Облыс әкімінің тезистері

Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2017 жылғы 17 ақпандағы облыс халқы алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат

2016 жылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталды.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ  

2016 жылғы 9 ай ішінде номиналды тұлғалауда 93,6 млрд. теңгеге ұлғайған облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 1348,4 млрд. теңгені құрады. Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 4,3%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 1777,4 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 0,7%-ға (1764,7 мың теңге) жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 7-ші орында.

 

ӨНЕРКӘСІП

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1369,7 млрд. теңгені, НКИ – 101,3%-ды құрады.  

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 209,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2015 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 146,9%, оның ішінде: түсті металл кендерін өндіру – 519,7%, металл кендерін өндіру – 428,3%, көмір және лигнит өндіру – 97,3%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 905,2 млрд. теңгені, немесе 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға 98,2%-ды құрады.

Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын орындау есебінен келесі салаларда өндіріс көлемдерінің өсімі қамтамасыз етілді: металлургия өнеркәсібі – 103,6% (оның ішінде: қара металлургия – 102,7%, негізгі асыл және түсті металл өндірісі – 104,7%), дайын металл бұйымдарының өндірісі – 117,7%, жеңіл өнеркәсіп – 109,7%, тамақ өнімдері өндірісі – 102,5%, қағаз және қағаз өнімінің өндірісі – 122,6%, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 138,7%, жиһаз өндіру – 113,4%.

Заттай тұлғалауда өндірістің өсуі байқалуда: бензин – 1,2%, өңделмеген алюминий – 9,6%, жер балшық – 3,6%, тазартылмаған болат – 3,4%, жіксіз құбырлар – 12,4%-ға, ферроқорытпа – 0,6%-ға, хлор – 1,9%, каустикалық сода – 8,9%, тұз қышқылы – 13,8%, металл құрылымы – 17,9%, әр түрлі модификацияланған крандар – 23,1%.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 243,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 98,3%.

Облыстың электр станцияларымен сағатына 34,2 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2015 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 1,7%-ға төмен.

Жылу энергиясын өндіру 14,1 млн. Гкал құрады (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда – 103,6%).  

Сумен жабдықтау саласында 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 11,2 млрд. теңгені немесе 105,6%-ды құрады.

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 1,4 трлн. теңге инвестициялар көлемімен және 8744 жұмыс орнын құрумен 41 жоба іске асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері 465,6 млрд. теңгеге 14 жоба, соның ішінде 2016 жылы 22,4 млрд. теңге инвестиция көлемімен 9 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 524.

  1. Екібастұз қаласында жылыжай кешенін салу («Greenhou-seKZ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 3,2 млрд. теңге, жұмыс орны – 70, жобалық қуаттылығы – жылына 10 млн. дана раушан.
  2. Павлодар қаласында жылыжай кешенін салу («Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 1,8 млрд. теңге, жұмыс орны – 50, жобалық қуаттылығы – жылына 1600 тонна қызанақ.
  3. Май ауданында байытылған көмір қондырғысын салу («Директ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,75 млрд. теңге, жұмыс орны – 30, жобалық қуаттылығы – жылына 300 мың тонна байытылған көмір.
  4. Павлодар АЭА аумағында агрохимиялық өнім өндірісі («Агрохимпрогресс» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 3,3 млрд. теңге, жұмыс орны – 118, жобалық қуаттылығы – жылына 11,0 мың тонна химиялық зат.
  5. Қазақстан Республикасында теміржол осьтерін өндіру және доңғалақ жұптарын қалыптасыру бойынша зауыт («R.W.S. Wheelset» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 11,95 млрд. теңге, жұмыс орны – 200, қуатылығы – жылына 32 мың теміржол осьтер, 10 мың доңғалақ жұбы.
  6. Жоғары қысымды құбыр өндірісін жаңғырту («Агромир» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,05 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 4, жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың дана құбыр.
  7. Ұсақ-дана бетон бұйымдарын өндірудің бірінші кезеңін шығару («Грейтбрик» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,8 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 5, жобалық қуаттылығы – жылына 13 млн. ұсақ-дана бетон бұйымы.
  8. Брикеттелген құрғақ жанармай шығару бойынша өндіріс құру («УБУНТУ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,2 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 35, жобалық қуаттылығы – жылына 28,1 млн. брикеттел-ген көмір.
  9. Құрғақ сублимирлы бие сүтін өндіру («FRESHMILK» компаниясы ПТФ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,35 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 12, жобалық қуаттылығы – жылына 7,5 млн. құрғақ сублимирлы бие сүті.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде Индустрияландыру карта және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы жобаларының үлесі өнеркәсіптік өндіріс жалпы көлемі 27,5%-ды құрады (ҚР -12,1%), өңдеу өнеркәсібінде – 28,2% (ҚР -18,4%). 

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2016 жылға арналған жол картасы іске асырылды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 435,3 млрд. теңгені құрады.

Салым құрылымында едәуір үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 52,3% немесе 227,5 млрд. теңге.

Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 57,5%, немесе 250,4 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 1-орында.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе» принципі бойынша қолданыстағы инвесторлар-ды сүйемелдеу мақсатында Инвестициялар тарту агенттігі құрылды, облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік ғылыми-технологиялық орталық жұмыс істейді.

Қараша айында Павлодар қаласында «Eртіс Инвест-2015» үшінші халықаралық инвестициялық форумы өткізілді, оның шеңберінде 317 млрд. теңгеден астам сомаға 31 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

 

«ПАВЛОДАР» АЭА

«Павлодар» АЭА 27 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2016 жылы тіркелген 2 жаңа қатысушы: «Металлогамма» ЖШС (алюминий силикат микросферасы өндірісі) және «Giessenhaus» ЖШС (қоспалы алюминий өндірісі).

«Павлодар» АЭА аймағында барлығы инвестициялардың жал-пы көлемі 43 млрд. астам теңгеге 5 кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде 2016 жылы іске қосылған – «Агрохимпрогресс» ЖШС (агрохимия-лық өнім өндірісі). 2016 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы кәсіпорындар сомасы 8,1 млрд. теңгеге өнім шығарды (2015 жылы – 3,6 млрд. теңге).

 

КӘСІПКЕРЛІК  

2017 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 44,0 мың бірлікті құрады.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 3,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1,1 млрд. теңге  

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы 121,2 млрд. теңгеге 1475 жоба мақұлданды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде Бағдарламаның 397 қатысушысына 1098,1 млн. теңге шағын кредит берілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқытудан Бағдарламаның 252 қатысушысы өтті.

 

ТУРИЗМ 

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық.

97 туристік орналастыру объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 58 қонақ үй және 39 орналастырудың басқа орындары (демалыс үйлер, хостелдер), 29 туристік маршруттар тіркелді.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалу шеңберінде облыс тұрғындарының объектілерге келуін ұйымдастыру, волонтерлерді дайындау бойынша жұмыс, ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізілді.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен меморандумға қол қойылды, 5 туристік маршрут әзірленді («Павлодар – Ертістегі қала»; «Баянауыл аңыздары – 1» (біркүндік); «Баянауыл аңыздары – 2» (екікүндік); «Шалдай қарағай орманына саяхат» (Шарбақты ауданы); «Павлодар Ертіс өңірі» (Лебяжі ауданында «Тотал Сервис» демалыс базасына бару).

Туристер үшін тегін жедел желі іске қосылды: +7(7182) 777333. Павлодар қаласының Marwin/Meloman дүкендер желісінде, Қазпошта бөлімдерінде (Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары) және «Саят Павлодар» ЖШС (Павлодар қ.) офисінде ЭКСПО – 2017 билеттерін сату ұйымдастырылды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 171,1 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 105,3%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1231,6 мың гектарды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 86,6 мың гектарға ұлғайды. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.

405,2 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 46,6%-ын құрады.

Облыста 41,5 мың га суарылатын жер пайдаланылады, оның ішінде 2016 жылы 3,6 мың га енгізілді. 296 га ауданда жерді тамшылатып және себелеп суару қолданылады. Бұдан басқа, облыста жаңбырлы машинаның 368 бірлігі қолданылады.  

Пысықтағаннан кейін орташа өнімділік салмақта – 10,3 ц/га болған кезде дәнді-дақылдарды жалпы жинау – 679,2 мың тоннаны құрады.

398,9 мың тонна картоп (орташа егін шығымы – 256 ц/га), 208,8 мың тонна көкөніс (329 ц/га), 62,7 мың тонна бақша дақылдары (268 ц/га), 112,9 мың тонна майлы дақылдар (5,9 ц/га) жиналды.

Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 10 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 290,0 мың тонна сыйымдылығымен 115 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

Облыс бойынша 1545,5 мың га (106%) шабындық жерлер шабылды, 1004,3 мың тонна (112%) шөп дайындалды, 768 мың тонна (77%) қыстау орындарына әкелінді.

103,0 мың тонна (249%) – пішендеме, 246,0 мың тонна (221%) сүрлем, 209,9 мың тонна (101%) сабан дайындалды.

2017 жылғы астықта шаруашылық жүргізуші субъектілер 128,1 мың тонна немесе жоспарлы қажеттіліктен 117,0% жаздық егістің ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын септі.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 8,1 млрд. теңге сомаға ауыл шаруашылық техникасының 508 бірлігін сатып алды.

Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 85,0 мың тонна тірідей салмақтағы ет (98,9%), 363,5 мың тонна сүт (101,2%), 138,2 млн. дана жұмыртқа (99,4%) өндірілді.

ІҚМ басының саны 380,3 мың басты (2015 жылға қарағанда 98,7%), қой – 481,3 мың басты (96,9%), ешкі – 65,9 мың басты (95,6%), жылқы – 131,5 мың басты (97,8%), шошқа – 60,3 мың басты (96,8%), құс – 1230,3 мың басты (135,6%) құрады.

2016 жылы «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 4150 бас ІҚМ (2016 жылғы жоспарға қарағанда 103,7%), 3728 бас қой (186,4%), 1259 бас жылқы (122,8%) сатып алуға кредит берілді.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 1354 тонна ет өнімі экспортталды. Селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізілуде, 2016 жылы симментал тұқымы және герефорд асыл тұқымды ұрғашы ІҚМ басының 603 басы әкелінді.

Отарлы учаскелерге жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша 2016 жылы 37 ұңғыма бұрғыланды.

204 дайындау пункті және 299 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2016 жылы облыс бойынша 36 қайта өңдеу объектісі іске қосылды, оның ішінен 22-сі – жаңа өндірістер.

Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен 80%-ға қамтамасыз етілген (ұн, жармалар, макарон өнімдері, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы).

2016 жылдың қорытындысы бойынша салада 13,8 млрд. теңге сомаға 40 инвестициялық жоба іске асырылды, 590 жұмыс орны құрылды.

Едәуір ірі жобалар: Павлодар мен Екібастұз қалаларында 2 жы-лыжай кешені, Павлодар қаласының Жетекші ауылында қуаттылығы жылына 62 млн. жұмыртқаны құрайтын құс фабрикасы («Павлодарқұс» ЖШС), Ақсу қаласы ауылдық аймағының Үштерек ауылында 600 мал басына арналған сүт-тауар фермасы («Үштерек және К» ЖШС).

Тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын дамытуға салынған инвес-тициялар көлемі 15,4 млрд. теңгені құрады (207,2%), азық-түлік тағам-дарын өндіру – 1,8 млрд. теңге (174,8%).

2016 жылы 24-25 қыркүйекте Астана қаласында Павлодар облысының қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы құрылымдарының 100 кәсіпорнының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 200 млн. астам теңге сомаға өнім сатылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2016 жылы облыста 42 ауылдық тұтынушылар кооперативі құрылды, онда 3-тен 40-қа дейін жеке және заңды тұлға біріктірілді.

 

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде 2030,7 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 81,3%), соның ішінде экспорт – 1014,2 млн. АҚШ доллары (90,4%), импорт – 1016,5 млн. АҚШ доллары (73,8%). Сауда теңгерімінің сальдосы теріс болып қалыптасты және 2,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыстың үлес салмағы республиканың жалпы тауар айналымы көлемінде 3,7% құрады.

Химиялық өнімнің – 5,2%-ға, құрылыс материалдарының – 19,6%-ға, ағаштың, орман материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйым-дарының – 19,4%-ға, минералды өнімдердің 15,5%-ға импортының өскені байқалады.

Минералды өнімдер (7,4%-ға) және металлургия (12,3%-ға) тауарларының негізгі топтары бойынша экспорттың қысқарғаны байқалады.

Сонымен бірге, тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттық жеткізу 14,5%-ға, құрылыс саласы – 15,1%-ға, машина жасау – 2,7 есеге, ағашты, орман материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйымдарын – 15,5 есеге өскені байқалады.

Павлодар облысы дүние жүзінің 80 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1020,1 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 85,3%), соның ішінде экспорт – 568,2 млн. АҚШ долл., импорт – 451,9 млн. АҚШ долл.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңір ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша көш бастаған төрттікке кірді, бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша облыс Қарағанды облысынан кейін 2-орынды иемденді.

 

САУДА

Облыстың сауда желісі бөлшек сауданың 4654 объектісімен ұсынылған. 4400 сауда орны бар 33 рынок жұмыс істейді. 2016 жылы облыс бойынша 45 жаңа дүкен және Екібастұз қаласында 167 сауда орнына арналған «Халық базары» рыногі ашылды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бөлшек сауда айналымы 305,0 млрд. теңгені құрады, тауарларды өткізу 1,4%-ға артты.

Облыста заманауи сауда форматтарына көшу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданы 2 мың шаршы метрден асатын және «бөлшек сауда» қызмет түрімен 10 ірі дүкен жұмыс жасайды.  

Қолма-қол ақша төлемей есеп айырысатын дүкендер саны артып келеді. 2016 жыл ішінде POS-терминалдары бар сауда кәсіпорында-рының саны 790 бірлікке ұлғайды және 3731 объектіні құрады.  

 

ИНФЛЯЦИЯ

Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында облыста 2016 жылға арналған Іс-шаралар жоспары іске асырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 108,3%-ды құрады (ҚР – 108,5%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 9,5%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 9,3%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 6,1%-ға өсті.

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізінен барлық тауарлық топтар бойынша (33-тен 32) республикалық орташа деңгейден төмен болып сақталуда.

2017 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, күнбағыс майының, қарақұмық жармасының, картоптың, қызылшаның, сәбіздің, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді.

259 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтан-дыру мақсатында 2016 жыл ішінде 634 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 1630,6 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

БАЙЛАНЫС

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 12,9 млрд. теңгені құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 98,0%). Облыста барлық елді мекендер телефондандырылды (401), оның ішінен 368-і Интернет желісіне шығумен қамтамасыз етілді.

2016 жылы облыстың Баянауыл, Лебяжі, Май, Павлодар, Шарбақты аудандарының 15 ауылында «Қазақтелеком» АҚ жалпы қашықтығы 275 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желісін салды, ауыл тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернетті және ID-TV интерактивті теледидарын қолдануға мүмкіндік берді.

287 елді мекен (72%) ұялы байланыс сигналын тұрақты қабылдау аймағында, 73 елді мекен (18%) сигналды тұрақсыз қабылдау аймағында орналасқан, ал 41 елді мекенде (10%) ұялы байланыс жоқ.

«Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының өндірістік объектілер желісі 184 құрылымдық бөлімшемен ұсынылған. 2016 жылы 6 пошта байланысы объектісі жаңартылды (Павлодар, Ақсу қалаларында, Май, Ертіс, Лебяжі, Качир аудандарында).

Әлеуметтік жобалар іске асырылды: Павлодар қаласында 6 постамат орнатылды, 13 пошта байланысы объектісінде электрондық кезек енгізілді, облыстың пошта таратушылары үшін 154 бірлік велосипед және формалық киім сатып алынды.

 

КӨЛІК

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста жүкті көлікпен тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 133,0 млн. тоннаны құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 103,5%), жүк айналымы – 32,8 млрд. ткм (103,1%). 1,25 млрд. жолаушы тасымалданды (100,3%), жолаушы айналымы 5,0%-ға өсті.

Облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 7 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 7 пункті).

63 ішкі облыстық, 55 қалалық және 29 ішкі аудандық бағыттан тұратын жолаушылардың сапар желісі жұмыс істейді. Сонымен қоса, 14 облысаралық және 12 халықаралық бағыт қызмет көрсетеді.

2016 жылы ішкі аудандық әлеуметтік маңызы бар 29 бағытты субсидиялауға облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 34,1 млн. теңге бөлінді.

Тұтас алғанда, облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Астана – Ерейментау – Шідерті» бағыты бойынша автожолдың бір шеті бойындағы қашықтығы 36 км учаскені реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, «Қызылорда – Павлодар – Успен – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолының бір шеті бойындағы қашықтығы 56 км учаскені реконструкциялау аяқталды.

2016 жылы облыс автожолдарын және елді мекендердің көшелерін реконструкциялауға, күрделі, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға барлық деңгейдегі бюджеттерден 6,2 млрд. теңге бағытталды.

Жалпы қашықтығы 94,8 км облыстық маңызы бар автомобиль жолының 9 учаскесін орташа жөндеу бойынша, жалпы қашықтығы 83,8 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендер-дің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша аудандық маңызы бар 8 км автомобиль жолы орташа жөнделді, сондай-ақ елді мекендердің көшелеріне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерінің қаражаты есебінен аудандық маңызы бар жалпы қашықтығы 9,6 км автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Жалпы алғанда, жергілікті маңызы бар жолдардың 196,2 км қашықтығында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. 2016 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 77%-ды немесе 3026 км құрады (жалпы қашықтығы – 3929,9 км).

 

ҚҰРЫЛЫС

2016 қаңтар-желтоқсан ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 168,1 млрд. теңгені құрады.

2016 жылы облыста 1081 объект пайдалануға енгізілді, оның ішінен 586-сы – жаңа ғимарат.

2016 жылы желтоқсанда «Орталық-Шығыс» республикалық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылатын, қашықтығы 12,3 км болатын, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір ашылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 184,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы деңгейден 12,1%-ға артық (оның ішінен: коммерциялық тұрғын үй – 37,0 мың ш.м., ЖТҚ – 79,0 мың ш.м., «ИО «КИК» АҚ желісі арқылы тұрғын үй – 20,5 мың ш.м., кредитке берілетін тұрғын үй – 6,0 мың ш.м., жалға берілетін – 39,2 мың ш.м.).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 6,0 мың ш.м. кредитке берілетін тұрғын үй іске қосылды.

«ИО «КИК» АҚ желісі арқылы тұрғын үй салу бойынша Академик Сәтбаев-Теплов көшесі бойында жалпы ауданы 20,5 мың ш.м. 270 пәтерлік екі 9 қабатты тұрғын үй іске қосылды.

Коммерциялық тұрғын үй құрылысы шеңберінде жалпы ауданы 33,8 мың ш.м. 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке құрылыс салушылар 79,0 мың ш.м. пайдалануға енгізді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 12 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 16,0 млрд. теңгені құрады (2015 жылға қарағанда 129,2%), оның ішінен 49,9% – бюджет қаражаты, 36,2% – құрылыс салушылардың меншікті қаражаты, 13,9% – басқа қарыз қаражаты.

Облыс әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін түсімдер есебінен 2016 жылы облыс қалаларында 5 кредитке берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды.

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін жаңғыртуға 5,0 млрд. теңге бағытталды.

59,2 км желіні жаңғырту бойынша барлығы 7 жоба іске асырылды, соның ішінде: 28,7 км – жылумен жабдықтау, 24,1 км – сумен қамтамасыз ету, 6,4 км – су бұру жүйесі.

Орындалған іс-шаралар нәтижесінде облыс бойынша 60%-дан аса орташа-табиғи тозған желілердің ұзындығы кеміді:

– жылумен жабдықтау бойынша – 3,3%-ға және 553 км құрады (жалпы ұзындықтан 60,4%);

– сумен қамтамасыз ету бойынша – 1,8%-ға және 761,4 км құрады (жалпы ұзындықтан 61,2%);

– су бұру бойынша – 0,7%-ға және 536,8 км құрады (жалпы ұзындықтан 59%).

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 2016 жылы Павлодар қаласында екі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді, нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 33%-дан 30%-ға дейін төмендеді.

2016 жыл ішінде көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы үйдің жылу энергиясын есепке алатын 676 құрал орнатылды. Қосымша орнатуға қажетті құрал саны 1243 бірлікті құрайды.

 

АБАТТАНДЫРУ

Облыс тұрғындары бұқаралық демалатын жаңа көркейтілген және реконструкцияланған орындарды құру мақсатында 2016 жылы Павлодар қаласында Володарский көшесіндегі «Ғашықтар бағы» мен бульвар күрделі жөндеуден өткізілді, гүлзарлар отырғызылды және «Қаз қонақ» аумағы тазартылды.

Ворушин көшесі бойындағы саябақты күрделі жөндеу және Ертіс өзенінің Жағажайын Лермонтов көшесінен «Қазтрансойл» ғимаратына дейін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

Тұтас алғанда, 2016 жылы облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитариялық күтіп-ұстау бойынша іс-шараларды жүргізуге барлық деңгейдегі бюджеттерден 6,0 млрд. теңге бөлінді.

Облыс қалалары мен аудандарындағы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 255 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайғастыру, 709 шағын сәулет формаларын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 78 спорт алаңы орнатылды.

89,7 шақырым жолдарды күрделі және орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу (шұңқырлы) – 279,2 мың шаршы метр және 1,5 мың шақырым жолдарды профильдеу бойынша жұмыстар орындалды.

103 алаң ішілік аумақтар жайғастырылды. 17,5 мың п.м. көше қоршаулары орнатылды және жөнделді, қоғамдық көліктердің 325 аялдамасы жайғастырылып, жөнделді, дала жарықтандырудың 18,4 мың шақырым желілері қайта қалпына келтірілді, 3457 шамдал орнатылды және жөнделді. Елді мекендерді көгалдандыру және жайғастыру бойынша іс-шаралар шеңберінде 11 сквер мен саябақты жайғастыру және 269 ұстау орындалды, 51,3 мың ағашты отырғызу жүргізілді (соның ішінен -51,2 мы ағаш бюджеттен тыс қаражат есебінен). 59,5 мың шаршы м гүлзарларды және 43,4 мың шаршы м көгал алаңдарды орнату орындалды.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қолдау үшін 221 санкцияланбаған қоқыстарды жоюмен аумақты тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Кешенді жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша бәсекеге қабылетті ортаға 14 ұйым берілді, соның ішінде:

  • жалпы сомасы 41,7 млн.теңгеге «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ 3 ұйымы («Wind Energy Pavlodar» ЖШС; «Павлодар» брокерлер компаниясы» ЖШС; «Павлодаршина» ЖШС);
  • 462,7 млн.теңге сомаға 9 ұйым сатылды («Павлодар Геокарта» ЖШС, «Павлодарлифт» ЖШС, «Горкомхоз-Аксу» ЖШС, МПФ «Өрлеу» ЖШС, «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС, «Ана тілі орталығы» ЖШС, «Павлодарградкадастр» ЖШС, «Екібастұз қаласының муниципальлі нарығы» ЖШС, Екібастұз қаласы әкімдігінің «Спортсервис» КМҚК);
  • 2016 жылғы маусымда Качир ауданы әкімдігінің «Өркендеу» ЖШС кәсіпорны 3 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді;
  • Шарбақты ауданының «Ланта» ЖШС кәсіпорны жойылды (2016 жылғы 10 тамызда).

Жекешелендіру үдерісі ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық БАҚ 220 материал орнатылды, соның ішінен: 86-сі – баспасөз БАҚ-тарда, 134-і – электрондық БАҚ-тарда. Сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар баспасөз БАҚ-тарда және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды.

 

ЗАҢДАСТЫРУ

Заңдастыру науқаны басталғалы бері (2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсан аралығында) Павлодар облысы бойынша 6560,4 млн. теңге сомаға жылжымайтын мүліктің 4918 нысанын заңдастыруға 1982 өтініш қабылданды.

5810,9 млн. теңгеге 4491 нысан заңдастырылды, оның ішінен 1219 тұрғын үй нысаны, 3272 – тұрғынжай емес нысан.

Комиссиялар 749,5 млн. теңге сомаға 238 өтінішті қайтарды.

Облыс бойынша заңдастырылған нысандардың орташа құны 1293,9 мың теңгені құрды: тұрғын үй нысаны бойынша – 1568,7 мың теңге, ал тұрғын жай емес нысан – 1191,5 мың теңге.

Әділет органдарында 4489 нысан мемлекеттік тіркеуден өтті, бұл заңдастырылған объектілердің жалпы санынан 99,96% құрайды.

Облыста Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналас-қан жалпы құны 25,9 млн.теңгеге 17 нысан көлемінде мүлік заңдасты-рылды.

Екінші деңгейдегі банктерде Павлодар облысы бойынша 19,9 млрд.теңге енгізілген 122 ағымдағы счеттар ашылды (республика бойынша 12 орын).

Облыс бюджетіне күтілетін салық төлемдері 13,5 млн,теңге тәртібін құрайды.

Заңдастырудың өту барысын ақпараттық ілгерілету және хабарландыру мақсатында облыс бойынша 62665 іс-шара өткізілді, оның ішінде баспасөз БАҚ-тарында 1401 мақала жарияланды, 1425 «дөңгелек үстел», семинарлар, брифингтер, кеңестер өткізілді, облыс бойынша 106 билборд және т.б. орналастырылды.

 

БЮДЖЕТ

2015 жылы мемлекеттік бюджетке 237,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2016 жылғы жоспарға қарағанда 113,3%, республикалық бюджетке 145,9 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 120,9%), жергілікті бюджетке – 91,5 млрд. теңге (103%) қаражат аударылды. Төлемдердің 2015 жылмен салыстырғанда артуы 72,7 млрд.теңгені құрады.

Облыс бюджетінің шығындары 164,9 млрд.теңгеге немесе 99,2%-ға атқарылды, игерілмегені – 1,25 млрд.теңге.

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 60,5 млрд.теңгеге игерілді (61,2 млрд.теңге бөлінді) немесе 98,7%.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Облыста 78 ауыл (19,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 81 ауыл – кешенді блок модулі қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 225 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 10 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.

2016 жылы іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 672,7 млн. теңге бөлінді (100% игерілді). 45 ауылдық елді мекенде жерасты суларының қоры бекітілді және тағы 2 ауылда жерасты суларының қорын қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

2016 жылы облыстағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету бойынша 3 жобаны іске асыру бойынша жұмысар басталды: Павлодар қаласының Ленинский кентінде сумен жабдықтау желісін салу; Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында су құбырлары желілерін салу; Успен ауданының Константиновка ауылында су құбырларының сыртқы желілерін салу.

Ертіс ауданының 12 ауылын қамтитын 1 кезекті Беловод топтық су құбырын қайта құру бойынша жұмыстар аяқталды..

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2016 жылы 14 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджет қаражатынан 123,3 млн. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 8,6 млрд. теңге сомаға табиғат қорғау іс-шараларын орындады.

Атмосфераға шығарылатын ластайтын заттар 8,4%-ға қысқарды (568,3 мың тонна).

Облыста Қоршаған орта аясының жай-күйін мониторингілеу бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жалғасуда. Шығарылатын тастандылары өзгеше 10 өнеркәсіптік объектінің санитариялық-қорғау аймақтарының шекарасындағы сынамаларды іріктеу бойынша жұмыстар атқарылды («Қазақстан Алюминийі», «ҚЭЗ», «ҚА» ТЭЦ-1, «Павлодарэнерго» ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3, «ПМХЗ», «Каустик», АФЗ, «ЕЭК», «KSP Steel»).

Қоршаған ортаның сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін облыста Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілді.

Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы шеңберінде Экологиялық технологиялар жөніндегі құзірет орталығы жұмыс істейді. 2016 жылғы 4 қазанда Орталық және «ЕЭК» арасында «ЕЭК» АҚ электр станциясының қождарын кешенді қолдану бойынша техникалық-экономикалық есеп беру орындау бойынша қызметтерді көрстеуге өзара ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Бұдан бөлек, ЕЭК АҚ кәсіпорындарында шығатын газдарды электронды-сәулелі тазартуды енгізу бойынша коммерциялық ұсыныс дайындалу сатысында.

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында сынапты мониторинг іске асырылды. Іріктелген 268 үлгінің талдамасы нәтижесі бойынша экологиялық күй-жағдай тұрақты орнықты болық сипатталады.

Ертіс өзеніне көктемде жіберілетін суға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. 2015 жылы арнаға 7 текше шақырым су ығыстырылды және жайылма алқаптың 83,5%-ына немесе 282,8 мың гектарына су жайылды.

Бұған қоса, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді. 100 млн. текше метр су ығыстырылды, 20,5 мыңнан аса гектар алқапқа су жайылды.

2016 жылы «қайнар көзден Алға ауылына дейін Тюлька өзенінің ағынын қайта құру» жобасы бойынша арнаның бойынан суға батқан бөренені жинау бойынша жұмыстар жүргізілді, су шаю кемерін орнату (мердігер – «Павлодар өзен порты» АҚ).

Торайғыр көліне 70,0 мың дана көлемінде тұқылардың тұқымдарын жіберу жүргізілді.

Облыс аумағында жалпы ауданы 1310 гектар қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) орналастырудың 345 нысанын орналасқан. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері ҚТҚ қоқыс тастайтын жерлерге арналған 81% нысан рәсімделді. ҚТҚ жекеше жинау, іріктеу, жою және қайта өңдеу бойынша, Павлодар облысы бойынша 2020 жылға дейін қалдықтармен жұмыс жасау саласында арнайы кәсіпорындармен жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынастарын енгізу бойынша Жол картасы әзірленді.

2016 жылы жер қойнауын пайдалану құқықығына 10 мақұлдау берілді, соның ішінен: 7 мақұлдау жалпыға таралған пайдалы қазбаларды шығаруға және 3мақұлдау іздестіру-барлауға.

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 127,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 89,7 мың гектары – орманмен жамылған.

2015 жылы 7 гектар ауданда қарағай және қайың тұқымды ағаш түрлері егілді.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Облыс жерлерінің жалпы ауданы 12,5 млн.гектарды құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5,5 млн. га.

2016 жылы 674,1 мың.га ауыл шаруашылығы пайдалынбайтын жерлер анықталды, соның ішінен: мемлекеттік меншікке қайтарылғаны – 255,1 мың га, пайдалануға көшкендерінің ауданы 100 мың га, бір түрден екінші түрге берілді – 13,8 мың га. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдаланылмайтын жерлердің ауданы 305,2 мың га.

Мемлекеттік меншікке 248 жер телімдері қайтарылды, жалпы ауданы 77,4 мың га жер телімі жерді пайдаланушылардың қолданудан өз еркімен бас тартуы жолымен қайтарылды.

2018,3 мың га пайдаланылмайтын жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, бұл 2015 жылғы деңгейден 21% -ға артық.

2016 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 530,7 мың га ауыл шаруашылығы жерлері тартылды, соның ішінен: конкурстық негізде – 305,8 мың га, конкурстан тыс – 224,9 мың га.

Жалпы ауданы 69,7 га жалпы ауданында 147 телімді уақытша жерді пайдалануға сату бойынша 13 аукцион өткізілді.

958 мың га ауданында 399 ауыл шаруашылық қалыптастырулар ішкі шаруашылық жерді орналастыру жобаларына ие, соның ішінде егіншілік ауыспалы егістіктермен – 838,2 мың га ауданында, бұл қолда бар айдалған жерлердің 60% құрайды.

125 жерді пайдаланушылар жалпы соммасы 13,8 млн.теңгеге жоғары ставкалар бойынша жер салығын төлеуге тартылды.

2016 жылы бұқаралық ақпараттық құралдарында және телеарналарда жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында (2016 жылғы 5 мамырдан 27 қыркүйегіне дейін) «горячие линии Call – center» жұмыс жасады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2016 жылы ішінде 7539 аз қамтылған отбасыға 107,8 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 1344 отбасыға 53,9 млн. теңге сомаға балалар жәрдемақысы төленді.

597 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 16 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

1887 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 728 түлегі жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасты.

29 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға жалпы сомасы 11,2 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен аз қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқанды талап ететін шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша отбасыны белсендірудің әлеуметтік келісім-шартын 144 отбасы жасасты (702 адам), оларға жалпы сомасы 22,6 млн. теңгеге ақшалай көмек тағайындалды.

2016 жылы мүгедектерді қалпына келтіруге 225 млн.теңге бағытталды. Жұмыспен қамту шараларымен 739 мүгедек қамтылды, соның ішінде 13 мүгедек шағын несиелер алды.

Облыста арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің 9 орталығы жұмыс істейді, нақты тұратын жері жоқ тұлғаларға арналған 4 баспана-орталығы бар.

2016 жылы тіреу-қоғайтын аппараты бұзылған мүгедектерге арналған облыстық Орталық; 200 орынға арналған психоневрология-лық орлатық; «аутизм» диагнозы бар «ерекше» балаларға арналған қалпына келтіру үшін орталық ашылды. Паллиативті көмек көқрсету облыстық ауруханасының және облыстық психоневрологиялық диспансердің балаларға және жасөспірімдердың психикалық денсаулығы орталығының ауданы кеңейтілді. 2016 жылдың нәтижесі бойынша мұқтаж жандардың жалпы санынан арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың үлес салмағы 98,9%-ды құрайды.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 1674 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4%-ды құрады.

2016 жылы облыста 13239 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 6844-і тұрақты. Облыс бойынша жұмыспен қамту шараларымен 21045 адам қамтылды (жылға арналған жоспарға қарағанда 125,4%), соның ішінде ЖҚ2020ЖК бағдарламасы бойынша – 3394 адам.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (республика – 4,9%).

 

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

2016 жыл ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша 340 тексеру жүргізді, оның барысында 186 нұсқама берілді, жалпы сомасы 19,7 млн. теңге 274 әкімшілік айыппұл салынды.

Еңбек құқықтары қалпына келтірілді және облыстың 166 кәсіпорынының 4130 қызметкеріне жалпы сомасы 685,8 млн. теңге жалақы бойынша берешек төленді.

 

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ 

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 122382 теңгені немесе 113,1%-ды құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша анағұрлым жоғары орташа айлық еңбекақы «қаржы және сақтандыру қызметі» секторында байқалады – 168503 теңге, ең төмен жалақы «ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласында тіркелген – 70585 теңге.  

 

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесі 387 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (96,4 мың оқушы), 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

2016 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 2564 адам қатысты. ҰБТ-ның орташа баллы – 88,2 құрады (2015 жылы – 80,2). ҰБТ қорытындысы бойынша облыстар арасындағы кешенді рейтингте Павлодар облысы республикада 1 орынды иеленді.

Мектептердің компьютерлік паркі 16,8 мың бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,7 оқушыдан келеді. Облыстың барлық негізгі және жалпы орта білім беретін мектептері Интернет желісіне, кең жолақты Интернетке шыға алады, мектептердің 97,4%-ы қосылған.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жарақталу облыс бойынша 100% құрайды.

2016 жылы Екібастұз қаласында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, Павлодар қаласының «Сарыарқа» ықшамауданында 502 орынға арналған балалар техникалық мектебі және Лебяжі ауданының Аққу ауылында 300 орынға арналған балалар өнер мектебі ашылды.

Апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді дамытуды және ұйымдастырылған ойын-сауығын қамтамасыз ету үшін облыста 89 қосымша білім беретін ұйым, 5 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары оқушыларының құрамы 20,8 мың адамды құрайды, оның ішінен колледждердің 4-мыңнан астам студенті 25 жұмыс мамандықтары бойынша тегін білім алуда.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың алты коллед-жінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 393 студент білім алуда.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 432 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,5 мың бала), соның ішінде 170 балабақша және 262 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 75,3%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

Мектепке дейінгі білім беру желісін кеңейту және дамыту мақсатында Ақсу қаласында 280 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді және Екібастұз қаласында 255 орынға арналған бөбекжай қалпына келтірілді.

Тұтас алғанда облыс бойынша 89 білім беру ұйымына жөндеу жүргізілді (соның ішінде 81 объект – ЖҚ2020ЖК шеңберінде).

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 356 медициналық ұйым

есептеледі, онда 2325 дәрігер және 5898 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. 

2016 жылы Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылында дәрігерлік амбулатория, Ақсу қаласының ауылдық аймағы Алғабас ауылында және Качир ауданының Жаңабет ауылында екі фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

2016 жылы облыста 12519 бала туды, туу көрсеткіші 2015 жыл-мен салыстырғанда 2,2%-ға кеміді және 1000 адамға шаққанда 16,51 құрады.  

Тұтас алғанда облыс бойынша туберкулез дертімен ауру көрсеткіші 7,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 53,9), психикалық және тәртібінің бұзылуы, психикалық белсенді заттарды қолдану салдары – 16,2%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 122,1) төмендеуі байқалуда.

Сондай-ақ, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға, қан айналымы жүйесінің дерті – 19,7%-ға төмендеуі байқалуда (2016 жылғы 11 ай). Қатерлі ісік өскіндерінен өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 141,9 құрады.

2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансер-дің және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы басталады.

2016 жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендермен 274 елді мекенге шығу жүзеге асырылды, 30,0 мыңнан астам адам медициналық тексерумен қамтылды, 42 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық тексеру жүргізілді.

Санитарлық авиация қызметімен 434 шығу жүзеге асырылды, оның ішінен әуе көлігімен – 87.

Заманауи телекоммуникациялық технологиялар енгізілуде. Республикалық ғылыми орталықпен бейне және конференцбайланыс бойынша 1132 телемедициналық консультациялар мен сеанстар өткізілді.

 

МӘДЕНИЕТ 

Мемлекеттік желіде 546 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде 279 кітапхана, 236 клуб мекемесі, 17 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 10 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының шеңберінде 37 мәдениет объектісі жөнделді және абаттандырылды.

2016 жыл ішінде облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және облыстық филармония 422 іс-шара өткізді.

2016 жылдың аса маңызды мәдени іс-шаралары: «Ұлы Дала Елі» ұлттық фестивалі, «Ескелді» мәдени-қонақ үй кешенін ашу, Малайса-ры Тарханға қола ескерткіш тұрғызу, «Кітапхана және оқырман: 120 жыл бірге» ашық есіктер күні, «QR-кітапхана «Павлодар Ертіс бойы-ның заманауи авторлары» онлайн-жобасының таныстырылымы, Баянауылдағы «Шабыт» суретшілердің республикалық биенналі.

Облыс мұражайлары 4842 экскурсия, 1558 дәріс өткізді, 828 көрме ұйымдастырды, 278 экспонат сатып алды.

Облыс театрлары 333 қойылым сомдады, соның ішінде 14-і алғашқы қойылым.

204 кітапхана компьютерлермен жабдықталды, оның ішінен 140 – Интернет желісіне қосылды. 2016 жыл ішінде облыс бойынша кітапханалар қызметін 411,0 мың оқырман пайдаланды.

Жеке құрам бойынша Павлодар қалалық архиві температуралық-ылғал режимін бақылау жүйесімен жабдықталған және нормативтік жағдайлар жасалған жаңа ғимаратқа орналасты. Архив қоймаларының ауданы 966,9 шаршы метрден 1518 шаршы метрге дейін ұлғайды.

2016 жылы 22,4 мың сұхбаткер архивтік анықтамалар алу үшін жүгінді.

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ 

Облыстың спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3403 бірлігін қамтиды, соның ішінде 1956 – ауыл-да. 2016 жылы облыс бойынша 57 жаңа спорт объектісі пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының шеңберін-де 10 спорт ұйымына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді және 42 спорт алаңшасы абаттандырылды.

27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шамамен 22 мың адам шұғылданады.

2016 жыл ішінде халықаралық санаттың 38 спорт шебері және Қазақстан Республикасының 106 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыс-тардан 1091 медаль жеңіп алды, соның ішінде: 386 алтын, 353 күміс, 352 қола.

Павлодар облысының еркін күрес, велоспорт, жеңіл атлетика бойынша бес спортшысы және садақтан ату бойынша бір параолимпиадашысы Бразилияда өткен 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада ойындарына қатысты.

2016 жылы «Ертіс» футбол клубы, «Ертіс» хоккей клубы, «Ертіс-Қазхром» волейбол клубы және «Павлодар» волейбол клубы Қазақстан Республикасы чемпионаттарының қола жүлдегерлері болды.

«Ертіс-Қазхром» айелдер волейбол клубы Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

«Ертіс» хоккей клубы Қазақстан Республикасы кубогының күміс жүлдегері атанды.

«Павлодар» ерлер волейбол клубы Қазақстан Республикасы кубогының қола жүлдегері атанды.

2016 жылы облыста 211,1 мың адамды қамтумен 1,5 мыңнан астам бұқаралық-спорт іс-шарасы өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 223,8 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,5%-ын құрады.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 164,5 мың адамды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 21,7%), оның ішінен 119,6 мың адам қалаларда (жастардың жалпы санынан 72,7%), 44,9 мың адам ауылда (жастардың жалпы санынан 27,3%) тұрады.

2016 жылы облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығы жас адамдардың әлеуметтік проблемаларын шешу бойынша 15776 консультация көрсетті.

Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің басшылығымен Жастар істері және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестер жұмыс істеуде. 2016 жылы барлық деңгейдегі Кеңестердің 42 отырысы өткізілді, онда 130-дан астам мәселе қаралды.

Бұдан басқа, барлық қалалар мен аудандарда Жастардың бастамаларын дамыту орталықтары, Жас мемлекеттік қызметшілердің, жұмыс істейтін жастардың, жас ғалымдардың кеңестері жұмыс істейді.

2016 жылғы ЖОО және ТжКБ мекемелерінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді. 5285 адам немесе түлектердің жалпы санынан 99,2%-ы жұмысқа орналасты.

Жастар еңбек биржасы арқылы 249 адам жұмысқа орналасты.

«Дипломмен – ауылға» жобасының шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендеріне 521 маман келді. 426 маманға көтерме жәрдемақы төленді, 95 маманға бюджеттік кредит берілді.

2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 135 жас адам тұрғын үй алды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында жастардың қатарынан 365 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті, 40 Start-up жобасы мақұлданды.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 20 жоба аяқталды (20% – жастар қозғалысын дамытуға, 30% – уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, 30% – азаматтық және патриоттық тәрбиелеуге, 20% – басқа бағыттарға).

2016 жылы барлығы 102 мың адамды қамтумен 1400-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді (облыстың барлық жастарынан 62%).

 

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

2016 жыл ішінде ішкі істер органдары 68 жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді (2015 жылы – 60).

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 18,5%-ға төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 14440 құрады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жалпы ашушылық жақсарды – 58,8%-дан 80,7%-ға дейін.

Облыстың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 5110 адамды анықтады немесе 2015 жылдан 10,5%-ға жоғары.

Өңірдің жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2016 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 14,7%-ға, қаза болғандар санын 17,4%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыста жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) жұмыс істейді. ЖПҚ үкіметтік және атқарушы органдардың алдында 29 есеп беруді және учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік учаскелердің тұрғындары алдындағы 997 есеп беруі өткізілді.

2016 жылы ІІД және ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін дабыл-акустикалық қондырғылар, автомобильді радиостанциялар, көп функционалды бейне-аудио белгілеу қондырғылары, қызметтік автокөлік сатып алынды. Павлодар қаласының ІІБ жедел басқару орталығы үшін сыртқы бақылаудың 53 бейнекамерасы сатып алынды және орнатылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ  

Облыста 792 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың 200-ге жуық өкілі өз қызметін белсенді іске асыруда.

Этносаралық, тіл және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этно-мәдени бірлестік, облыстың қалалары мен аудандарындағы 89 этно-мәдени бірлестік қызметі қамтамасыз етіледі.

Қоғамдық келісім, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ақсақалдар, жастардың кеңестері жұмыс істейді.

Облыстың қалалары мен аудандарында қоғамдық кеңестер, облыстық Қоғамдық кеңес құрылды. 2016 жыл ішінде 600 отырыс өткізілді, онда бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және басқалары туралы 1000-нан астам мәселе қаралды. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің 920 жобасына ұсыным берілді.

Мәселелерді жедел және егжей-тегжейлі талқылау мақсатында облыстың қоғамдық кеңестері жанында жұмыстың түрлі бағыттары бойынша 57 комиссия құрылды.

Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалары-ның конкурсы өтуде.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 692 млн. теңге сомаға 124 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

19 кәсіподақ ұйымының, 1392 бастапқы кәсіподақ ұйымының қызметі белсенді жүзеге асырылуда.

Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың 6 филиалы жұмыс істейді: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 112 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның ішінен 87-і баспа, 25-і электронды.

Саясатішілік тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.