Білімді жас – ел ертеңі

2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 56 облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

Облыстық пән олимпиадасына 3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 739 оқушысы қатысты. Саны жағынан ең үлкен командалар: дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі (68 оқушы), «Жас дарын» мамандандырылған мектебі (48), Павлодар қ. құрама командасы (65). Аудандар арасында: Павлодар ауданы (32) және Баянауыл ауданы (28).

Ең көп қатысушы: ағылшын тілі пәнінде (83 оқушы), Қазақстан тарихы пәнінде (71 оқушы) және биологияда (69 оқушы).

Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2018» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды:

Жаратылыстану-математикалық бағыты:

І орын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы; ІІ орын – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасы және ІІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасы.

Гуманитарлық бағыт:

І орын – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының командалары, ІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІІ орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназия;

4 номинация бойынша:

  • «Ең үздік қалалық команда-2018» номинациясында – Павлодар қаласының құрама командасы.
  • «Ең үздік аудандық команда-2018» номинациясында Железин ауданының командасы марапатталды.
  • «Ақыл жастан, асыл тастан» – Колодин Максим, Павлодар қаласының №34 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы.
  • «Олимпиаданың жаңа жұлдызы» – №3 гимназияның 7 сынып оқушылары Кадыркулова Алия және Дандыбаева Данель.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында 314 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын – 71, ІІ орын – 87, ІІІ орын – 156.

7 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті 3, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 2 және Инновациялық Еуразия университеті 2 білім гранттарын ұсынды.


09/01/2018 41