Жаңа басшылар

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ораз Мұқашев тағайындалса, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығына Қайрат Нұрмағамбетов келді. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде белгілі болды.

Жаңа басшыларды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Ораз Мұқашев бұған дейін №2 қалалық емханада, Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада  дәрігер, денсаулық сақтау департаментінде бас маман және бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Соңғы жылдары ол №2 аурухананың бас дәрігері, одан кейін облыстық кардиологиялық орталықтың директоры қызметін атқарды.

– Сізге «Саламатты Казақстан» бағдарламасы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу, облыста міндетті медициналық сақтандыруды енгізу міндеті жүктеледі, – деді аймақ басшысы Ораз Мұқашевқа. – Қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесіне инвестициялар тарту аса маңызды. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылғына бұған дейін Павлодар қаласының осы саласын басқарған Қайрат Нұрмағамбетов келді.  

– Өңірде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберіндегі жұмысты күшейтіп, қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жүйеге келтіру қажет, – деді Болат Бақауов. – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан азаматтарды біздің аймаққа көшіру бойынша жергілікті әкімдермен қоян-қолтық жұмыс жасау қажет.

Сонымен бірге, жиналыста аппарат басшысының орынбасарына Бауыржан Қапеновтың тағайындалғаны туралы мәлім болды. Ол бұған дейін ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімді басқарған еді. Аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша ол жоғары лауазымға ұсынылған еді.

 


12/09/2017 120

Аймақ қарқынды дамуда

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп кетті. Ол бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап, өңірдің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары алдымен түсті металлургия колледжіне барды. Онда колледж студенттерімен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс орталығында  болғанын айтып, «Сарыарқа» шағын ауданындағы құрылыстың жылдам жүріп жатқанына тәнті болды.

– Павлодарға келген сайын үнемі жаңа дүниемен таныс боламын және бұл жағдай мені қатты қуантады, – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. – Бұрын Алюминстрой шағын ауданындағы кеңес дәуірі кезінде салынған ескі үйлерді естеріңізге алыңыздар. Көзге оғаш көрінетін еді. Сол үйлер бес-жеті жыл қыстау үшін тұрғызылған болатын. Дегенмен Кеңес Одағы құлағанмен, сол үйлер әлі сақталып тұрды. Қазіргі таңда әкімдік бұл істі қолға алды. Мұнда қамыштан тұрғызылған 40 үй сүріліп, жаңадан көпқабатты үйлер бой көтеруде. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін Павлодар қаласы шырайлана түседі. Бұдан басқа, астаналық мейман жаңа шағын ауданның айналасындағы инфрақұрылымның дамуына, әсіресе «Batyrmall» ойын-сауда орталығына назар аударды. – Бұрын сол жерде балалар шомылатын тайыз бассейн болатын, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. – Қазір бұл жер өте әдемі: судың түбін тазартып, үйректер мен шабақтар жіберілген, қасында молл, дәмхана мен мейрамханалар, мұз сарайы орналасқан. Осылай даму керек. Павлодар – берекелі өлке.

Түсті металлургия колледжінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары жаңа жатақхананың ашылуына қатысты. 200 орынға арналған баспана Павлодар облысының әкімдігі мен ERG компаниясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынған.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары содан соң «Павлодар» арнайы экономикалық аумағына аттанды. Мұнда ол «Guissenhaus» ЖШС-нің қоспалы алюминий өндіретін зауытын аралады. Мәлім болғандай, кәсіпорында бір конвейер және бір пеш іске қосылып, сынамалы өнімнің 5 тоннасын шығарып та үлгерген. Әкімшілік-тұрмыстық кешен салынып болған соң басшылық тағы бір конвейер орнатуды жоспарлап отыр.

– Қазіргі уақытта біз Ресейдің «K&K» компаниясымен келісімшартқа қол қойыстық. Олар бізден металл сатып алып, олардан оңай балқытылатын автомобиль дискілерін шығаратын болады, – дейді «Guissenhaus» ЖШС директорының орынбасары Руслан Ыбраев. – Оған қоса, өнімімізді Германияға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, өткізу нарығы жағынан еш қиындық туындамайды.   

Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысы әрқашан еліміздің басты индустриялық орталықтарының бірі болғанын атап өтті. Қарқынды индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында аймақта 1,1 триллион теңге игеріліп, 600 жаңа жұмыс орнын ашумен 35 жаңа кәсіпорын салынды.


91

Жылу беру маусымына дайынбыз

Облыс әкімдігінде аймақ басшысының бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың төрағалық етуімен жылу беру маусымына дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңесте энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ермұрат Нұрханов есеп берді.

– Бүгінгі таңда тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жылу беру маусымына дайындау аяқталуға жақын, – дейді облыс энергетика және ТКШ басқармасының басшысы. – 2017-2018 жылу беру маусымына дайындық аясында негізгі жабдықтың 33 бірлігін күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 16 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталып, 14 нысанда әлі жүріп жатыр. Қалған үш нысанды жөндеу мерзімі келген жоқ. Барлық жұмыстар кестеге сай атқарылуда.    

Нұрлан Дүйсембиновтың айтуынша, Ақсуда бу қазандықтарының бірі толықтай жөнделген, екінші қазандықтағы жұмыстар 89%-ға аяқталған. Қала басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасарын Ақсу қаласының тұрғындары жылу мен ыстық суға байланысты қиындыққа тап болмайтынына сендірді.

Дүйсенбай Тұрғанов әлеуметтік нысандардың алдағы қысқа дайындығына алаңдап, 15 қыркүйекке дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері толық дайын болуын талап етті. Келесі аптаның басында облыстың үш қаласында жылу беріле бастайды, ал аудандарда жылу қажеттілігіне қарай және ауа райына байланысты берілетін болады.

Облыстың бас энергетигі әлеуметтік нысандардың қазандықтарындағы жұмыстар Баянауыл ауданындағы Бірлік ЖОМ-ы және Железин ауданының төрт мектебін қоспағанда, 100 пайызға дерлік аяқталғанын айтты. Аталмыш мектептерде модульдік қазандықтар орнатылып, олар жеке компанияларға сенімгерлік басқаруға берілген. Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов осы аптаның соңына дейін жылу трассаларын жөндеу жұмыстары аяқталатынын айтып отыр. Ал Железин ауданы әкімінің орынбасары  Аян Бейсекин қазандықтардағы монтаждық жұмыстардың аяқталғанын және қазіргі уақытта қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Энергетика басқармасының басшысы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының көрсетілген коммуналдық қызметтерге тұтынушылық қарызы  2,6 миллиард теңгені құрап отырғанын баяндады. Тұтынылған жылу мен жарыққа қарыз мәселесі энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың жылу беру маусымына дайындалу барысына кері әсерін тигізеді. Ермұрат Нұрханов, сондай-ақ, қарызды өндіріп алу бойынша іс-қимыл алгоритмімен таныстырды. Оған сәйкес, облыстық басқармалар ведомстволық бағынышты ұйымдардың қарыздық ахуалын бақылап отыратын жауапты тұлғаны бекітулері керек. Ал олар барлық ақпаратты жинап, монополист кәсіпорынға тапсыруға тиісті. Энергетика және ТҚШ басқармасы қалалық және аудандық әкімдіктермен, облыстық басқармалармен қарызды төлеу мәселесін шешетін болады. Олар айына бір рет есеп беруге міндетті.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары энергетика басқармасына қарызды өндіріп алу бойынша іс-қимыл алгоритмін жетілдіруді, ал қала және аудан әкімдеріне аптаның соңына дейін жылу беру маусымына дайындық ісін аяқтап, тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су беруді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

 

 

 


67

Уәкілетті экономикалық оператор

Сыртқы экономикалық айналымды ынталандыру мақсатында, ірі компаниялардың жұмысын жеңілдету үшін кеден органдары «уәкілетті экономикалық оператор» статусын енгізу сияқты шаралар қолдануда. Уәкілетті экономикалық оператор дегеніміз, кедендік операцияларды жүргізгенде қаржылық және уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік туғызатын арнаулы жеңілдетілген процедуралар берілген заңды тұлғалардың белгілі бір категориясы.

Уәкілетті экономикалық оператор статусын Мемлекеттік кірістер комитеті заңды тұлғаға Уәкілетті экономикалық операторлар Реестріне тіркелгені туралы куәлік тапсыру арқылы береді.

Отандық заңнамаларда Уәкілетті экономикалық оператор статусы жаңалық және ол Кедендік процедураларды жеңілдету туралы Халықаралық конвенциияға сәйкес жасалынды.

Кеден органдары мен бизнес-қоғамдастықтың арасындағы серіктестіктің негізгі талаптарының бірі болып сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы статусты беру  табылады. Бұндай статусты алғандар сыртқы экономикалық қызметінде едәуір жеңілдіктерге ие болады, мысалы: – Біріншіден – тауарларды декларацияны ұсынбау тұрып ақ шығару мүмкіндігі, Екіншіден – тауарларды уақытша сақтау оператордың өз ғимараттарында немесе өз аймағында сақтау және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу мүмкіндігі, Үшіншіден – кедендік транзитте кедендік баж бен салықтарды қамтамасыз етуді тапсырудың болмауы.

Осының нәтижесінде, кедендің шекарадан өту процедурасы қысқарады, қаржылық шығын азаяды, тауарды декларация тапсырмай тұрып пайдалану, алдын ала және электронды декларациялау мүмкіндігі, транзитте қамтамасыз етпеу, құжат айналымының қысқаруы, тасымал маршрутын белгілемеу, пилоттық жобаға кезексіз қатысу, азғантай көлемдегі құжаттар мен кедендік баж бен салықтарды 40 күнге бөгеп төлеу сияқты мүмкіндіктер туады. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.


55

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі

Кедендік әкімшілендіру жұмысындағы бүгінгі күнге маңызды мәселелердің бірі болып, тауар декларациясын тапсырғанда «адам факторын» болдырмау мақсатында электронды декларациялауды енгізу болып отыр. Осы электронды декларациялауды енгізу үшін кедендік және салықтық әкімшілендіруге «АСТАНА-1» интеграцияланған автоматтық ақпарат жүйесі енгізілді.  

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі Дүниежүзілік сауда үйінің нормаларына сәйкес келетін ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған және 90-нан аса мемлекеттерде қолданылады.

 «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап тұрған 5 кедендік жүйенің басын құрайды және уәкілетті органдардың жүйелерімен интеграцияланады, яғни құжаттарды алдын ала қағаз жүзінде тапсырмай ақ тауарлар декларациясын электронды түрде тапсыруға мүмкіндік туғызады.

Тауарлар декларациясын электронды түрде тапсырғанда онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беру қажет емес. Айта кететін жағдай, тауарлардың негізгі бөлігі қауіпті басқару жүйесі арқылы тексеріліп, оның барысында қауіп анықталмаған жағдайда, тауарлар автоматты түрде, лауазымды тұлғаның қатысуынсыз ақ, шығарыла береді.

Сонымен қатар, электронды декларациялауға көшу кедендік құнды және тауарларды классификациялауды кедендік бақылауды тауарларды шығарудан кейін жасау арқылы тауарларды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. 

Құрметті салық төлеушілер – сыртқы экономика қызметіне қатысушылар, осы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізуге  байланысты, Сіздерге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеке шоттарыңыз бойынша салыстырма, яғни акт сверки, жасау қажеттігін естеріңізге саламыз. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.


34

Алдын ала кедендік декларациялауды қолдану туралы

«Ұлт жоспар – нақты 100 нақты қадам» жоспарын орындау барысындағы кеден саласындағы ең негізгі бағыттардың бірі болып экспорт пен импорт үшін құжаттар санын азайтып, оларды өңдеу уақытын қысқарту табылады.

Кеден заңнамасында кедендік бақылаудың уақытын азайтып сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызатын алдын ала кедендік декларациялау қаралған.

Шет елден енгізілетін тауарлар үшін Кедендік одақтың кедендік аймағына тауарлардың өзі кеденге нақты жетпесе де кедендік декларацияны алдын ала тапсыра беру мүмкіндігі қарастырылған.

Одан басқа, Кедендік одақтың  кедендік аймағына әлі енбеген және ол тауар туралы өзінің ерекшеліктеріне байланысты толық мәлімет болмаған жағдайда, кеден органына ол тауар туралы мәліметті көрсетпей ақ, алдын ала кедендік декларация тапсыруға болады. Кедендік баж бен салықтарды тауарды шығармай тұрып төлеуге болады.

Кеден органдары, алдын ала кедендік декларациялауды қолданғанда тауарды шығару рәсімін бір жұмыс күнінен асырмай жасауы керек. Толығырақ www.pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.


24

Электронды декларациялау

Еуразиялық экономикалық комиссияның алдына қойған мақсаттарынан біреуі, Кеден одағына мүше мемлекеттерде электрондық декларациялаудың даму дәрежесін теңестіруге жағдай жасау болып табылады, сонымен қатар электронды құжат ретінде берілген кеден  құжаттарының ( тауар декларациялары, кеден құнының декларациялары, тауар декларацияларын түзету) құрылымдары мен пішімдерін бірегейлендіру үшін құқықтық және техникалық тұғырнаманы құру болып табылады.

Электрондық декларациялау процесін жеңілдетумен бірге кедендік бақылау сапасын арттыру мақсатында  келесі бағыттарда жұмыстар жүргізілуде:

– кеден органдарының электронды декларацияларда берілген мәліметтерді растайтын құжаттардың қағаз  даналарын сұрату жағдайларын азайту үшін кеден технологияларын жақсарту;

– кеден органдарының,  тауар шығару үшін қажетті рұқсат  құжаттарын беретін  мемлекеттік органдарымен ақпарат алмасуын жақсарту;

–  тауар шығару үшін қажетті рұқсат құжаттарының мемлекеттік тиісті өкілетті органдары берген   электронды құжат түрлерін  тану рәсімі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, “заңды маңыздылығы барлар”;

– тауарларды кеденде мағлұмдау кезінде  құжаттар мен мәліметтердің санын азайтуға мүмкіндік беретін “бірыңғай терезе” механизмін енгізу. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.


45

2017 жылғы Павлодар облысындағы архив ісінің дамуы туралы

Павлодар облысының архивтік мекемелері Қазақстан Республикасының «Ұлттық архивтік қоры және архивтер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, архив ісі мен құжат айналымының ілгері дамуының рет-ретімен жүзеге асуын қамтамасыз етті.    

Сараптама-тексеру комиссиясының 6 отырысы өткізілді; онда 139 мәселе қаралып, 26966 с.б. көлеміндегі басқармашылық құжаттар, 71 с.б. көлеміндегі ғылыми-техникалық құжаттама, 305 с.б./620 құжат, 7 зат көлеміндегі жеке тектік құжаттар  бекітілді, 2819 с.б. көлеміндегі жеке құрам бойынша құжаттар келісілді.

Әдістемелік комиссияның отырысы өткізілді.   

2017 жылғы 5 мамырда басқарма Павлодар қаласындағы «Достық үйі» ғимаратынын мәжіліс залында Павлодар қаласының әкімі Н.К. Әшімбетовтың қатысуымен «Боздақтар» кітабынының (5 том, 1000 дана) тұсаукесерін өткізді;

2017 жылғы 30 мамырда облыстық мемлекеттік архив Облыстық көркемсурет мұражайы ғимаратында ХХ ғасырдың 30-40 және 50 жылдардың басындағы жаппай саяси қуғын-сүргін туралы құжаттарды жинау, ғылыми сипаттау және қолдану бойынша облыстық мемлекеттік архивтің жұмысы туралы бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдерімен пресс-конференция өткізді және саяси қуғын-сүргнін құрбандарын еске алу күніне орай «Ешқашан да ұмытылмақ емес. Забвению не подлежит» фотоқұжаттық көрмесін ұйымдастырды.

Облыс архив мекемелерінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету  бойынша жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Облыстық архив мекемелерінің архив қоймаларындағы өртке қарсы режим өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамамалармен реттемеленді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу орталықтандыру, бірегейлендіру, толықтық және дәлділік принциптері негізінде іске асырылды. Құжаттардың мемлекеттік сақтауға түсуіне байланысты архив мекемелері негізгі және қосалқы есептік құжаттарды жүргізіп отырды.

Сақталудағы құжаттардың нақты болуын, олардың физикалық-химиялық жай-күйін тексеру және оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар атқарылды:

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттік сақтауға қабылданатын құжаттарды іріктеу сапасын арттыруға, сараптау-тексеру комиссиясы (СТК) қызметін жақсартуға, оның толықтыру көздері болып табылатын облыстың мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарының сараптау комиссияларымен өзара байланысын нығайтуға басты назар аударылды.

 Басқару, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, жеке тектік құжаттар, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттамаға ғылыми сипаттама жасалды.

Сараптау тексеру комиссиясымен (СТК) ықтималды және ықтималды емес жабдықталу көздері болып табылатын облыстық мекемелердің құжаттарына тізімдемелер бекітіліп, келісілді:

Облыстық мемлекеттік архивтер құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырды.

Ведомстволық архивтермен жұмыс құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу арқылы ұйымдастырылды.

Басқармашылық құжаттаманы, аудио, бейне, фоноқұжаттарды, ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын ведомстволық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындарды паспорттау бойынша кешенді жұмыстар аяқталды.

Облыс архив мекемелері облыс мекемелері мен кәсіпорындардағы іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері үшін, аудандардың ауылдық округ мамандары үшін іс жүргізу және құжаттаманы басқару, құжаттардың ғылыми-техникалық сараптамасын жасау мәселелері бойынша кеңес берді.

Архив қорларын ақпараттандыруды арттыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Есептік кезеңде облыстық мемлекеттік архивінің каталогтары жүйесінде 21 өтініш тіркелді.

Құжаттарды мақсатты тақырыптық әзірлеу жұмыстары жалғастырылды:

Облыстық мемлекеттік архиві келесі жұмыстарды жалғастырды:

Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихы бойынша анықтаманы дайындау;

«Жеңімпаздар» басылымының 2-шығарылымы жалғастырылды. 1470 анкета дайындалды.

Облыстық мемлекеттік архив № 760 Қазақстан журналисттер одағы Павлодар облыстық бөлімшесінің 1957-1963 жылдарды қамтитын қорын жетілдіру жұмысы жүргізілді.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және қолданушыларды ретроспективті архивтік ақпаратпен қанағаттандыру ақпараттық іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асты. Төменде көрсетілген іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақстандық отансүйгіштікті, жас буын өкілдерінде рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту Концепциясын, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» патриоттық жалпыұлттық идеясын   жүзеге асыру болып табылады.

Облыстық мемлекеттік архивтің ресми сайтын статистикалық ақпаратпен толықтыру жұмысы жалғастырылды.

Есеп беру кезеңінде облыстың архивтік мекемелері фотоқұжаттық көрме өткізді, оның ішінде облыстық мемлекеттік архив:

С . Торайғыров атындағы  облыстық кітапхананың фойесінде Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері форумында «Женщины в истории Павлодарского Прииртышья» фотоқұжаттық көрмесі;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығына, Павлодар облысы ардагерлер қозғалысының 35-жылдығына және Қазақстан Республикасы ардагерлер қозғалысының 30-жылдығына орай, «Соғыс күндері мен жаңғыру жылдары. Дни боев и созиданий» фотоқұжаттық көрмесі.

Екібастұз қаласының мемлекеттік архиві «Отарқа» қалалық газетінің 25-жылдығына орай «Страницы нашей истории».

Радиобағдарламалар және телебағдарламалар жарық көрді:

Басқарманың архивтік қызмет бөлімінің басшысы Б.М. Қарабаеваның «Қазақстан-Павлодар» және «Ирбис» телеарналарындағы жаңалықтар блогында Павлодар қаласындағы жеке тұрған ғимаратқа көшуге байланысты Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық архивіндегі құжаттарды сақтау үшін қалыпты жағдайлар жасау туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сұхбаты (4 сюжет);

Облыстық мемлекеттік архив басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанованың «31» телеарнасында облыстық мемлекеттік архив құжаттары бойынша «Алаш» партиясының қызметі және оның басшыларының бірі Қ. Бердалин туралы орыс тілідегі сұхбаты.

«Вспомним всех поименно» цикліндегі облыстық мемлекеттік архзивтің құжаттары негізінде әзірленген Ұлы Отан соғысына павлодарлықтардың қатысуы туралы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасына берген орыс тіліндегі 4 телебағдарлама;

Республикандық журналдарда, облыстық «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде, қалалық және аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.

Мүдделі ұйымдарға бастамашылық-ақпараттық құжаттар дайындалып, жіберілді.

Колледждер мен ЖОО-ның студенттері үшін экскурсиялар мен мектеп сабақтары өткізілді.

Архив ақпараттарын қолданушылардың сұрауларын қанағаттандыру тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрауларды орындау арқылы қанағаттандырылды.

Жыл ішінде мемлекеттік архивтердің деректік базасына және ақпараттық қорына зерттеушілер жүгінді.  

Тарихи-мәдени құжаттық мұраға деген қоғамдық қызығушылықтың өсуі 170 ақпараттық-танымдық іс-шараларды өткізу арқылы қанағаттандырылды.


66

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

Мұқашев Ораз Сәрсенғалиұлы – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Ораз Сәрсенғалиұлы  1963 жылғы, Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 1986 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетін «емдеу ісі»  мамандығы бойынша,  2016 жылы Инновациялық Еуразия университетін «экономика және бизнес» магистрі  мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей орталық қалалық ауруханасының хирургі болып бастады.

1996-1999 жылдар аралығында Павлодар қаласының № 2 қалалық ауруханасында жұмыс істеді.

2000-2007 жылдары – Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының дәрігері;

2007-2008 жылдары – Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің бас маманы, бөлім бастығы;

2008-2012 жылдары – Павлодар қаласының № 2 ауруханасының бас дәрігері;

2012 жылдан осы уақытқа дейін Павлодар облыстық  кардиохирургиялық орталығының директоры қызметін атқарды.

 

Оразалин Нұрлан Мұратханұлы – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Нұрлан Мұратханұлы 1961 жылғы 22 қарашада Шығыс Қазақстан облысында туылған.

Семей мемлекеттік медициналық институтын емдік іс мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

02.08.1985 ж.- 01.07.1986 ж.- Сұлтанов атындағы № 2 облыстық ауруханада интерн, интернатура;

01.07.1986 ж.- 01.06.1989 ж.- Павлодар медициналық училищесінде хирургия пәнінің штаттық оқытушысы;

06.06.1989 ж.- 08.08.1989 ж.- Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың емханасында дәрігер-эндоскопист;

08.08.1989 ж.- 17.03.1996 ж.- Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада дәрігер-уролог;

17.06.1996 ж.- 24.07.1998 ж.- Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада урология бөлімінің меңгерушісі;

27.07.1998 ж.- 11.06.1999 ж.- Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емдік жұмыстар жөніндегі орынбасары;

14.06.1999 ж.- 12.04.2004 ж.- Сұлтанов атындағы облыстық аурухана бас дәрігерінің емдік-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары;

12.04.2004 ж.- 21.07.2008 ж.- Павлодар қаласы «№2 қалалық ауруханасы» КҚМК-нің бас дәрігері;

22.08.2008 ж.- 22.01.2009 ж.- «Павлодар ауданының емханасы» КҚМК-нің дәрігер-урологы;

23.01.2009 ж.- 01.07.2009 ж.- Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емдік-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары;

22.12.2009 ж.- 01.10.2010ж.- «Сәтті фарм» ЖШС-нің бас директоры;

30.12.2010ж.- 05.07.2011 ж.- «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМҚК бас дәрігерінің міндетін атқарушы;

02.04.2012 ж.- 24.07.2013 ж.- емдік-профилактикалық жұмыс бөлімінің бас маманы, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі;

24.07.2013 ж.- 20.07.2016 ж.- «Павлодар қаласының ШЖҚ №3 емханасы» КМК-нің бас дәрігері;

21.07.2016 ж.- 10.10.2016ж.- «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бас маманы;

10.10.2016 ж. – Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Төлегенова Салтанат Шайкенқызы – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Шығыс -Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 1965 жылы дүниеге келді.

1982-1988 жж. Семей қаласының медициналық институтында емдеу факультетінде емдеуші -дәрігер мамандығына ие болды.

1991-2001 жж. Павлодар қаласының №3 емханасында дәрігер реаниматолог қызметін атқарды.

2001-2006 жж. №4 ДА КҚМК күндізгі стационардың дәрігер лауазымын атқарды.

2006-2010 жж. «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМҚК-ң уақытша еңбекке жарамсыздық сапартамасы бойынша бас дәрігердің орынбасарының қызметін атқарды.

2010-2011 жж. – «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің емдеу-алдын алу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің басшысы қызметіне ауыстырылды.

2016 жылғы 11 шілдеден бастап- Басқарма басшысының  орынбасары лауазымына тағайындалды.


134

Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодарда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына барды. Сапар барысында ол индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар түсті металлургия колледжінің жаңадан салынған Студенттер үйінде және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми бөлімі – «Margulan center» орталығында болды. Бұл орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ертіс өңірінен шыққан атақты билеуші Сұлтанбет Сұлтанның ордасы қалпына келтірілген.

Павлодар облысы еліміздегі ең ірі өндірістік орталықтардың бірі. Бүгінде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында өңірде 35 жоба жүзеге асырылуда. Оларға салынған инвестиция көлемі 1 трлн. теңгеден астам қаражатты құрайды. Сондай-ақ, облыстағы шағын және орта бизнеске де мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Аймақта өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылы 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Осындай тың бастамалардың арқасында тек биылдың өзінде Павлодар өңірінде 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барды. Мұнда қазірдің өзінде 6 инновациялық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы 6 өндіріс орны іске қосылмақ. Арнайы экономикалық аймақтағы заманауи өндіріс ошақтарының бірі «Гиссенхауз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қоспалы алюминий өнімдерін дайындайтын зауыт таяуда ғана алғашқы құймаларын шығарды. Мұнда сұйық алюминий Қазақстан электролиз зауытынан тікелей әкелінеді. Оған арнайы қоспалар қосу арқылы профиль, фольга, автомобиль дискілері сияқты халық кеңінен тұтынатын әртүрлі заттар жасауға мүмкіндік бар. Осы ретте кәсіпорын аумағында диск дайындайтын цехтың құрылысы туралы келісімнің жасалып қойылғанын атап өткен жөн. Атай айтқанда, зауытпен жұмыс істеуге Ресейдің автомобиль дисктерін өндіретін ірі компаниясы қызығушылық білдіріп отыр. Өйткені осы жоба бойынша бизнес-жоспар дайындаған ресейліктер қаржы мәселесін және тағы да басқа басымдықтарды ескеріп, мұндай цехты Қазақстанда салудың тиімді екеніне көз жеткізген. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «АгроХимПрогресс» зауыты да толығымен қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынған бұл кәсіпорында минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қоспалар, шегірткеге қарсы биологиялық дәрі-дәрмек және арамшөптерге қарсы қолданылатын глифосат-гербицид өндіріледі. Бүгінде кәсіпорын Қазақстан бойынша барлық сұраныстың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Жобаның жалпы құны – 3,2 млрд. теңге. Ал оның басты ерекшелігі ретінде жоғары экологиялық қауіпсіздік жағдайында жұмыс істеуін айтуға болады. Яғни, зауыттағы барлық цех зиянды қалдықтар мен химиялық буланудың 99,99 пайызын жоятын сулы-газды реакторлармен жабдықталған. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде іске қосылған кәсіпорындардың жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Павлодар өңірінің осыншалықты қарқынды дамуы Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі екеніне назар аударды.

Бұл жөнінде Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Елбасымыздың айрықша қамқорлығының арқасында Павлодар облысының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуында орасан зор өрлеу орын алуда. Тек индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша өңірде 35 ірі өнеркәсіп орны ашылып, оған 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тек кейінгі екі жылда облысқа 125 млрд. теңге қаржы жұмсалған. Мұндай қарқынды даму өңір тарихында бұрын-соңды болған емес. Облыста балабақша, мектеп мәселесі де біржолата шешілген. Халқымызға қазақ ғылымы мен әдебиетінің айтулы қайраткерлерін берген өңірде «Рухани жаңғыру» бойынша да көптеген жобалар жүзеге асуда. Павлодарлықтар Елбасының осы қамқорлығын бағалай білуі керек», – деді. Облыста өңірдегі өнеркәсіп орындарына маман даярлау ісі де жүйелі жолға қойылған. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары осы бағытта жұмыс істейтін Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттерімен арнайы кездесті. Мұнда металлургия саласы бойынша нарықта ерекше сұранысқа ие мамандықтар: токарь, слесарь, электрогазбен дәнекерлеуші, электромонтер, техник-металлург сияқты кәсіби мамандар даярлайды. Оқу бітіргеннен кейін түлектер «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл жұмыстар мемлекеттік бағдарлама аясында колледж бен аталған компаниялар арасындағы келісім бойынша жүргізіледі.

Колледж студенттерімен кездесу барысында Мұхтар Абрарұлы елімізде қолға алынған латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы сөз қозғады. «Біз латын қарпіне көшу арқылы ағылшын тіліне қарай интеграцияланамыз. Әлемдік өркениетке ұмтыламыз. Сондықтан бұл маңызды қадамның ағылшын тілін үйрену үшін де өте үлкен мәні бар», – деген партия Төрағасының Бірінші орынбасары латын әліпбиінің жастар үшін қиындық тудырмайтынына назар аударды. Өйткені, жас буын латын әріптерін интернет, ұялы телефон, компьютер сияқты заманауи технологияны қолдану кезінде кеңінен пайдаланады. Студенттердің сапалы білім алуы үшін биыл оқу корпусы жанынан құны 580 млн. теңге болатын Студенттер үйі салынды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша колледж бітірген 163 түлектің 97 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқанын да айрықша атап өткен жөн. Сонымен қатар, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы ғылыми бөлім – «Margulan center» орталығында болды.

Онда Мұхтар Құл-Мұхаммед «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Орталықта XVIII ғасырда Қазақ хандығының көрнекті мемлекет қайраткері болған Сұлтанбет сұлтанның ордасы қайта қалпына келтірілген. Бұл жұмыстар архивтерден табылған сұлтан ордасының түпнұсқа жобасы бойынша жүргізіліп, ағаштан салынғанын атап өткен жөн. Сұлтанбет сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезінде қалың қол бастаған қолбасшы, Ресей және Қытаймен арадағы мәселелердің оң шешілуіне тікелей қатысқан мәмілегер болған. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыру жөніндегі «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының жобалық кеңсесі орналасқан. Жаңадан ашылған кеңседе павлодарлық нұротандықтар мен өзге де сарапшылар бағдарламаның басым бағыттарын орындаудың тиімді жолдарын талқыламақ. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысында Елбасы бастамалары мен экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыру жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанына ерекше назар аударып, алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай еңбек етуге шақырды.


61