Агроқала ашылмақ

6 қыркүйек күні Астанада Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан-Польша экономикалық форумы өтті. Аталмыш форумның жұмысына облыс әкімі Болат Бақауов бастаған Павлодар өңірінің делегациясы қатысты. 

Форум барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Бүкіл Польша шаруашылық палатасының шығыс ынтымақтастық комитетінің төрағасы Тадеуш Намедынски «Павлодар облысы аумағында «Агроқала» бағдарламасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойысты.

Аталмыш бағдарлама Павлодар облысының аумағында «Агроқала» инвестициялық паркін салу арқылы аграрлық секторды дамыту жағынан бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.

«Агроқала» кешенді бағдарламасының бірінші бағытының басымдықты бағыттары анықталды, олар: басқарушылық және кәсіптік-техникалық кадрларды дайындау, ашық жерлерде көкөніс өсірумен және бақ шаруашылығымен айналысу, көкөніс пен жеміс-жидекті сақтау, көкөніс пен жеміс-жидекті өңдеу, қаптамалар мен пластмасса бұйымдарын шығару.

Аймақтық ынтамақтастық жөніндегі тақырыптық сессияда «Инвестиялар тарту жөніндегі агенттік» ЖШС директорының орынбасары  Әнуар Мұқышев Павлодар өңірінің инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстыру бойынша баяндама оқыды.

 


08/09/2017 23