Алюминий дискілерін өндіру – экспортқа арналған бірегей жоба

ҚР Мәжіліс Парламенті депутаттары Мейрам Пшембаев пен Артур Платонов Павлодар облысының АЭА аумағындағы алюминий дискілері өндірісіне барып қайтты.Алюминий дискілерін өндіру

«КиК Павлодар» ЖШС бөлімшесінің басшысы, инженер-металлург Мұрат Бейсековтің айтуынша, алдағы уақытта зауыт жыл сайын бір миллион дискіге дейін өндіруді жоспарлап отыр. – Біздің арнайы 2 бірлік техникамыз бар, олардың әрқайсысы жылына 480 мың дискіге дейін өндіре алады. Дайын тауарды Красноярск қаласына тегістеу мен бояу үшін жібереміз. Жуық арада АЭА аумағында дискілер өндірісінің толық циклін жөнге саламыз. Толық қуатпен жұмыс істеу үшін бізге жыл сайын 54 мың тонна алюминий қажет.

8 қаңтардан бастан сұйық металл жеткізіле бастайды. Бүгінгі күні өнеркәсіпте 20 адам жұмыс істейді, алдағы уақытта штат 50 адамға дейін ұлғаяды. Жұмыскерлердің орташа жалақы мөлшері – 120-130 мың теңге.

Мәжіліс депутаттары, өз кезегінде, өнеркәсіптің ел экономикасының дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Мейрам Пшембаевтың ойынша алюминий дискілерін өндіру экспортқа арналған бірегей жоба болып табылады. – Жергілікті кәсіпкерлер мен герман компаниясы бірігіп жұмыс істей бастады. Олар ішкі сұранысты қамтамасыз етумен қатар тауарды жақын және алыс шетелге экспорттауды жоспарлап отыр. Инвестицияларды тарту – Елбасы алдымызға қойған ең басты мақсаттардың бірі. Павлодардың осы бағытта жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы қалалардың бірі екенін нық сеніммен айта аламын.

Негізін қалаушысы «K&K» Ресей компаниясы болып табылатын «КиК Павлодар» ЖШС–де «қанатты металдан» жасалған жеңіл балқытылатын автокөлік дискілерінің өндірісі жолға қойылды. Жүзеге асырылуы 2020 жылға дейін жоспарланған жобаға салынатын инвестиция мөлшері – 6,7 миллиард теңге.

Алюминий дискілерін өндіру


05/01/2018 76