Облыс әкімінің азаматтарды қабылдау бөлмесі

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміндегі азаматтардың өтініштерін қабылдау секторы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) бекітілген тәртіп бойынша берілген барлық өтініштерді сол күні электрондық құжат айналымы жүйесіндегі (ЭҚАЖ) «Тұлғалардың өтініштері» деректер қорында қабылдап, тіркейді.

Арызданушыға оның өтініші қабылдануы жайлы бірегей нөмірі бар бекітілген үлгідегі талон беріледі.

Авторын анықтау мүмкін болмайтын, қолтаңбасы немесе электрондық сандық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ өтініштер бүркемелі болып саналып, қарастырылмайды. Алайда азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлімі дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы, мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтіру қаупі жөнінде мәліметтері бар өтініштерді зерделеп, бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысына жеткізгеннен кейін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Сонымен қатар мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер де қарауға жатпайды.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында қарасытырылған мемлекеттік қызметтерден басқа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер есептелмейді.

Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған.

Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

Егер өтініште баяндалған мәселе­лерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы арыз берушіге күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.

Егер өтініштің ішінде бірнеше сұрақ болса әрі олардың бірі субъектінің немесе жауапты тұлғаның қарастыру құзыретіне кірмейтін болса, аталмыш өтініш Заңның 8-бабында көрсетілген мерзімде өз құзыреттілігіне сәйкес тіркеліп, қарастырылады.

Сонымен қатар субъектінің құзыретіне кірмейтін басқа мәселелер Заңның 7-бабы 6-тармағына сәйкес басқа субъектіге не жауапты тұлғаға жіберіледі. Бұл жағдайда өтініш берушіге міндетті түрде ескертухат жолданады.

Аталмыш өтініш қарастырылған және басқа органға қайта жіберілген болып есептеледі.

 

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау

Облыс әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшілерінің қызметкерлері бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кем деген де бір рет азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді.

Қабылдау өтетін жер, күні мен уақыты жеке және заңды тұлғаларға алдын ала хабарланады.

Жеке қабылдау кестесі азаматтарды қабылдау холлындағы ақпараттық стендте және облыс әкімінің сайтында орналасады.

Облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының жеке қабылдауына жазылу алдын ала жүргізіледі.

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Азаматтарды қабылдау бөлмесі Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 49-үй, 110-кабинетте орналасқан.

Азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес (жмыс күндері сағат 09,00-ден 18,30-ға дейін) жүргізіледі. Байланыс телефондары: 66-39-96, 65-10-50.

 

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау тәртібі  

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы  

12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы  

17-бап. Азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағым жасау  

  1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге өтініш берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасауы мүмкін.
  2. Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.
Өзгертілді: 23.12.2014 15:44
Орналастырылды: 21.06.2017 16:15