Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы №39 қаулысын іске асыру мақсатында 2016 жылғы 7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2016 жылғы 8 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Павлодар облысы бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті тіркелді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 2016 жылғы 29 маусымдағы № 01-04-04-н/қ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының атауларын өзгерту туралы» бұйрығымен Павлодар облысы бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының Павлодар облысы бойынша департаменті» болып өзгертілді.

2016 жылғы 12 шілдеде «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының Павлодар облысы бойынша департаменті» әділет органдарында тіркелді.

 

Департамент қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Департамент қызметінің мақсаты халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен басымдықтарын іске асыру болып табылады.

Департаменттің негізгі мақсаты әлеуметтік қорғау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Департаменттің негізгі функциясы зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, баланың тууына және балалы отбасыларға күту бойынша жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік бiр жолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді уақытылы төлеу болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

– зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемақылардың төленуін ұйымдастыру;

– зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және төлеуге халықтан құжаттар қабылдау бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

– сұраныс бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеу істерінің жағдайы жөнінде, зейнеткерлер, жәрдемақы алушылар саны туралы жедел ақпараттарды (статистикалық мәліметтерді) және өзге де ақпараттарды дайындау;

– зейнетақыларды және жәрдемақыларды тағайындау үшін іс үлгілерін қалыптастыру және алушылардың орталықтандырылған дерекқорлар базасын жаңарту бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы және Кәсіпорыннан өзге де әлеуметтік төлемдерді, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан (бұдан әрі – «МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді алушылардың іс үлгілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментіне бекітуге ұсыну;

– халықты дербестендірілген есепке алу мәселелері бойынша жұмысты, Зейнетақы реформасының ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар мен нормативтік құжаттардың дайындалуын ұйымдастыру;

– жеке тұлғалардың дерекқорлар базасы мәліметтеріне сәйкес деректемелер бойынша салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруге қатысты өтініштер мен сұраныстарды қабылдау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру;

– әлеуметтік аударымдар мен (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі агенттен қате аударылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдарды қайтару туралы өтініштерді, қызметкерде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға өтініштерді қабылдау;

– зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің дұрыс төлену мәселелері бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің қызметін бақылау;

– іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, соның ішінде азаматтардың зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты өтініштерін, арыздарын, хаттарын қарау;

– басқа ұйымдар мен жеке тұлғаларға Кәсіпорынның жарғылық мақсаттарына сәйкес кеңес беру және өзге де қызмет түрлерін көрсету.

Департаментке екінші деңгейлі банктерден іс жүзінде жүргізілген зейнетақы және жәрдемақы төлемдері туралы есептерді қабылдау, банктермен зейнетақы және жәрдемақы төлеуге аударылған қаражатты жұмсау туралы салыстыру жүргізу құқы беріледі.

Департамент келесі қаржылық жылға болжалды инфляция деңгейін ескере отырып,зейнетақы төлеміне құқығын алған кездегі салымшы іс жүзінде аударған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін анықтайды.

Өзгертілді: 26.10.2016 18:29
Орналастырылды: 12.05.2017 15:35

Тұрғындардың назарына!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетілген қызметті алушылардың бала тууына байланысты берілетін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақылар (бұдан әрі – бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар) туралы өтініштері қарастырылды. Бұл ретте мемлекеттік қызмет (МҚ) жұмыссыз қызмет алушыларға және әлеуметтік сақтау жүйесінің қатысушыларына да көрсетіледі.

Жәрдемақыларды тағайындау жөнінде өтініштерді ЭҮП арқылы берудің басымдылықтары:

– өтініш беруші үшін ыңғайлы уақыт. Осылайша, өтініш беруші Интернетке  қол жетімділік пен электронды сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) болуы арқасында «үйден шықпай-ақ» қызмет ала алады;

– қызмет алу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік органдар инстанцияларына жолықпай-ақ жинастыру;

– материалды шығындардың орын алмауы.

ЭҮП арқылы өтініш пен талап етілетін қызметті таңдаған кезде мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіне сұратулар автоматты түрде орындалады.  Бұл мәліметтер жәрдемақы тағайындау үшін қажет. Өтініш берушіге ЭҮП-те электронды өтінішті толтыру жеткілікті болады. Бұл ретте өтініш беруші өз өтінішінің алыну және өңделу мәртебесін қарастыру жолымен талқылану бағытын өз бетінше қадағалау мүмкіндігін алады.

Мемлекеттік үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында қарастырылатын келесі қызмет түрлері көрсетілуі мүмкін:

  1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» 
  2. «Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»
  3. «Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»
  4. «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау»
  5. «Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны тағайындау»

Сондай-ақ келесі қызмет түрлеріне бір уақытта өтініш беру мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн: «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

Толық ақпарат пен ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде оқыту роликтері «электронды үкіметтіің» интернет ресурсында  www.egov.kz орналасқан.    

ЭСҚ-ны Мемлекеттік корпорациялар бөлімшелерінде келесі мекен жайлар бойынша алуға болады: Павлодар қ., Павлов көш., 48, Исиналиев көш., 24, Кутузов көш., 204. 

Өзгертілді: 31.08.2016 14:52
Орналастырылды: 12.05.2017 15:37
  1. Жұмыс тәртібі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 279 бұйрығына сәйкес тұрғындарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс уақыты – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.

 Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдете қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің http://www.mzsr.gov.kz Интернет-ресурсінде, Орталық бөлімшелердің стендтерінде және ақпараттың ресми көздерінде орналасқан.

 

  1. Көрсетілетін қызмет түрлері
Мемлекеттік қызмет атауы бір қызмет алушының күтуіне барынша рұқсат етілген уақыт бір қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемін тағайындау» 30 минут 30 минут 10 жұмыс күні
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» 30 минут 30 минут 8 жұмыс күні
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» 30 минут 30 минут 8 жұмыс күні
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау» 30 минут 30 минут 8 жұмыс күні
«Әлеуметтік тәуекелдік жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігі мен босануын байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша табысынан айырылу» 30 минут 30 минут 8 жұмыс күні
«Баланың тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау» 30 минут 30 минут 7 жұмыс күні
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» 30 минут 30 минут 8 жұмыс күні
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау» 30 минут 20 минут 7 жұмыс күні
«Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау» 30 минут 30 минут 3 жұмыс күні
Өзгертілді: 15.01.2015 16:18
Орналастырылды: 12.05.2017 15:43

Қаржыландыру көздері және төлем түрлері

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізгі міндеті зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен:

– зейнетақы;

базалық зейнетақы төлемі;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:

– мүгедектiгi бойынша;

– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша;

– жасына байланысты берiлетiн;

мемлекеттiк арнайы жәрдемақы:

– жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№1 тізім бойынша);

– еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға

( №2 тізім бойынша);

– бала тууына байланысты бiр жолғы жәрдемақы;

– бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;

– мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;

– арнайы мемлекеттiк жәрдемақы:

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

– Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;

– Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);

– Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” құрметтi атағына ие болған адамдар;

– Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

– Ұлы Отан соғысы жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

– ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;

– 1,2,3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1 және 2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

– Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

– Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

– Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы алатын тұлғалар.

Жерлеуге арналған бір жолғы төлемақы

Өзгертілді: 15.01.2015 16:15
Орналастырылды: 12.05.2017 15:45

2016 жылға әлеуметтік индикаторлар

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 121 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы – 25 824 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 22 859 теңге;

Базалық зейнетақы төлемі – 11 965 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 22 869 теңге.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:14
Орналастырылды: 12.05.2017 15:48

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» № 985 Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» №426-V Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдері 9 пайызға өсті.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлердің, соның ішінде жасына қарай зейнетақы төлемдерін алатындардың зейнетақы мөлшері алып отырған зейнетақы төлемдері көлемінен 9 пайызға көтерілді.

2016 жылғы 01 қаңтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі 2015 жылы алынған төлемнен 7%-ға көтерілді және 11 965теңгені құрады.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемдерінің 25 пайызға өсуіне байланысты және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты  2016 жылғы 01 қаңтардан  мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өзгерді.

№1 және №2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты көтерілді.

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеушіге, қамқоршысына, асырап алушысына, анасына немесе әкесіне жәрдемақы 2016 жылғы 1 қаңтардан 1,05 * ЕТЖМ құрайтын болады.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс мөлшерінің ең жоғарғы шектеуі 41 АЕК (2 121 теңге х 41 = 86 961 теңге).

Облыс бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 44 149 теңгені құрайды, ең төменгі мөлшер 25 824 теңгеге дейін көтерілді, ең жоғары мөлшер 65 221 теңгеге өсті.

Жалпы саннан ең төменгі зейнетақыны 7 576 адам немесе 6,9% алады.

Еңбек өтілі толық емес – 6 463 адам немесе 5,9% .

Ең жоғары мөлшерде зейнетақыны – 102 адам немесе жалпы санының 0,1%-ы, 16 094 адам ең жоғары зейнетақы мөлшерінен жоғары немесе 14,6%-ы, зейнетақының орташа және жоғары мөлшерін 79 691 адам немесе 72,5%-ы алады.

Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 965 теңгені құрады, бұл төлемді облыс бойынша – 110 853 адам алады.

Баланың тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері – 66 625теңгеге, ал төртінші және одан да көп бала туғанда – 111 035 теңгеге көтерілді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші балаға –12 217 теңге;
  • екінші балаға –14 445 теңге;
  • үшінші балаға –16 650 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға –18 877 теңге.

МӘСҚ-дан:

әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемге құқығы бар.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

– еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына;

– асыраушысынан айрылу жағдайына;

– жұмысынан айрылу жағдайына;

– жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына;

– жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына;

– бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылу жағдайына.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына және асыраушысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшері 7%-ға ұлғайды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі туралы» № 986 қаулысы.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:14
Орналастырылды: 02.05.2017 10:14

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлем

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік сақтандыру 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін әйелдерге ана мен баланы қолдау үшін енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдар жүргiзген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне (МӘСЖ) қатысушысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатынан әлеуметтік төлемақыларды алуға құқығы бар.

“Әлеуметтік төлемақыны тағайындауға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі – ЗТМО) тіркелген жері бойынша жүгіну қажет.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жеке тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы); – (түпнұсқасы);

3) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты уақытша еңбеккке жарамсыздығы туралы парағы (парақтары);

4) осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес жұмыс орнынан әлеуметтік тәуекелдік басталғанға дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы бекітілген үлгідегі анықтамасы (анықтамалар);

5) банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20-белгілік есепшот туралы хабарлама – түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

6) өздігінен қызмет атқаратын тұлғалар үшін қосымша:

– жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

– салық органдарымен берілген бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі

 

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы

(балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған

жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық басталған

айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы

туралы жұмыс орнынан берілетін анықтама

 

Төлеушінің атауы ____________________________________________________

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), сондай-ақ орналасқан жері/тіркелген орны ____________________________________________________________________

Қызметкердің Т.А.Ә. _________________________________________________

Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________

Кезең

(ай және жыл)

Жалақы

(табыс) сомасы

Әлеуметтік аударымдардың сомасы, теңге Ескертпе
аударылған төленген
1 2 3 4 7
         
         
         
         
Жиыны        

Барлығы ____________ айда ___________________________________ теңге

(сомасы жазбаша)

Негіздеме:_____________________________________________________

(анықтама беру үшін негіздеме болған құжаттар)

Мөр

орны

Басшы ____________ _____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)Бас бухгалтер ___________ ______________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)

Берілген күні: 20__ жылғы «___» ___________________

Өзгертілді: 15.01.2015 16:12
Орналастырылды: 02.05.2017 10:19

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін енгізілді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады. Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘСЖ) қатысушысы Зейнетақы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі – ЗТМО) тіркелген жері бойынша жүгінеді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

2) Тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) – (түпнұсқасы);

3) Баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе туу туралы актілер жазбасынан көшірме, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары (түпнұсқасы мен көшірмесі);

4) банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20-білгілік есепшот туралы хабарлама – түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

5) Егер бір жасқа дейін ұл баланы (қыз баланы) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша функцияны жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды) (ұл баланы, қыз баланы) асырап алу туралы сот шешімі үзіндісінің көшірмесі;

6) Егер бір жасқа дейін баланы (балаларды) қамқорлығына алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыру органы шешімінің көшірмесі.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:11
Орналастырылды: 02.05.2017 10:21

ӘТВЕО Павлодар облыстық департаментінің құрылымдық бөлімшелері

ЗТМО бөлімшесінің атауы  ЗТМО бөлімшесінің орналасқан мекенжайы Қаланың коды және
телефон
нөмірі 
Жұмыс кестесі
ӘТВЕО Павлодар облыстық департаменті Павлодар қаласы,

Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй

pavlodar@gcvp.kz 

pavlodar02@gcvp.kz

8-7182

704408

704409

704410

704411

704412

704413

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.

 

     
ӘТВЕО Ақсу аудандық бөлімшесі Ақсу қаласы,

Астана көшесі, 26-үй pavlodar01@gcvp.kz

8-71837

49940

ӘТВЕО Екібастұз қалалық бөлімшесі  Екібастұз қаласы,

К. Пішенбаев көшесі, 6-үй

pavlodar03@gcvp.kz

8-7187

799990

 

ӘТВЕО Ақтоғай аудандық бөлімшесі Ақтоғай ауылы,

Мүткенов көшесі, 12А-үй

pavlodar04@gcvp.kz

 

8-71841

79920

 

ӘТВЕО Баянауыл аудандық бөлімшесі Баянауыл ауылы,

Сәтбаев көшесі, 55-үй

pavlodar05@gcvp.kz

 

8-71840

79950

 

ӘТВЕО Железин аудандық бөлімшесі Железинка ауылы,

Әуезов көшесі, 54-үй

pavlodar06@gcvp.kz

871831

79960

ӘТВЕО Ертіс аудандық бөлімшесі Ертіс ауылы,

2-Набережная көшесі, 44-үй

pavlodar07@gcvp.kz

 

871832

79970

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.

 

ӘТВЕО Качиры аудандық бөлімшесі Тереңкөл ауылы,

Елгин көшесі, 128-үй

pavlodar08@gcvp.kz

 

871833

79980

ӘТВЕО Лебяжье аудандық бөлімшесі Аққу ауылы,

С.Хамзин көшесі, 4-үй

pavlodar09@gcvp.kz

871839

79938

ӘТВЕО Май аудандық бөлімшесі Көктөбе ауылы,

Абылайхан көшесі, 28-үй

pavlodar10@gcvp.kz

871838

79909

ӘТВЕО Павлодар аудандық бөлімшесі Павлодар қаласы,

Мир көшесі, 22А-үй

pavlodar11@gcvp.kz

87182

703737

ӘТВЕО Успен аудандық бөлімшесі Успенка ауылы

Терешкова көшесі, 24-үй

pavlodar12@gcvp.kz

871834

79997

ӘТВЕО Шарбақты аудандық бөлімшесі Шарбақты ауылы,

1 Май көшесі, 24-үй

pavlodar13@gcvp.kz

871836

79999

Өзгертілді: 15.01.2015 16:08
Орналастырылды: 02.05.2017 11:18

Көрсетілетін қызметті алушылардың назарына!

ХҚО-на (және ЗТМО-на) жүгіну арқылы Сіз келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ала аласыз:

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»;

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»;

«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау»;

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы»;

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау»;

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау».

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың назарына!

www.egov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ала аласыз:

 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау»;

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау».

Сонымен қатар www.egov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша ақпарат ала аласыз:

– зейнетақы төлемдерін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

– мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

– мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

– бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

– арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту).

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:07
Орналастырылды: 02.05.2017 10:30

Тұрғындардың назарына!!!

Алыс орналасқан елді мекен тұрғындарына

мобильді қызмет көрсету аясында

мемлекеттік қызмет көрсету

 

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру мақсатында Павлодар облысы бойынша барлық жерлерде  шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсететін мобильді топ ұйымдастырылып, жұмыс атқаруда.

Мобильді топ – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Халыққа Қызмет көрсету орталығы» РМК, «Қазпошта» АҚ білікті мамандарынан құрылған топ.

ЗТМО мобильді тобы зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдайды, халыққа кеңес береді, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құжаттар береді.

Мобильді топ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, қарт адамдарға, шалғай елді мекендерде  тұратын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылды.

 

Сенім телефоны

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының Павлодар облысы бойынша департаментінде зейнетақылық қамсыздандыру мәселелері бойынша, зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ «ӘТВЕАО» департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша жүгінуге болатын Сенім телефоны ұйымдастырылды. (8 7182) 70-44-01, (8 7182) 70-44-07 күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндерінен басқа).

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты және қажетті құжаттардың тізбесін мұннан табасыздар:

– Министрдің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 279 бұйрығы;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің интернет-ресурсында –www.enbek.gov.kz;

– «ӘТВЕАО» дирекциясының интернет-ресурсында (Астана қ.) –www.gcvp.kz;

– «ӘТВЕАО» департаментінің және оның бөлімшелерінің ақпараттық тақталарында.

 

Контакт-Орталығына ақысыз бірыңғай 1411 шағын нөміріне қоңырау шалып, Сіз өзіңізге мүдделі келесідей мәселелер жөнінде кеңес ала аласыз:

        – Еңбек қатынастары;

        – Халықты жұмыспен қамту;

        – Зейнетақымен қамсыздандыру;

        – әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру.

Сіз, қалалық  және ұялы телефон аркылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

Бұдан басқа, Контакт-Орталыққа электрондық пошта ( е-mail –  info@info.mintrud.kz)  немесе интернет (Web порталы: www. info.mintrud.kz) аркылы өтіуге болады 

Жұмыс іздеп жүрсіз бе? 1411 нөміріне ақысыз SMS хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңізде  бос жұмыс орындары  бойынша ақпарат алыныз. 

Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары  бар жұмыс берушілер жөніңде ақпарат жіберіледі.

 

            SMS хабарламаның үлгісі:  *жұмыс* қала коді *мамандық#

              Мысалы:                          *жұмыс*7172*жүргізуші# 

                                                       *работа*7282*мұғалім# 

                                                       *работа*72834*дәрігерлік бикеш# 

      

SMS хабарламаны  жiберу  және қабылдау – тегін.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:05
Орналастырылды: 02.05.2017 10:43

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау Қызметі қызмет атқаруда.

1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар.

Мугедек-балаларды тәрбиелуеші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және ұялы телефон аркылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:

– Интернетке қосылған компьютер;

– Веб-камера

– Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;

– Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

Қосылу Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411

Өзгертілді: 15.01.2015 16:03
Орналастырылды: 03.08.2015 12:19

Sms-хабарлама жіберу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезде Орталық бөлімшесі немесе ХҚО бөлімшесі тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны  өтініш берушінің өзі келген кезде береді немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

Өтініш беруші Орталықтың аудандық немесе қалалық бөлімшесіне зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде sms-хабарлама келетін ұялы телефон нөмірін көрсетуге құқылы.

Өзгертілді: 15.01.2015 16:00
Орналастырылды: 03.08.2015 12:22

Зейнетақы жөніндегі төлеу мемлекеттік орталығының жаңа ақпараттық қызметтері

«ӘТВЕО» РМҚК 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ӘТВЕО-ға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар тапсырған азаматтардың мобильді телефондарына аталған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) жөнінде sms-хабарламалар жіберу арқылы ақпараттандыру көзделгенін хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, үш немесе одан да көп ай бойы банк шотында шығыс операцияларын жүргізбеген зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін (яғни, азаматтар шотқа аударылған зейнетақы мен жәрдемақыны алмайды) төлем тоқтатылады. Бұл жағдайда ӘТВЕО-ның аталмыш клиенттері зейнетақы (жәрдемақы) алмау себептерін анықтау үшін ӘТВЕО бөлімшесіне келу керектігі туралы да sms-хабарлама алады.

Өзгертілді: 15.01.2015 15:58
Орналастырылды: 02.05.2017 10:42