Алғашқы халықаралық конференция

11 тамыз күні сағат 10.00-де Павлодар қаласының Достық үйінде жедел медициналық жәрдемді дамыту жөнінде I Халықаралық конференция өтеді. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Франция, Ресей, Түркия, Украина, Латвия, Татарстан, Қырғызстан сынды шет елдерден делегаттар шақырылды.

Жедел жәрдем медициналық қызметкерлерінің алғашқы Халықаралық конференциясы Павлодар облысында жедел медициналық жәрдемнің ұйымдастырылғанына 80 жыл толуына арналып отыр.     

Павлодар жедел медициналық жәрдем станциясы 1937 жылы құрылып, Ленин көшесі, 57 мекенжайындағы шағын кабинетте  орналасқан болатын. Алғашқы «жедел жәрдем» қызметкері Круглов деген фельдшер болған. Ол шақыруларға ат арбамен барып жүрген екен.

2010 жылдан бастап «Облыстық жедел медициналық көмек станциясы» ШЖҚ КМК-ны медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы ұйымдастырушы Қанадан Ахметжанов басқарып келеді. 2016 жылғы қыркүйекте «Жедел жәрдем» кластері құрылып, Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы аудандық, сондай-ақ, Ақсу және Екібастұз қалаларының жедел жәрдем бөлімшелерімен, санитарлық авиация бөлімшесімен облыстық станцияның бірыңғай басшылығына біріктірілді. Бүгінгі таңда «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» Қазақстан Республикасындағы жедел жәрдем қызметінің үздік медициналық мекемелерінің бірі болып танылды.

Тұрғындарға уақтылы жету мақсатында «Жедел жәрдем» қызметі жаңа санитарлық автокөлікпен, заманауи медициналық аппаратурамен, бір рет пайдаланылатын құралдармен жарақталды. Медициналық көмек көрсетудің заманауи технологиялары тұрақты негізде енгізіліп отырады. Бүгінгі таңда 12 жаңа инновациялық жұмыс әдісі енгізілді, олардың ішінде соңғы енгізілгендері: қашықтан жұмыс істейтін ЭКГ, интерактивті оқыту; госпиталь деңгейінде телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану.

Аталмыш технологияларды қолдану аса керек кезде емделушілерге білікті жедел медициналық жәрдем көрсетіп, нәтижесінде негізгі көрсеткішті  90%-дан 98%-ға арттыруға мүмкіндік берді; науқасқа жететін уақыт 15 минуттан 12 минутқа дейін (қан айналымы жүйесі ауруларында 9 минутқа дейін) азайды; оқу орталығында 509 медициналық қызметкер және 270  парамедик (санитарлық автокөлік жүргізушілері мен Павлодар облысы ІІД ЖПҚ қызметкерлері) оқытылды; сәтті жан сақтау саны 57%-ға артты, фельдшерлік бригадалардың жүрек-қан тамырлары ауруларына диагнозды сапалы қоюы артты; ауыл тұрғындарына көрсетілетін жедел медициналық көмек сапасы артты.

2016 жылғы қарашадан Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына санитарлық авиация бөлімшесі қосылды. Бұл облыс тасжолдарында жол-көлік оқиғалары орын алған жерлерден және облыстың шалғай орналасқан ауылдарынан  адамдарды жедел тасымалдауға мүмкіндік береді. 2017 жылғы маусымда Екібастұз ауданында тікұшақ нашар жатқан науқастың үйінің дәл жанына қонып,  адам өмірін сақтау қалудың бірегей оқиғасы орын алған болатын.    

Конференцияда Қазақстан Республикасында жедел жәрдем ісін дамытудың бұдан былайғы бірыңғай страгетиясы мен тактикасы әзірленеді.

 


09/08/2017 84