Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы (2016.22.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Жарлығы

 

Павлодар облысының қалалары мен аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, жастар бастамаларын дамыту орталығының, жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері және мәслихаттар депутаттары кірді, сондай-ақ мобильді топтардың жұмыс кестелері бекітілді.

Мобильді топ өз жұмысын 2017 жылғы қазаннан бастайды.

 

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтеу тобының отырысы аясында Жоспар жобасы талқыланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау тетіктері» тақырыбы бойынша конференция өткізілді.

Конференция жұмысына облыс жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

 

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1424 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1424» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.  

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.