Ашық сөйлесу

Павлодар облысының әкімі 2018 жылдың қорытындылары бойынша пресс-конференция өткізді.

Аймақ басшысының өңірлік, қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-пен кездесуі Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында өтті. Облыс әкімі журналистерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бірден сұрақтарға жауап беруге көшті. 

Жалпы Болат Бақауовқа 30-дан астам сұрақ қойылды. Олар өндіріске, ауыл шаруашылығына, экологияға, спортқа, туризмге және басқа да салаларға қатысты болды. Сондай-ақ, әкім келесі жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары туралы айтып берді.

– Келесі жылға мақсатымыз – жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында үйлерді салуды жалғастыру, – деді аймақ басшысы. – Бүгінгі күні бұл ауданда 18 үй пайдалануға берілді, жақында тағы 2 көпқабатты үйді тапсыру жоспарланып отыр. Бұрынғы «Алюминстрой» орнында жалпы 45 көпқабатты үй пайда болады. Келесі жылы біз 10 көпқабатты үйді салып, 2020 жылы осы шағын аудандағы құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. «Достық» шағын ауданы туралы айтатын болсақ, оған инфрақұрылым өткізіліп, қазір үйлерді салу бойынша конкурстар ойнатылып жатыр.

Облыс әкімі мен журналистер арасындағы диалог 2 сағатқа созылды.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев


28/12/2018 105