Павлодар облысының жер қатынастaры басқармасы

Дәуітбаев Руслан Қуатұлы – Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы

Руслан Қуатұлы 1984 жылы туылған, білімі жоғары, 2006 жылы Новосібір гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Ақсу қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып бастады. Кейін сол органда бас инспектор, қала әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдар аралығында Ақсу қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2012-2013 жылдары Ақсу қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры болды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласы жер қатынастары бөлімін басқарды.

 

Қызыров Қайырберген Қинаятұлы – Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

Қайырберген Қинаятұлы Қызыров 1962 жылы 1 қазанда Баянауыл ауылында дүниеге келді.

1985 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы «Павлодарсельстрой» тресінде шебер, прораб болып бастады.

1989-1995 жылдары «Экибастузшахтострой» комбинатында шебер, прораб, учаске бастығы болып қызмет атқарды.

1995-1997 жылдары «Талап» ЖШС директорының орынбасары болды.

1997-1999 жылдары «Жер ресурстарын басқару бойынша Павлодар облысы комитеті» ММ Екібастұз қаласы жер инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

1999-2004 жылдары жер ресурстары басқармасы бастығының орынбасары, Екібастұз қаласы жер инспекциясының басшысы.

2004-2005 жылдары «Ақсу қаласының жер ресурстары басқармасы» ММ  басшысы.

2005-2006 жылдары Жер ресурстарын басқару жөніндегі Павлодар облыстық комитетінің «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ  бөлім басшысы.

2006-2007 жылдары «Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы» ММ  Жерге орналастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы.

2007-2008 жылдары «Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ  – Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы.

2009-2014 жылдары «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ – төлемдерді талдау, жерге орналастыру және қаржы жұмысы бөлімінің басшысы.

2014 жылғы қаңтардан Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары.

Павлодар қаласы әкімінің құрмет грамотасымен және Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Павлодар облысының жерге орналастыру саласында бірнеше жыл қызмет еткен  «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісімен марапатталды.