері Ардақ Нұрғазин құс шаруашылығына кірісті. Бүгінде оның құсханасында Хайсекс Браун тұқымды жеті мың мекиен тауық бар. Күзде кәсіпкер тағы үш мың тауық сатып алмақшы.

Құс шаруашылығының барлық қырын саралаған кәсіпкер мекиен тауық ұстауға бел буды. Ауданда бұл іспен әлі ешкім айналыспаған. Жергілікті кәсіпкерлер көкөніс және мал шаруашылығымен бұрыннан айналысып келе жатса, құсты бірен-сараны ғана алады.

Ақпан айында Ардақ Нұрғазин «Сарыарқа» бағдарламасы бойынша несие алды. 28 млн. теңгеге мекиен тауық сатып алды, құсхананы жөндеуде өткізді және құсқа азық сатып алды. Бұрын құрылысшы болған кәсіпкер құсхананы алдымен Павлодарда, ал биылғы жылы өрісін кеңейтіп, Павлодар ауданында да ашып отыр.

  • Несиені жеті жылға алдым. Мен бұрын аздап құс өсірумен айналысқан болатынмын. Новочернояркада ісімді дамытып, мекиен тауықтарды сатып алдым. Қазірде қойма салып жатырмыз, қысқа дайындық үстіндеміз. Қойманы бітіріп, азық әкелмекпіз, – дейді Ардақ Нұрғазин.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бейбіт Жанғожинов берген ақпарға сәйкес, кәсіпкер 180 тонна азық сатып алған, фермасында жемуатқыш құрылғы жұмыс істеп тұр. Тауықтарды көбіне құрама жеммен, тарымен, арпамен, бидайман және тағы 6-7 түрлі биоқоспамен асырайды. Әр торда үш тауықтан ұстайды, орынжайдың ауасы жаңартылып отырады, мекиендер тыныштықта мекендейді. Құсхана есігінде «Шуламаңдар!» деген жазу да ілулі тұр.

  • Тауықтардың жұмыртқалағыштығын арттыру мақсатында мекиендерді шудан қорғауға тырысамыз. Қатты дыбыстар немесе шуыл құстарды қорқытып, олардың жұмыртқаламай қоюы мүмкін. Жалпы, тауықтар күй талғамайды, өздері шуылдап, қытқылдағанды ұнатады, – дейді тауықтарды күтуші Евгений Борисов.

Жұмыртқаларды сұрыптаумен – іріктеумен ісімен Евгения Вергилесова айналысады. Ол жұмыртқалардың салмағын өлшеп, санаттар бойынша бөледі. Бұл мақсатта асүй таразысы қолданылады. Сұрыпталған жұмыртқаның салмағы 65-74 г болады, бірінші сұрыптығы  – 55-64 г,  екінші сұрыптығы – 45-54 г.

  • Көбіне бірінші санаттағы жұмыртқа аламыз – шашамен 60%, сұрыпталған жұмыртқа 10%-ды, екінші санаттағы жұмыртқа 30%-ды құрайды. Бір тәулікте бес мыңға жуық жұмыртқа аламыз, – дейді Евгения Александровна.

Кәсіпкер алдағы уақытта мекиен тауықтардың санын 30 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Ардақ Мұхтарханұлы екінші базаны жаңғыртудан өткізуді ойластырып жүр. Оған қоса, астық сақтайтын қойма салып жатыр. 

 


28

Сөреге, дайындал, жүгір!

Павлодарда Денсаулық фестивалі аясында кезекті дуатлон жарысы өтті. Бұл жолы жарыс қашықтығы 30 шақырымды құрады. 

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының жанында басталған сөреге 5 мыңға жуық әуесқой спортшы жиылды. Олардың арасында кәсіпқой спортшылар, дәрігерлер, студенттер, мектеп оқушылары және тағы басқалары болды. Дуатлонға қатысушылар он шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, жиырма шақырымды велосипедпен жүріп өтулері керек-тін.

Берілген қашықтықты алғаш болып 20 жасар Валерий Долгошей еңсерді. Сөреден мәреге дейін жеткен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алдағы уақытта аймағымызда жартылай марафондық және марафондық қашықтыққа жүгіруден жарыстар өткізілетінін атап өтті.

– Біз Павлодар облысының спорттық аймақ болып қала беруі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деді Болат Бақауов. – Спортпен шұғылданып, жетіле беру және міндетті түрде бұл іске жастарды тарту қажет. Келесі аптада, ауа райы жақсы болса, кәсіпқой велосипедшілермен және ардагерлерімізбен бірге Павлодардан Тереңкөлге дейін 100 шақырымдық веложарысқа қатысуды жоспарлап отырмыз.


23

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшіліктер лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы  бекітілген № 98 бұйрығымен енгізілген өзгертулерлерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

D-4 санатына үшін:

жоғары білім;                                                   

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;     

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;**

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
  min max

D-4

93276 125758

 

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 425-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 65-10-49, 66-33-49 электрондық пошта: beisenbina.ao@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Павлодар облысы әкiмi аппараты индустриялық-инновациялық дамуды мониторингілеу бөлімінің бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (7-01-03)

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары, облыс әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды және орындауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің және министрліктер мен ведомстволар хат-хабарларының орындалуын бақылау, Индустриализация картасының, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасының, инвестицияларды тарту, инновацияларды дамыту және енгізу, ӘЭА дамыту  жобаларын жүзеге асыру, «Бизнестің жол картасы 2020» жобасы шеңберінде, шағын және орта бизнес, сауда және туризм, сыртқы экономикалық қызметті дамыту және қолдауды іске асыру мәселелері бойынша, облыс әкімдігінің мәжілістеріне және облыс әкімі мен оның орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау бөлігінде облыс әкімінің орынбасарын ұйымдастыру және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық комиссиялардың отырыстарын, жұмыс мәжілістерін дайындайды; жетекшілік ететін мемлекеттік органдар бойынша есептер мен жұмыс жоспарларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтану, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде бекітілген қызмет тізімі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электронды мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзіміне сәйкес тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында өтеді.

Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссия шешiмi бойынша шағымдана алады.


7