Онлайн қабылдауға жазылу

Бұдан былай әрбір азамат Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік орган басшыларының онлайн қабылдауына жазыла алады.

Әрбір азамат тіркеліп, E-gov сервисі арқылы бейнеконференцбайланыс бойынша өз сауалын қойып, жауап ала алады.

Бұл қызмет «Электронды үкімет» порталындағы «Министрге on-line қабылдауға жазылу» сервисі арқылы жүзеге асырылады. E-Gov сервисінің арқасында сіздер бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілетін онлайн қабылдауға қатыса аласыздар.  Қабылдауға жазылу үшін пайдаланушы порталда авторлануы керек (егер порталға алғаш рет кіріп отырған болсаңыз, тіркелу қажет). Одан кейін қызметке тапсырыс беріп, қажетті органды таңдайсыз. Қалаған күнінізді, өзіңіздің байланыс деректеріңізді, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс өткізуге қолайлы Халыққа қызмет көрсету орталығын көрсетіп, қабылдауға жазылу қажет. Көрсетілген электронды мекенжайға өтінімнің мәртебесі туралы хабарламасы бар жауап аласыз. Егер оң жауап алсаңыз, көрсетілген уақытта ХҚКО-ға барып, таңдаған мемлекеттік орган басшысымен бейнеконференцбайланыс тәртібінде сұхбаттаса аласыз. Атап өтетіні,  on-line қабылдаулар тізімі үнемі кеңейіп отырады, ал бұл сервисті порталға тіркелген азаматтардың барлығы пайдалана алады. Бұл ретте электронды сандық қолтаңбаның болуы шарт емес.

«Электронды үкімет» порталында on-line қабылдауға жазылудан басқа, азаматтар мен үкіметтің интербелсенді өзара іс-қимыл жасасуы үшін басқа да бірқатар сервистер бар. Атап айтқанда, «Интернет конференциялар», «Мемлекеттік органға электронды өтініштер», «Бірінші басшылардың блогтары» және басқалары.

Қосымша ақпаратты www.egov.kz «Электронды үкімет» порталынан, 1414 call-орталығынан (қоңырау шалу тегін) және Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.