Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

ШОБ көрсеткіштері туралы ақпарат

ШОБ әрекет етуші субъектілерінің көлемі а.ж. 1 қаңтарына 43 872 бірлікті құрады, соның ішінде:  

– шағын кәсіпкерліктін заңды тұлғалары – 7 566 бір.;

– орта кәсіпкерліктін заңды тұлғалары – 94 бір.;

– жеке кәсіпкерлер 32 856 бір.;

– шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтар – 3 356 бір.;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім өндіру 2017 жылғы 01.01. мезгіліне 497 186 млн. теңгені құрады. ШОБ субъектілерінің жалпы көлемінде жеке кәсіпкерліктін үлесі – 74,9%, шағын кәсіпкерліктін заңды тұлғалары – 17,2%, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтар – 7,6%, орта кәсіпкерліктін заңды тұлғалары – 0,2% құрады.

ШОБ-де жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылғы 1 қазанға 128 086 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктін тіркелген заңды тұлғаларының саны 2017 жылғы 1 маусымға 14 055 бірлікті құрады, оның 10 487 бірлігі немесе 74,6 % әрекет етуші болды, 6 775 кәсіпорын (64,6 % әрекет етушілерден) белсенді болды.

Павлодар облысынын тіркелген заңды тұлғаларының көбісі көтерме жəне бөлшек саудаға келеді; автокөлік терді жəне мотоциклдарды жөндеу, 2017 жылғы 1 маусымға олардың үлесі  30,4% құрады. Екінші орында – құрылыс (13%), үшінші – өндері өнеркəсібі (8,2%). Осы қызметтер қосындысынын үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардан 51,6% құрайды.

2017 жылғы қаңтар – мамырда бөлшек сауда айналымы 120,5 млрд. теңгені құрады жəне  2016 жылдын тиісті уақытын 4,9% өсті.

2017 жылғы 1 маусымға бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарынын тауарлық қорлар көлемі  14,9 млрд. теңгені құрады

2017 жылғы 1 маусымға көтерме саудадағы сауда кәсіпорындарынын тауарлық қорлар көлемі 16,5 млрд. теңгені құрады.

Өзгертілді: 13.11.2014 15:34
Орналастырылды: 30.06.2017 11:06

Павлодар облысының өнеркәсібі

Павлодар облысы прогрессивті және диверсифицияланған экономика құрылымымен сипатталады. Бұл жерде елдің өнеркәсіп өндірісінің 7,3 % шоғырланған.

Павлодар облысы Қазақстанның дамыған индустриялық өңірлерінің бірі болып табылады. Еңбектің жалпыреспубликалық аумақтық бөлінісінде жетекші орынды иеленеді: өңірде өндірілетін көмірдің 61,1% шоғырланған, 44,3% -өндірілетін электр энгериясы, 76,1% – ферроқорытпа өндірісі, 41,7% – бензин өндірісі және 100% – глинозем және өңделмеген алюминийдің республикалық өндірісі.

Павлодар облысы экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Онда облыс халқының төртен бірі жұмыс істейді және облыстың ІӨӨ 43%-ға жуығын құрайды.

Облыста 1000 өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істейді, соның ішінде 15 жүйе құраушы кәсіпорын барлық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 70%-дан астамын қамтиды. (“Богатырь Көмір” ЖШС (көмір өндіру), “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ (көмір өндіру, электр-жылу энергиясы), «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты (ферроқорытпа өндірісі), “Қазақстан алюминийі” АҚ (глинозем, электр энергиясын шығару), “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ (өңделмеген алюминий өндіру), “KSP Steel” ЖШС ПФ (жіксіз құбырлар және болат өндіру), “Кастинг” ЖШС ПФ (болат шығару), “Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС (мұнай өнімдерін, минералдық шикізат өндіру, машина және өзге де құралдар, бумен және сумен жабдықтау), «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ (электр энергиясын өндіру).

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында осы кәсіпорындардың басым болуы өңір экспортының ресурстық-шикізаттық бағытталуына негізделген.

Өзгертілді: 30.06.2017 11:02
Орналастырылды: 30.06.2017 14:45