Білімді жас  – ел ертеңі

2019 жылғы қаңтар айының 4-і мен 5-і аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

Облыстық пән олимпиадасына 3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 680 оқушысы қатысты.

Саны жағынан ең үлкен командалар: дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі (48 оқушы), Павлодар қ. құрама командасы (65). Аудандар арасында: Баянауыл ауданы (25) және Павлодар ауданы (20).

Ең көп қатысушы: ағылшын тілі пәнінде (70 оқушы), Қазақстан тарихы пәнінде (67 оқушы).

Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша  «Ең үздік олимпиадалық команда-2019» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды:

Жаратылыстану-математикалық бағыты: І орын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы; ІІ орын – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасы және ІІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасы.

Гуманитарлық бағыт: І орынОблыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының командасы, ІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі;  ІІІ орын – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен дарынды балаларға арналған №3 гимназия;

2 номинация бойынша:

«Ең үздік қалалық команда-2019» номинациясында – Павлодар қаласының құрама командасы.

«Ең үздік аудандық команда-2019» номинациясында Ертіс ауданының командасы марапатталды.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында  283 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын – 55, ІІ орын – 78, ІІІ орын – 150.

16 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.

 С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті 4, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 8 және Инновациялық Еуразия университеті 4 білім гранттарын табыс етті.


08/01/2019 82