Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)

Облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен өнеркәсіп объектілері үшін кадрларды даярлауды 5 колледж жүзеге асыруда, олардың ішінде, мемлекеттік емес – 15. Бүгінгі күні контингент 20,6 мың студентті құрайды, олардың ішінде, оқудың күндізгі нысаны бойынша – 17,6 мың, оның ішінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 12,6 мың (72%).

Облыста 82 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылуда. Оның ішінде, техникалық мамандықтар бойынша – 43,2%, білім беру мамандықтары бойынша – 15,6%, сервис, экономика және басқару – 11,7%, байланыс және телекоммуникация – 8,2%, медицина – 6,5%, ауыл шаруашылығы – 6,2%, гуманитарлық – 4,9%, мәдениет және өнер – 3,7%.

Ағымдағы оқу жылында 5014 адам 42 жұмысшы мамандығы бойынша тегін білім алуда.

2014 жылдан бастап облыста «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бүгінгі күні облыстағы жеті колледжде: технологиялық, бизнес, көлік және коммуникациялар, химия-механикалық, Красноармейка аграрлық-техникалық, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде және Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде 12 сұранысқа ие мамандық бойынша оңтүстік өңірлерден 502 студент білім алады.

Өндірістік сала үшін мамандарды сапалы дайындау мақсатында облыстың 45 колледжінде 46 мамандық бойынша 805 кәсіпорын және ұйым базаларында дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда.

Серіктестікті дамыту шеңберінде 2017-2018 оқу жылына кәсіпорындар мен оқу орындары арасында одан әрі ынтымақтастық туралы барлығы 1,2 мың келісім-шарт және келісім жасалды.

2017 жылғы мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша колледж бітірушілерді жұмысқа орналастыру 74%-ды құрайды, жалпы жұмыспен қамту – 99%.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы І республикалық химия олимпиадасының қорытындысы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 2017 жылғы 31 қазан – 2 қараша күндері өткізілген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен І республикалық олимпиадасына республиканың 17 аймағынан 70-тен астам 9 сынып оқушылары қатысты. Екі тур бойынша жүргізілген олимпиада Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде өтті.

Қатысушылар үшін Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Команда жетекшілері Жезқазған қ. білім беру ұйымдарына барды.

Павлодар облысынан 2016-2017 жылғы химия пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Щегляев Андрей және Зелева Кристина, дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының оқушысы Сембекова Дильназ қатысты.  

Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы Щегляев Андрей ІІ орынға ие болды (мұғалімі Молокова И.Н.)

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

Қарағанды қаласында 2017 жылғы 2-5 қараша күндері М.Нурмаков атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Ұлы өнертапқыштыққа  алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық   идеялар конкурсы өтті.  

Республикамыздың барлық өңірлерінен конкурсқа 160 бала қатысты. Павлодар  облысының намысын жалпы орта білім беру және мамандандырылған  мектептерінен 9 оқушы қорғады.

Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдарымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Ғумран Әлімжан және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатынын 8 сынып оқушысы Еренгаип Қобланды  марапатталды.

Қазылар алкасы оқушылардың зерттеу жобаларына жоғары баға беріп, балаларға техникалық модельдеу бағыттағы  жұмыстарын жалғастыруды және келесі жылы Алматы қ. өтетін конкурсқа қатысуды ұсынды.

 

Жас зерттеушілер конкурсы

1-7 сынып оқушылары арасындағы  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі 2017 жылғы 3 қарашада өткізілді.

Зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың белсенділігі жыл сайын артуда. 2016-2017 оқу жылы «Зерде» облыстық конкурсында 372 қатысушы болса, биыл қатысушылар саны 399-ге дейін өсті.

Конкурстың қорытындысы бойынша 161 жобаның авторы (200 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде 1-ші орында 17 жобаның авторы (22 қатысушы), 2-ші орында – 50  жобаның авторы (67 қатысушы), 3-ші орында – 93 жобаның авторы  (111 қатысушы).

Алғыс хаттармен 12 ең жас зерттеушілер – 1 сынып оқушылары ынталандырылды.

«Ең үздік бақылау» номинациясымен Павлодар қ. №25 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Касым Кәрім және Качир ауданы Песчан №2 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Филимонова Виктория; «Ең жақсы эксперимент» – Павлодар қ. №39 орта мектебінің 3  сынып оқушысы Тузовская Варвара және Павлодар қ. №22  орта мектебінің 1 сынып оқушысы Муратова  Ясмин; «Мәселені  нақты ашқаны үшін» ­- Павлодар қ. №25 орта мектебінің 5 сынып оқушыы Сапарбек Ақжүніс, Ертіс ауданы Қараағаш орта мектебінің 5 сынып оқушысы Тасбулатова  Жұлдыз, Баянауыл ауданы М.-Ж.Көпейұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Рахымтай Нұрасыл; «Ең шығармашыл топ» – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 және 7 сынып оқушылары Кабиденова Дарина, Маймақова Айымгүл,  Сейіт Омар, Токтыбаев Даулеткали, Павлодар қ. №32 орта мектебінің 6 сынып оқушылары Куприянов Артем және Аюпов Александр,  Ақсу қ.  Ақжол орта мектебінің 6 сынып оқушылары Қуанышулы Али-Барс  және Алтынбек Айым, Павлодар қ. №25 орта мектебінің 2 сынып оқушылары Аубакиров Амир мен Аубакиров Ануар марапатталды.

«Жобаның үздік жетекшісі» номинациясын дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының мұғалімі Валова  Мария  Валерьевна,  Павлодар қ. №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі Проскурина  Елена Валерьевна, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Текенов Арыстан Анатольевич, Ертіс ауданы №4 орта мектебінің мұғалімі Сматаев Канат Агбаевич, Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің мұғалімі Сарсембекова Куляш Амантаевна иеленді.

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің, Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының,  Абай ат. №10 лицей-мектебінің,  Павлодар қ. №№21, 9, 25, 39 орта мектептерінің оқушылары жоғары қатысу рейтингін көрсетті.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

Мектептерде сабақтарды тоқтатуға арналған параметрлер

Павлодардың білім беру мекемелерінде қысқы кезеңде сабақтарды тоқтату бойынша ұсынылған температуралық параметрлер: жел болмағанда және желдің жылдамдығы секундына екі метр және одан да жылдам болғанда; жел секундына 2 метр болғанда және одан да күшейгенде; жел секундына 20 метрге дейін болғанда 1-4 сыныптарда сабақ болмайды, жел секундына 25 метрге жеткенде және одан асқанда 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Күн сайын 6.45-те және 12.10-да білім беру бөлімінің bilim-pavlodar.gov.kz сайтында бірінші ауысымдағы сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпарат орналастырылады. Оған қоса, облыстық радио арнасында сағат 7.10-да бірінші ауысымның және 12.10-да екінші ауысымның сабақтары тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланады. Сондай-ақ «Ирбис» телеарнасында сағат 7.00-7:30-да және 12:10-13:00-де жүгіртпе жол орналастырылатын болады.

Білім беру

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым – 2016» қонкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру тәртібі және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 544 бұйрығы және «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес, ағымдағы жылғы 15 наурыздан 15 шілде аралығында Павлодар облысында грант беру конкурсы өтті.

Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары М.Р. Бегентаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енді.

Облыстық турға барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде, 11 ауылдық, 3 қалалық, 3 облыстық.

Облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, сомасы 18287200 теңгеге грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша конкурс лауреаты Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия-мектебіне сертификат беріліп, лауреат атанды. Лауреаттар құнды сыйлықтармен ноутбук, теледидар, фотоаппаратпен марапатталды.

Өзгертілді: 27.10.2014 09:27
Орналастырылды: 27.04.2017 09:41

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста 433 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде 171 балабақша (мемлекеттік – 166, жеке меншік – 5) және 262 шағын орталық (мемлекеттік шағын орталықтар – 259, жеке меншік – 4).

Оқуы қазақ тілінде 237 мектепке дейінгі ұйым, оның 65-і – балабақша. Ұлты қазақ балалардың жалпы санынан балаларды қазақ тілінде тәрбиелеу және оқытумен қамту 82,2%-ды құрайды.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 75,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды. 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 100%.

Өзгертілді: 27.10.2014 09:28
Орналастырылды: 03.05.2017 11:36

Орта білім беру

Облыста 389 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (387 – күндізгі мемлекеттік мектеп, 1- НЗМ, 1 – спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп). Шағын жинақталған мектеп – 251. Күндізгі мемлекеттік мектеп оқушыларының жалпы контингенті – 96376 адам. Оқуы қазақ тіліндегі мектеп – 151. Ұлты қазақ балалардың санынан қазақ тілінде білім алатын оқушыларды қамту 74%-ды құрайды.

Жалпы 94055 оқушының қамтылуымен (99,8%) 357 мектепте (93,9%) ыстық тамақ ұйымдастыру жүзеге асырылады. Соңғы төрт жылда аз қамтылған отбасыларының балаларын қолдауға жаппай оқыту қорына аударылған сома жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға шығыс сомасынан 3% құрайды.

Балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың 107 мектебіне 2975 оқушыны (қажеттіліктен 100%) тасымалдау ұйымдастырылған. Бұл мақсатқа 110 бірлік автокөлік пайдаланылуда.

Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.

Мектептерде 1 компьютерге 5,7 оқушыдан келуі республикадағы ең үздік жарақтандыру көрсеткіштердің бірі болып табылады.

66 мектепте электронды оқыту жүйесі пайдаланылады.

2016-2017 оқу жылында  облыстың 273 оқу орнында «Күнделік» жобасын енгізу бастау алды.

376 мектепте «BilimLаnd» білім беру платформасы: мектептердің оқу процесінде «iTest» ҰБТ-ға дайындық жүргізу бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені, «iMektep» (аудиовизуалды шығарма – анимациялық фильм)  пайдалануда.

2016 жылы 38 мектепте робот техникасы кабинеттерімен жарақтандырылған, 2017 жылы 95 мектеп жабдықтар сатып алды.

Өзгертілді: 27.10.2014 09:31
Орналастырылды: 06.06.2017 17:19

2017 жылғы республикалық пән олимпиадасы

2017 жылғы 13-29 наурыз аралығында Павлодар және Ақтау қалаларында Қазақстанның 1346 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

Павлодар облысының интеллектуалды командасын 96 оқушы ұсынды – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Облыс қатысушылары түрлі деңгейдегі 55 медальды жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 15 күміс, 33 қола. 14 қатысушы ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен марапатталды. Павлодар облысының интеллектуалды командасы «Үздік олимпиадалық команда-2017» атағына лайық деп танылды.

Өзгертілді: 06.11.2014 17:29
Орналастырылды: 06.06.2017 17:23

Республикалық зерттеу жұмыстары және «Зерде» шығармашылық жобалар конкурсы

2017 жылғы 15-17 наурыз аралығында Щучинск қаласының республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу жұмыстары және «Зерде» шығармашылық жобалар конкурсы өтті.

Павлодар облысынан математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 16 жобамен 22 оқушы қатысты. Конкурс қорытындылары бойынша Павлодар облысының командасы 20 жүлделі орынды иеленді.

Өзгертілді: 06.11.2014 17:32
Орналастырылды: 06.06.2017 17:34

Ә.Бектұров атындағы ІІІ халықаралық химия олимпиадасы

Павлодар қаласында 2017 жылғы 11-13 сәуір аралығында Ә.Бектұров атындағы ІІІ халықаралық химия олимпиадасы өтті, оған Қазақстанның 9 аймағынан, Алматы және Астана қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Ресей Федерациясының Новосібір, Омбы ққ., Татарстан және Саха Республикасынан (Якутия) 19 команда құрамында 68 оқушы қатысты.

Павлодар облысының 5  оқушысы олимпиаданың жеңімпазы атанды. Павлодар қаласы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Смағұлова Дариға «Үздік практик» атағына ие болды.

Олимпиада ұйымдастырушыларының атынан І және ІІ орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ноутбук, ІІІ орын алған оқушыларға монопод сыйға берілді.

Өзгертілді: 06.11.2014 17:40
Орналастырылды: 12.06.2017 10:05

Химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы

Астана қаласында 2017 жылғы 23-30 сәуір аралығында химия пәнінен 51-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына әлемнің 22 елінен 120 оқушы қатысты.

Үш тур қорытындысы бойынша Павлодар қаласы дарынды ер балаларға арналған  «Білім – инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы химия пәнінен республиқалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері  Рахимов Темірлан қүміс медальмен және II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Өзгертілді: 06.11.2014 17:51
Орналастырылды: 12.06.2017 10:06

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

Өскемен қаласында 2017 жылғы 26-29 сәуір күндері  Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізілді.

Павлодар облысының намысын 12 оқушы қорғады ­– облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегері. Республикалық олимпиаданың қорытындылары бойынша  5 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын – 2, II орын – 1, ІІІ орын – 2.

Өзгертілді: 06.11.2014 18:04
Орналастырылды: 12.06.2017 10:23

Халықаралық «Зерде» математикалық олимпиада

2017 жылғы 20-21 мамыр күндері Астана қаласында 3-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Зерде» халықаралық олимпиадасы өтті.

Біздің өңірден 3 команда құрамында 16 оқушы қатысты. Командалық тур қорытындылары бойынша ІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Абай атындағы  №10 лицей-мектебі, ІІІ дәрежелі дипломмен «Жас дарын» мамандандырылған мектебі марапатталды. Жеке тур қорытындылары бойынша  І дәрежелі дипломмен 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 1 оқушы марапатталды. Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен 7 оқушы грамоталармен марапатталды.

Өзгертілді: 06.11.2014 18:12
Орналастырылды: 12.06.2017 10:25

Қ.И.Сәтбаев атындағы VII халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар облысының Баянауыл кентінде 2017 жылғы 26-29 мамыр аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы VII халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Жүлделі орындардың басым бөлігін жинағандар: Павлодар облысының құрама командасы – 15, Якутия (Саха Республикасы) құрама командасы – 8, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы – 6. Олимпиада жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Өзгертілді: 06.11.2014 18:19
Орналастырылды: 12.06.2017 10:26

Облыс әкімінің дарынды балаларға арналған кеші

«Крендель» Банкет-холында 2017 жылғы 2 маусымда рейтингтік интеллектуалды жарыстарда жетістіктерге жеткен республикалық және халықаралық олимпиадаларының 59 жеңімпазы мен жүлдегерлері, облыстың жетекші педагогтарын марапаттаған облыс әкімінің дарынды балаларға арналған кеші өтті. Салтанатты қабылдау барысында оқушылар облыс әкімінің атынан «Дарын-2017» белгісі және арнайы сыйлықтармен марапатталды.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтар облыс әкімінің құттықтау хаттары, бағалы сыйлықтар және естелік белгілер берілді. Облыстық кәсіподақ ұйымы мұғалімдерге демалыс және сауықтыруға арналған санаторийлерге жолдамалар берді.

Өзгертілді: 06.11.2014 18:30
Орналастырылды: 12.06.2017 10:27

Білім беру объектілерінің құрылысы

2016 жылы Екібастұз қаласында 1200 орындық жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді.

Ұлттық қор қаражаты есебінен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы желтоқсан айында Ақсу қаласында 280 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. «За будущее г. Экибастуза» ҚБ әлеуметтік серіктестік шеңберінде 255 орындық балабақша қайта қалпына келтірілді.

2017 жылы Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Мамаит Омаров атындағы Жамбыл орта мектебінің ескі ғимаратын қайта құру бойынша жұмыстар басталды, жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2017 жылғы тамыз.

Баянауыл ауданының Майқайың кентінде 110 орындық балабақша құрылысы басталды, пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – 2017 жылғы қыркүйек.

Облыс әкімі және ER Group S.a.r.l. арасындағы меморандум шеңберінде Павлодар түсті металлургия колледжі үшін 200 орындық жатақхана құрылысы және «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы» АҚ – монтаждау колледжі үшін 200 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде.

Өзгертілді: 10.11.2014 11:32
Орналастырылды: 03.05.2017 14:53

Қосымша білім беру

Облыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру және дамытуды қамтамасыз ету үшін 89 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды (44 мектептен тыс мекемесі және 45 аула клубы). 5 жазғы қала сыртындағы лагерь бар. Қосымша білім беру мекемелерінде 36,4 мың оқушы білім алады (оқушылар контингентінің 37,8 %).

Оқу ұйымдарының базасында қызметтің әр түрлі бағыты бойынша 53033 оқушы қамтылған (55 %) 4102 үйірме, клуб жұмысы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 53,9 мың оқушы қамтылған, 3332 спорт секциясы жұмыс жасайды.

Қосымша білім беру орталығы 4,2 мыңнан аса баланың қамтылуымен 366 студия және үйірме жұмыстарын жүргізетін облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайы болып табылады.

2016 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен «Сарыарқа» шағын ауданында 502 оқушы қамтылған балалар техникалық мектебі ашылды.

2016 жылы Лебяжі ауданының Аққу ауылында 300 оқушыны қамтыған балалар өнер мектебі жұмысын бастады.

Облыстық М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебі, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені жұмыстарының тәжірибесі республикалық деңгейде талдап қорытылды.

Павлодар облысы әкімінің бастамасымен 2017 жылғы 9 қаңтарда облыстың 200 мектебінде, оның ішінде 110 ауылдық мектепте шахмат үйірмелері салтанатты түрде ашылды, олардың қызметіне және шахмат кабинеттерін заманауи жабдықтауға бюджеттік қаражат бөлінді. 12 мыңнан аса оқушы шахмат үйірмелерімен айналысады.

Халықаралық балаларды қорғау күні 2017 жылғы 1 маусымда  Павлодар қаласының төменгі жағалауында балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Шеруге Павлодар облысының 73 білім беру мекемесінен 4500 бала қатысты.

Шеруді ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті бюджеттен 65,1 млн. теңге бөлінді. Соныдай-ақ, «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы 50,0 млн.теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Аталмыш шеру еліміздің балалар және жастар музыкалық мәдениет деңгейін көтеруге арналды, оны жыл сайын өткізу жоспарланған.

Өзгертілді: 14.11.2014 10:29
Орналастырылды: 12.06.2017 10:27

Арнайы білім беру

Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 185,8 мың бала тұрады, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар – 6228 (балалардың жалпы санынан 3,4%), оның ішінде мүгедек балалар – 1697 (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 27,2%).

383 мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кедергісіз орта жағдайлары жасалған (63,4%).

7 арнайы жалпы білім беретін мектепте және мектеп-интернатта 814 бала білім алады (мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 19,0%).

Облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат базасында 59 бала білім алатын көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар жұмыс істейді. Аталған категориядағы балаларды оқыту мектеп-интернатта құрылған арнайы жағдайларда жүзеге асырылады: портативті электронды лупалар, тифлокешендер, брайлерлік дисплейлер, оқушының интеллектуалды қызметін ынталандыру үшін компьютерлік дамыту ойындары пайдаланылады.

Инклюзивті білім берумен 3235 адам (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 51%), оның ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде ақыл-ойы кенже қалған балаларға арналған арнайы сыныптарда оқытумен қамтылған.

Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жанында 142 логопед пункті жұмыс істейді, оған 3393 бала барады, оның ішінде балабақша жанында – 2161 баланың қамтылуымен 89 пункт, мектептер жанында 1232 баланың қамтылуымен 53 пункт.

Павлодар қаласының № 15 жалпы білім беру мектебі базасында сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған 10 сынып жұмыс істейді, онда 80 бала білім алады.

2017 жылғы қаңтарда Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, оған 32 бала барады.

2016-2017 оқу жылы облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 196 мүгедек бала білім алады.

Өзгертілді: 14.11.2014 10:37
Орналастырылды: 03.05.2017 14:57

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)

Облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен өнеркәсіп объектілері үшін кадрларды даярлауды 49 колледж жүзеге асыруда, олардың ішінде, мемлекеттік емес – 15. Бүгінгі күні контингент 20,8 мың студентті құрайды, олардың ішінде, оқудың күндізгі нысаны бойынша – 17,5 мың, оның ішінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 11,7 мың (67%).

Облыста 79 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылуда. Оның ішінде, техникалық мамандықтар бойынша – 42,4%, білім беру мамандықтары бойынша – 15,5%, сервис, экономика және басқару – 11,2%, байланыс және телекоммуникация – 8,6%, медицина – 7,2%, ауыл шаруашылығы – 5,9%, гуманитарлық – 5,7%, мәдениет және өнер – 3,5%.

Ағымдағы оқу жылында 4210 адам 24 жұмысшы мамандығы бойынша тегін білім алуда.

2014 жылдан бастап облыста «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бүгінгі күні облыстағы алты колледжде: технологиялық, бизнес, көлік және коммуникациялар, химия-механикалық, Красноармейка аграрлық-техникалық және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде 9 сұранысқа ие мамандық бойынша оңтүстік өңірлерден 358 студент білім алады.

Өндірістік сала үшін мамандарды сапалы дайындау мақсатында облыстың 45 колледжінде 46 мамандық бойынша 623 кәсіпорын және ұйым базаларында дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда.

Серіктестікті дамыту шеңберінде 2016-2017 оқу жылына кәсіпорындар мен оқу орындары арасында одан әрі ынтымақтастық туралы барлығы 1,6 мың келісім-шарт және келісім жасалды.

Білім беретін оқу бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау және енгізу қағидаларына сәйкес, дуалды оқыту нысанын енгізу бойынша «республикалық эксперименталды алаң» статусы облыстың 12 колледжіне берілді.

2016 жылғы мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша колледж бітірушілерді жұмысқа орналастыру 72,5 %-ды құрайды, жалпы жұмыспен қамту – 99,8% (жұмысқа орналасудың республикалық көрсеткіші – 73%, жұмыспен қамту – 90% болғанда).

Өзгертілді: 14.11.2014 10:49
Орналастырылды: 27.04.2017 09:48

«WorldSkillsKazaкhstan – Павлодар – 2017»

2017 жылғы 7 сәуірде «Достық» концерт залында «WorldSkills Kazakhstan Pavlodar-2017» жұмысшы мамандықтарының ІІ аймақтық чемпионаты жеңімпаздарын салтанатты марапаттауы өтті. Марапаттау салтанатына облыс әкімінің орынбасары М. Бегентаев қатысты.

Екі апта бойы облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 97 студенті 13 құзыреттілік бойынша жарысты. Әр құзыреттілік бойынша кәсіби дағдыларын бағалау үшін сараптама комиссиялары құрылды, комиссия құрамына аймақ кәсіпорындарының 47 өкілі енді.

Чемпионат қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша I орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Всеволод Бурак, II орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Ярмоленко Александр, III орынды – Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Баимбет Аман иеленді.

«Дәнекерлеуші технологиясы» құзыреттілігі бойынша бірінші орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Андрей Поздеевке, екінші орын Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Продан Захарға, үшінші орын Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Шәрімбетов Бақытжанға берілді.

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша I орынды Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Синебрюкова Полина, II орынды Павлодар политехникалық колледжінің студенті Чикунова Ирина, III – Павлодар политехникалық колледжінің студенті Русакова Елена иеленді.

«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті Адам Овчелупов I орын, Павлодар технологиялық колледжінің студенті Варапаев Иван II орын және III орынды Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің студенті Есімхан Әділ иеленді.

«Наубайшы» құзыреттілігі бойынша ең үздік және I орын иегері Павлодар технологиялық колледжінің студенті Алимбай Дәуіт атанды, II орынды – Легачева Диана, Успен аграрлық-техникалық колледжінің студенті, III орын – Алякбар Жазира, Павлодар технологиялық колледжінің студентіне берілді. 

Абдирахимов Бекзод «Ресторан қызметі» құзыреттілігі бойынша бірінші орын, екінші орын – Целипоткин Владимир, үшінші орын – Егинбаева Аида, барлық жеңімпаздар Павлодар технологиялық колледжінің студенттері болып табылады.

Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Евгений Яровскийге «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша I орын берілді, II орынды Король Владислав, Павлодар түсті металлургия колледжінің студенті және III орынды Масик Дмитрий, Павлодар ИнЕУ колледжінің студенті иеленді.

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі нәтижелері бойынша Павлодар көркем сурет колледжінің студенті Николай Свердлов I орын иегері, II орын Павлодар басқару колледжінің студенті Кулинич Максим, III орын Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Кушнир Роман иеленді.

«Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша тапсырманы үздік орындаған және I орынды иеленген Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Фархад Сафаров, II орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Коршун Игорь, III орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Журбина Анастасияға берілді.

«Сырлау және қолданбалы жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Екатерина Дмитриеваның нәтижесі үздік танылып, I орынды иеленді, II орынды Павлодар ИнЕУ колледжінің студенті Кунакова Айсулу және III орынды Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Любовь Хадеева иеленді.

«Құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Павлодар монтаждау колледжінің стунденті Елжас Рысбек бірінші орын, Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Шанов Рафаэль, үшінші орынды Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Таворский Антон иеленді.

«Жүк көліктеріне қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің студенті Грмаш Александр I орынды иеленді, Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Нежеря Сергей II орында және III орында Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің студенті Аманбаев Зангар.

«WEB-дизайн» құзыреттілігі бойынша I орынға Павлодар бизнес колледж студенті Сорокин Андрей, II орынға Академик К.Сатпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі Капышев Санат, үшінші орынға Бурдаков Николай, Павлодар басқару колледжінің студенті ие болды.

«WorldSkills Kazaкhstan Pavlodar – 2017» ІІ аймақаралық чемпионат жеңімпаздары ағымдағы жылғы 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатта Павлодар облысының намысын қорғайды.

Өзгертілді: 31.03.2015 10:30
Орналастырылды: 27.04.2017 10:22

WorldSkills Kazakhstan-2017 Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары

5 мамырда Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan-2017 ІІІ Ұлттық чемпионаты аяқталды.

Төрт күн ішінде 300-ден аса қатысушы өздерінің  кәсіптік шеберліктерін 27 жұмысшы құзыреттілік бойынша көрсетті.

Павлодар облысынан техникалық кәсіби білім беру оқу орындарының WorldSkills Kazakhstan Pavlodar-2017 аймақтық чемпионат  жеңімпаздарының 13 студенті ұсынылды.

Ұлттық чемпионат қорытындылары бойынша біздің облысымыздың қоржынына бір күміс және үш қола медаль салынды.

Өзгертілді: 31.03.2015 11:02
Орналастырылды: 12.06.2017 10:28

Облыстағы мектеп педагогтарының сапалық құрамы

2016-2017 оқу жылында облыстың барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 20 983 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 16 708 (79,6%) педагог, жоғары санаты бар – 4 668 (22,2%), бірінші санаты бар – 5 035 (23,9%) педагог.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 4 545 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 2 589 (56,9%) педагог, жоғары санаты бар – 416 (9,1%), бірінші санаты бар – 765 (16,8%) педагог.

Орта білім беру мекемелерінде 12 767 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 10 921 (85,5%) педагог, жоғары санаты бар – 3 174 (24,8%), бірінші санаты бар – 3 583 (28,1%) педагог.

Қосымша білім беру жүйесінде 1 054 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 819 (77,7%) педагог, жоғары санаты бар – 245 (23,2%), бірінші санаты бар – 192 (18,2%) педагог.

Арнайы білім беру мекемелерінде 579 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 467 (80,6%) педагог, жоғары санаты бар – 121 (20,8%), бірінші санаты бар – 112 (19,3%) педагог.

ТжКБ ұйымдарында 2 038 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1 912 (93,8%) педагог, жоғары санаты бар – 712 (34,9%), бірінші санаты бар – 383 (18,7%) педагог.

Өзгертілді: 02.04.2015 11:04
Орналастырылды: 27.04.2017 09:49

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің көшпелі отырысы

2017 жылғы 17-18 сәуір аралығында Бірғаным Сарықызы Әйтімованың төралығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өткізілді. Комитет мүшелеріныің құрамында: Владимир Николаевич Редкокашин – комиссия хатшысы, комитет мүшелері, депутаттар – Әли Әбдікәрімұлы Бектаев, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев, Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев облыстың білім беру саласындағы даму жағдайлары және перспективаларымен танысты.

Комитет мүшелері жұмыс барысында Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары, Качиры, Лебяжі, Павлодар, Успен, Шарбақты және Ақтоғай аудандарының 46 білім беру объектісіне барады. Олардың ішінде – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 36 жалпы білім беру мектебі (13 – қалалық, 23 – ауылдық), 4 қосымша білім беру ұйымы, балаларға арналған баспана, аутизмді балаларға арналған оңалту орталығы, түзету кабинеті, балаларды дамыту орталығы.

Әр аймақтың білім беру ұйымдарында депутаттар педагогикалық ұжымдармен, ата-аналар комитетінің өкілдерімен және жалпы білім беретін, мамандандырылған және шағын жинақталған мектептердің оқушыларымен кездесті. Кездесулерде елдің және аймақтың білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер қозғалды, сондай-ақ еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты қағидалары талқыланды. Депутаттар Елбасының алға қойған мақсаттарға жету жолдары бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Президент мақаласының бағдарламасын қолдай отырып, біздің аймағымыздың педагогтары өз тілектерін білдірді.

19 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда аймақтың білім беру жұйесінің жағдайына жоғары баға берілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Сарықызы Әйтімова Павлодар облысындағы іссапар пайдалы да, өте мағыналы болғанын атап өтті. Комитет мүшелері бір ауыздан Павлодар облысының білім беру жүйесінің табысты жұмыс тәжірибелерін республикаға тарату қажеттілігін алға тартты.

Комитеттің көшпелі отырысының қорытындылары бойынша 2017 жылғы ІІІ тоқсанда «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеу жағдайлары, проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Парламенттік тыңдалымдар өткізуді жоспарлайды.

Өзгертілді: 26.04.2017 17:58
Орналастырылды: 03.05.2017 14:58

2017 жылғы ҰБТ қорытындылары

Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен Павлодар облысында ҰБТ өткізу кестесіне сәйкес, 21-23 маусымда 10 ҰБТ өткізу пункттерінде (Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИнЕУ, Сәтбаев атындағы ЕИТИ, Ақсу қаласы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры аудандары) тестілеу өтті.

ҰБТ-ға барлығы 2546 бітіруші қатысты (68,1%).

Облыс бойынша ҰБТ-ның  орташа балы –  91,76 (2016 ж. – 88,2 балл).

Қалалар арасында жоғары орташа балл Павлодар қаласында – 100. Ауыл аудандары арасында үздік нәтижелер: Шарбақты – 91,51 б., Качиры – 91,09 б., Ертіс – 90,88 б., Ақтоғай – 90,11 б.

Мамандандырылған мектептер арасында жоғары орташа балл көрсеткендер: «Жас дарын» – 121,83, № 3 гимназия – 113,62, Абай атындағы № 10 лицей-мектебі – 113,14,  облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты – 109,98.

Тестілеу кезінде 140 балл алу мүмкіндігінен келесі бітірушілер үздік нәтижелер көрсетті: Сальменбаев  Алгыр – 138 балл  (Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі), Бакен Даниял  – 137 балл және  Еранова  Айдан 136 балл («Жас дарын»), Саун Темирлан – 135 балл (облыстық көп салалы лицей-интернаты), Сақтасынов Ерасыл (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация», Белгибаева Анель (Абай атындағы № 10 лицей-интернаты) және Избасканова Рамина («Жас дарын»)  134 балдан.

Бітіру емтихандарын тапсырушылар қатарынан 100 балдан жоғары жинаған 1034 бітіруші немесе  43 %.

132 бітіруші (5,4%) жоғары оқу орнына оқуға түсу үшін шекті деңгейден (50 балл) өте алмады.

Өзгертілді: 29.06.2017 18:20
Орналастырылды: 30.06.2017 14:49