Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есеп

2016 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс туралы

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен (2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 толықтырулар мен өзгерістерімен) бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 177 түрін көрсетеді. Орталық органдар 173 стандарт бекіткен болатын, олар бойынша облыс әкімінің қаулыларымен тиісті стандарттар әзірленіп, бекітілді. Қалған  2 регламент стандарттар бекітілген соң қабылданатын болады.

Жалпы облыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының артқаны байқалады.

Егер 2015 жылы 105986 қызмет көрсетілген болса, 2016 жылы – 140479, бұл алдыңғы жылғыдан 1,3 есе артық.

2016 жылы жергілікті атқарушы органдар арқылы 4,4 млн. мемлекеттік қызмет тікелей көрсетілді.

2016 жылы мемлекеттік қызметтің 97 түрі бойынша (2015 жылы – 65 түрі) 65466 қызмет электронды форматта көрсетілді (2015 жылы – 23814 қызмет), бұл алдыңғы жылғыдан  2,7 есе артық.

Мемлекеттік қызметтің 97 түрі электронды форматта көрсетіледі, олар келесі ақпараттық жүйелерде іске асырылған:

–  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» – 75 қызмет;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек нарығы»3 қызмет;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Е – әлеуметтік қамсыздандыру»3 қызмет;

«Е-әкімдік» ақпараттық жүйесінде (білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде енгізілген)16 қызмет.

Бүгінгі таңда «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі қалалар мен аудандар әкімдіктерінің білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде енгізілген.

Атқарушы органдар қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарының бұзылуына жол берген:  54 бұзушылық және 1 шағым  болған (әкімдіктер: Павлодар қаласы – 23; Екібастұз қаласы – 8; Павлодар ауданы – 4; Ертіс ауданы – 3; Ақсу қаласы -2; Баянауыл ауданы – 2;  Железин ауданы – 3; Лебяжі ауданы – 3; Май ауданы – 1; жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы -5; мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  – 1).

Бұзушылық фактілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылары алдағы уақытта мерзімдердің сақталмауына жол бермеу және мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті  шаралар қабылдады. Бұзушылыққа жол берген 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілккке тартылды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармалар, аудандар мен қалалар әкімдіктері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету мәселелері бойынша тұрақты түрде техникалық оқыту өткізіп тұрады.

Өзгертілді: 19.02.2015 11:42
Орналастырылды: 28.02.2017 12:45

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000