Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі ақпарат

2017 жылғы 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жасалған жұмыс қорытындысы туралы ақпарат

Өтініштер саны

2017 жылдың бірінші тоқсанында облыс әкімі аппаратына  жеке және заңды тұлғалардың  537 өтініші келіп түсті (2016 жылдың ұқсас кезеңінде – 513). Жеке тұлғалар – 355, заңды тұлғалар – 182. Олардың ішінде 2017 жылы ауызша өтініш – 98 (2016 жылы –70), 2017 жылы жазбаша өтініш – 439 (2016 жылы – 443).

Ең көп өтініш Павлодар қаласының тұрғындарынан келіп түсті – 284 (2016 жылы – 235 өтініш), Екібастұз – 35 (46), Ақсу – 30 (25), Павлодар ауданы – 16 (21), Шарбақты ауданы – 15 (9), Лебяжі ауданы – 8 (5), Баянауыл ауданы – 7 (10), Ақтоғай ауданы – 6 (1), Май ауданы – 5 (5), Успен ауданы – 4 (11), Ертіс ауданы – 4 (11), Качир ауданы – 2 (1), Железин ауданы -1 (6).   

Барынша көп өтініш тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша келіп түсті – 54 (2016 ж. – 61), еңбек және еңбек қатынастары – 52 (27), тұрғын үй беру – 48 (64), әлеуметтік және зейнетақылық қамсыздандыру – 48 (44), мәдениет – 34 (30), денсаулық сақтау – 33 (17), ауыл шаруашылығы – 23 (28), білім беру – 23 (11), спорт – 23 (4), мемлекеттік басқару – 21 (30), жер және жер пайдалану – 19 (14), сот төрелігі, құқықтық тәртіп – 19 (12), кәсіпкерлік – 18 (39), табиғи-шикізат қорларын пайдалану және экология – 17 (17) және басқалары.

 

Жоғары тұрған инстанциялар арқылы жүгіну

Павлодар облысының тұрғындарынан ҚР Президенті Әкімшілігі арқылы 46 өтініш келіп түсті (2016 жылы – 48).

ҚР Премьер-Министрі кеңсесі арқылы 16 өтініш келіп түсті (2016 жылы – 12).

Көтерілетін негізгі мәселелер: тұрғын үй беру – 14, әлеуметтік қамсыздандыру – 12, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 6, еңбек және халықты жұмыспен қамту – 6, жер пайдалану – 6, денсаулық сақтау – 2, білім беру – 2, мәдениет – 2, лауазымды тұлғалардың іс-қимылына – 2 және басқалары.

«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты арқылы 12 өтініш келіп түсті (2016 жылы – 20). Азаматтар тұрғын үй беру (4), еңбек (4) және басқа мәселелер бойынша жүгінеді.  

Жоғары тұрған органдарға барынша көп өтініш түсірген тұрғындар:

Павлодар қ. – 41 өтініш, Екібастұз қ. – 10, Павлодар ауданы – 3, Ақтоғай – 3, Ақсу қ. – 2, Успен, ауданы – 2 және т.б.

 

Қала және аудан аппараттары

Есептік кезеңде облыстың қала және аудан аппараттарына барлығы 2341 өтініш келіп түсті (2016 жылы – 2119), олардың ішінде жазбаша – 1600, орынға барумен – 65 (2016 жылы – 1464, орынға барумен – 28), ауызша – 741, орынға барумен – 122 (2016 жылы – 655, орынға барумен – 121).

Қала және аудан әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, аппарат басшылары 741 адамды жеке қабылдады (2016 жылы – 655), оның ішінде орынға барумен 122 өтініш қаралды, 2016 жылы – 121.

 

Облыстың мемлекеттік органдары

 Жеке және заңды тұлғалардан облыстың мемлекеттік органдарына 7519 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті (2016 жылы – 7178).

Барынша көп қаралған өтініштер: ішкі істер департаменттерінде (2099), әділет (1683), еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінде (1106), мемлекеттік кірістер (594),зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік филиалында (576) және т.б.

2015 жылы облыс әкімі аппаратының бұдан ары қарауға аумақ бойынша құзыретті органдарға жолдаған өтініштер:

– аумақтық органдарға – 171 өтініш

– төмен тұрған органдарға 1737 өтініш.

Облыс басқармаларында қабылданған және қаралған өтініштер:

Еңбек басқармасы – 287, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы – 147, денсаулық сақтау басқармасы – 139, жұмыспен қамтуды үйлестіру үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 128, білім беру басқармасы – 91, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы – 64, қаржы басқармасы – 46, ауыл шаруашылығы басқармасы – 43, мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасы – 42, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы – 39,  индустриялық-инновациялық даму басқармасы  – 34,  құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы -32, ішкі саясат басқармасы – 21, дене тәрбиесі және спорт басқармасы – 21, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 18, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау басқармасы – 12, тілдерді дамыту басқармасы – 9, дін істері жөніндегі басқарма – 9, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – 7, жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма – 5, ветеринария – 4, жер қатынастары және инспекциясы басқармасы – 2, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 0.

Облыстың барлық атқарушы мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларды қабылдаудың бекітілген кестелері сақталады. Олардың басшылары 488 адамды қабылдады, бұл өткен жылғы ұқсас кезең көрсеткішінен (584) 96-ға кем.

 

Жеке мәселелер бойынша қабылдау

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін облыс әкімі аппаратында қабылдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” Заңына, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бекітілген кестеге сәйкес әкім, оның орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының басшысы 49 адамды қабылдады (2016 жылы – 33), оның ішінде әкім жеке өзі  20 адамды қабылдады (2016 жылы – 9).

Облыс әкімі орынбасарларының азаматтарды қабылдауы:

Тұрганов Д.Н. – 4 (2016 г. – 0),

Бегентаев М.М. – 13 (2016 г. – 1)

Қасенов Б.К. – 3 (2016 г. – 8)

Дычко Н.В.- 4 (2016 г. – 4)

Облыс әкімі аппаратының басшысы –

Оразғұлов Р.К. – 5 (2016 г. – 11).

Қабылдау барысында 19 өтініш берушіге заңнамалық сипаттағы түсініктемелер берілді, 30 өтініш бойынша оларды шешу үшін тиісті тапсырмалар берілді.

Ауызша келіп түскен өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша болды – 18, еңбек және еңбек қатынастары – 14, тұрғын үй беру – 10, әлеуметтік қамсыздандыру – 9, денсаулық сақтау – 6, мемлекеттік басқару – 6 және басқалары.

Облыс әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты берген тапсырмаларының орындалуы тұрақты бақылануда.

Шағымдар мен өтініштертерді қарау мәселесінде өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде жергілікті атқарушы және аумақтық органдардан тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың қабылдауын ұйымдастыру жөнінде ақпарат келіп түседі. Ақпарат талданып, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолданады.

Тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштермен жасалған жұмыс толық және уақтылы қарау талаптарын есепке алумен сарапталады.

Қоғамдық-саяси ахуалды бақылау, әлеуметтік қауырттылықтың алдын алу аясында облыс ішкі саясат басқармасы облыс бойынша азаматтардың жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау сипаты және серпіні жөнінде құрама талдам жасап, оны тоқсан сайын тиісті шаралар қолдану үшін прокуратураға жолдайды.

«Айқын» жобасының іске асырылуына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасына апта сайын бірегей нөмірлі талондардың берілуі туралы ақпарат жолданады.

Өтініштердің сапалы қаралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өтініштерді қарау барысында бюрократизм мен әуре-сарсаңның орын алуы фактілерінің алдын алу мақсатында тоқсан сайын әкімдердің іс-қимылына және қимылсыздығына байланысты түскен өтініш-шағымдар талданып отырады.

Өзгертілді: 11.03.2015 17:01
Орналастырылды: 17.04.2017 09:14

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы 2015 жыл ішіндегі ақпарат

Облыс әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Облыс әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады.

Қабылдау кестесі туралы мәлімет облыс әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған. 

2015 жыл ішінде облыс әкімінің аппаратына келіп түскен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерінің саны 323 өтінішті құрады (2014 жылғы осы кезеңде – 517).

Облыс әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы жеке қабылдау кезінде 133 адамды қабылдады, оның ішінде облыс әкімі 30 адам қабылдады. 73 өтініш иесіне тікелей қабылдау кезінде заңнама сипатындағы түсініктеме берілді, 4 өтініш оң шешімін тапты, 56 өтініш бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындауы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, облыс әкімі жеке қабылдауын «Нұр Отан» Партиясының филиалында өткізеді. Осы кезең ішінде азаматтардың 10 өтініші қаралды.

Ауызша өтініштердің жалпы санынан көп бөлігі мынадай мәселелер бойынша келіп түсті: тұрғын үй және кезектілік мәселесі бойынша – 51 өтініш, коммуналдық шаруашылық бойынша – 44, мемлекеттік басқару – 38, еңбек және еңбек қатынастары бойынша – 31, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 28, ауыл шаруашылығы бойынша – 14 және басқалар.

Облыстың барлық атқарушы мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларды қабылдаудың бекітілген кестесі сақталады.

Есепті кезеңде облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында қаралған жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерінің саны 3172 өтінішті құрайды (2014 жылы – 3123). Қалалар мен аудандардың әкімдері, олардың орынбасарлары тұрғылықты жерлерге шығу арқылы 378 азаматты қабылдады (2014 жылы – 530). Облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары 2193 жеке тұлға мен заңды тұлғалар өкілін қабылдады  (2014  жылы – 2861). 

Келушілерге қолжетімді жерлерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат орналастырылған. Облыстың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар өтініштерінің уақтылы орындалуын қосымша бақылау үшін «Бақылау сағаттары» өткізіледі, сондай-ақ сенім телефондары бар, пікірлер, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктер орнатылғын.

Тұрақты негізде жергілікті жерлерде бөлім басшыларымен, ауылдық округтер, кенттер, ауылдар әкімдерімен және мамандарымен, қалалар мен аудандар атқарушы органдарының мамандарымен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын сақтау жөнінде семинар-тренингтер, кеңестер, құқықтық жаппай оқыту өткізілуде. Аталған тақырып облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығының бағдарламасына зерделеу үшін енгізілді.

2015 жылғы IV тоқсанда азаматтардың өтініштерін уақытында қарамау және сапасыз қарау фактілері бойынша келесі мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

– Ертіс ауданы әкімі аппаратының бас маманы Н.М. Жүсіповқа ескерту жарияланды;

– «Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ның бас мамандары Ф.Ф. Сафинаға, Т.К. Шайковқа қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескерту жарияланды.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерін қарау мәселелері облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында, мемлекеттік органдар басшылығының тұрақты бақылауында болады.