АЭА қорытындылары

2018 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 3 жаңа кәсіпорынды іске қосу арқылы инвестиция мөлшері 65 меллиард теңгеге дейін артып, өндіріс көлемі 72 миллиард теңгеге дейін жетті. АЭА-ның осындай нәтижелері туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың алдында айтылды. 

Жаңа жылдың қарсаңында аймақ басшысы 2018 жылдың нәтижелерімен танысу мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барып қайтты. АЭА басқарушы компанияның басшысы Айбек Тұрсынғалиев айтқандай, осы жылы арнайы аймақта мұнайлы-химиялық өнімдер өндірісі «RTF – PVL» ЖШС, алюмосиликатты микросфера өндірісі «Металлогамма» ЖШС және легирленген алюминий өндірісі «Leichtmetall KZ» ЖШС іске қосылды.

– Инвестициялар көлемі 50 миллиардтан 65 миллиардқа дейін артты, – деді ол. – Өндіріс көлемі де едәуір артты – біздің резиденттер 3,6 млрд теңге салып салымын жасап, 72 миллиард теңге көрсеткішіне жетті. 2019 жылы АЭА аумағында жаңа 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде: мазутты және мұнай өндірісінің басқа да ауыр қалдықтарын қайта өңдеуге арналған «Северхим» ЖШС және ыстық мырыш қаптамалары өндірісі «RossDorCom KZ» ЖШС.

Болат Бақауовқа айтылғандай, АЭА-да коммуникацияларды өткізу мен детальды жоспарлау жобасын құрумен айналысып жүр. Сонымен қатар арнайы аймақта болашақта әлеуетті инвесторлар орналаса алатын дайын өндірістік ғимараттарды салу жоспарланған.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев


02/01/2019 299