ДСҰ комитетінің 2017 жылы жариялаған хабарлама тізілімдемесі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13/09/2017 91

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау

Павлодар облысында 2017 жылы жұмыстан босатылғандардың орнына ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдерін сайлау туралы мәлімет

Р/с

№ 

Аудандар мен қалалардың атаулары Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары Әкімнің Т.А.Ә. Әкімнің лауазымынан босатылу себебі Өкілеттігі тоқтатылған күн Сайлау өткізілген күн Сайланған әкімнің Т.А.Ә. 
1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Веневцева-Лесовая Ольга Николаевна Өз еркі бойынша 01.08.2017    
2. Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі Бекмағамбетов Амангелді Оразбайұлы Өз еркі бойынша 01.08.2017    
3. Успен ауданы Тобылжан ауылы Наурызбаев Нуріден Раимбекұлы Өз еркі бойынша 03.08.2017    
4. Ертіс ауданы Луговой ауылы Белгібаев Қайыржан Қабайұлы Өз еркі бойынша 21.08.2017    
5. Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Елисеев Сергей Иванович Өз еркі бойынша 08.09.2017    

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы


100

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОР

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 106,2% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 491,5 млрд. теңгені және              2016 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 211,6 млрд. теңгені, немесе 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 83,6%-ды құрады. 2017 жылғы қаңтар-тамызға инвестиция жұмсаудың негізгі көздері меншікті қаражаттар болды, 134,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестиция көлемінің 63,7%-ын құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының көлемі 92,3 млрд. теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 114,4%.

Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 121,7 мың шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 143%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1129,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 105,7%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі – 111,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 104,3%,  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда  – 106,5%, суды жинау, өңдеу және бөлуде – 98,6%, кәріз  жүйесінде – 87%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату бойынша – 130,6% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді: 64,2% – өңдеу өнеркәсібіне, 16,2% – электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауға, 18,9% – кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға, 0,3% – суды жинау, өңдеу және бөлуге, 0,1% – кәріз жүйесіне және 0,3% – қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жаратуға.

2017 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 75 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 105,6% құрады, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша тиісінше 63,9 млрд. теңге және 106,5%, өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше  11,1 млрд. теңге және 100,6%.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы жүк айналымының көлемі 21,2 млрд. ткм, немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 104,9%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 96,4%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы бөлшек сауда көлемі 209,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 105,1%.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 256,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 96,3%.

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы Павлодар облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара саудасы
661,2 млн. АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 53,3%-ды құрады (облыстан 352,1 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), импорттың үлесі 46,7%-ды құрады  (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 309,1 млн. АҚШ долларына тең).

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 14311 бірлікті құрады, оның ішінде 13985 бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 10669 бірлікті құрады, оның ішіндегі шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) 10344 бірлікті құрады.

2017 жылғы 8 ай аралығындағы тұтыну бағаларының индексі 104,9%, азық-түлік тауарларының бағасы – 104,3%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 103,8%-ды, ақылы қызметтер – 106,6%-ды құрады.

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 41356 бірлікті немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,5% құрады, соның ішінен 8147 бірлігі – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 96 бірлігі – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 29850 бірлігі – жеке кәсіпкерлер, 3263 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары құрады.

2017 жылғы қаңтар-наурыздағы ШОК субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару
127,7 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,9% құрады.

2017 жылғы 1 сәуірге ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 126,3 мың адам немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,1% құрады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК СЕКТОР

2017 жылғы 1 тоқсандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы
73573 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,6%-ға кем көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыс 8,9%-ға кеміді.

2017 жылғы 2 тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 128,8 мың теңгені, немесе 2016 жылдың сәйкес тоқсанына 106,8%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 98,3% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 199,9 мың адам құрады.

2017 жылғы 2 тоқсанда жұмыс күшінің саны 420,3 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 71,3%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы тамыздың соңына 6,3 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,5% құрады.


38

Павлодар облысының қаржы басқармасы 2017 жылғы 21 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап (Астана уақыты) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады (Сату қағидасы).

Сату бойынша электрондық тендерге облыстық коммуналдық меншіктің келесі объектіcі шығарылады:

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 120, тел. 87182618748. Бастапқы баға – 557132000 теңге. Кепілдік жарна – 68070000 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • 3 жыл мерзімге кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау.

 

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару бойынша электрондық тендерге облыстық коммуналдық меншіктің келесі объектілері шығарылады:

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 1 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49, тел. 87182343138. Бастапқы баға – 224711000 теңге. Кепілдік жарна – 6741330 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;

сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі  ішінде:

  • кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау;
  • сенімгерлік басқару шартын жасасу алдындағы соңғы 3 жыл ішіндегі орта деңгейден төмен емес медициналық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерінің деңгейін қолдау;
  • ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін) көрсету, соның ішінде МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде;
  • емделушіні қолдау қызметінің және медициналық ұйымды ішкі бақылаудың болуын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы» Кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіз және сапалы медициналық   көмек алуына, медициналық көмектің қол жетімділігіне құқық теңдігін қамтамасыз ету  қажет;
  • ҚР азаматтары болып табылатын қызметкерлердің штаттық санының үштен екісінен кем емес қамтамасыз ету;
  • мәмілелер жасасуға шектеу қою (қайта сату, кепілдікке беру, басқаруға беру және басқалары) және/немесе белгілі бір уақыт ішінде объектіге қатысты белгілі бір                       іс-қимылға тыйым салу;

 

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 4/3 құрылысы, тел. 87182533700. Бастапқы баға – 347757000 теңге. Кепілдік жарна – 10432710 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;

сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі  ішінде:

  • кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау;
  • сенімгерлік басқару шартын жасасу алдындағы соңғы 3 жыл ішіндегі орта деңгейден төмен емес медициналық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерінің деңгейін қолдау;
  • ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін) көрсету, соның ішінде МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде;
  • емделушіні қолдау қызметінің және медициналық ұйымды ішкі бақылаудың болуын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы» Кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіз және сапалы медициналық   көмек алуына, медициналық көмектің қол жетімділігіне құқық теңдігін қамтамасыз ету  қажет;
  • ҚР азаматтары болып табылатын қызметкерлердің штаттық санының үштен екісінен кем емес қамтамасыз ету;
  • мәмілелер жасасуға шектеу қою (қайта сату, кепілдікке беру, басқаруға беру және басқалары) және/немесе белгілі бір уақыт ішінде объектіге қатысты белгілі бір                       іс-қимылға тыйым салу;
  • «Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 49 % мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 45, тел. 87182314230, 87182345678. Бастапқы баға – 389525 теңге. Кепілдік жарна – 11686 теңге.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;
  • кәсіпорынның қызмет бейінін сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі ішінде сақтау;

 

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың реквизитіне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16;

«Банк Астаны» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ914500339860000351; БСК: ASFBKZKA;

«Казкоммерцбанк» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX.

Төлемнің нысаны: Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Тендерге қатысу үшін мыналарды:

  • жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
  • заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
  • кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
  • байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

 

Жекешелендіру объектілерін сату:

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін Сату қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының электрондық цифрлық қолтанба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар:

  • тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;
  • сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тендер өткізу:

Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер немесе жабық тендер өтпеген деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

 

Сенімгерлік басқаруға беру:

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

  • тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы;
  • құжаттардың (“PDF” форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

“Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге жіберген тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.

Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      

Электрондық сауда-саттықтарды өткізу туралы косымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, № 322 каб. мекенжайында және келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (7182) 321324, 322298.

 

 


51

2017 жылғы 13 қыркүйектегі ахуал бойынша облыс әкімі аппаратындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат

р/с№ Лауазымның атауы Саны Ескерту
1 Аппарат басшысының орынбасары 1  
2 Агроөнеркәсіп кешенін мониторингілеу бөлімінің басшысы 1  
3 Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы 1  
4 Облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас инспекторы 1  
5 Индустриялық-инновациялық дамуды мониторингілеу бөлімінің бас маманы  1  
6 Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы (уақытша) 1  
7 Әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы 1  
  БАРЛЫҒЫ 7  

 


42

Павлодарда жаңа латын әліпбиін енгізу туралы қоғамдық тыңдау өтті

12 қыркүйекте Павлодарда мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу туралы қоғамдық тыңдау өтті.

Тыңдауға облыстық мәслихаттың төрағасы В.А. Берковский, облыстық «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.С. Теренченко, облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараның қатысушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөнінде құрылған Ұлттық комиссиясы жұмыс тобының ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте парламенттік тыңдауда айтылған ұсыныстарын талқылады.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша қоғамдық пікір көшбасшыларынан, қоғам өкілдерінен, аймағымыздағы ғылым мен мәдениет саласының қайраткерлерінен  ұсыныстар қабылданды.


55

Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Ардақ Татымбекұлы Райымбеков – «Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы.

1983 жылы туған 

2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі (неміс) мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Саясаттану магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Железин ауданының Захаровка мектебінде мұғалім болып бастады, кейін тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары болды.

2007 жылғы наурыздан 2010 жылғы мамырға дейін Железин ауданының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды.

2010 жылғы маусымнан 2011 жылғы мамырға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратында баспасөз қызметінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылғы маусымнан 2012 жылғы қыркүйекке дейін Качиры ауданының, кейін Ақсу қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімдерінің басшысы болып қызмет атқарды.

2012 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы тамызға дейін – Ақсу қаласының, Качиры ауданының әкімі аппаратының басшысы.

2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы маусымға дейін Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы 5 қыркүйекке дейн Павлодар облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Павлодар облысы әкімінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 211-ө өкімімен «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне) лауазымына тағайындалды.

 

Мейрманов Асылбек Бекболатович – «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы орынбасары

Мейрманов Асылбек Бекболатович 1981 жылы туған.

Білімі жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдады. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар (ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімі).

Еңбек жолын 2004 жылы студенттік филармонияда бастады.

2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2005-2007 жылдары аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

2007-2012 жылдары – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

2012 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының бөлім меңгерушісі;

2012 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Павлодар облысы мәдениет басқармасының мәдени сауық  қызметі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет етті. 

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазан айына дейн басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық музейінің  талдау және мониторинг секторының меңгерушісі.

2014 жылдың 21 қазанынан 2017 жылдың 21 маусымына дейін Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті  доцентінің міндетін атқарушы.

2017 жылдың 21 маусымынан Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы орынбасарының қызметін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.

 

Баширова Гульзира Каирбергеновна – «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1978 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласында туған.

2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

1999-2002 жылдары аралығында Павлодар ауданының әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту бөлімінің жетекші маманы болып қызмет етті.

2002-2005 жылдары – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ бас маманы.

2005-2007 жылдары – «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бас маманы

2007 жылдың  8 қазанынан  2009  жылдың 29 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қорғаныс, құқық қорғау жүйелерін, мемлекеттік органдарды дамыту департаменті қорғаныс кешені мен құқыққорғау жүйесін дамыту басқармасының қорғаныс кешені бөлімінің сарапшысы болып қызмет етті.

2009-2011 жылдары аралығында «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлім бастығы болып қызмет етті.

2011 жылдың 17 наурызынан бастап «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 21 сәуірінен Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.


164