Табиғат ресурстары

“KAZ Minerals Bozshakol” ЖШС-ның (ҚАЗ Минералз Бозшакөл) “Бозшакөл кен орнының: Орталық пен Шығыс учаскілерінің өңдірістік өндеу жобасына ҚОӘБ” қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы (579.8 Kb, zip)

Қатты пайдалы қазбалар бойынша

Павлодар облысы аумағында 2016 жылғы 1 ақпанға қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) өндіруге15 жер қойнауын пайдаланушылармен 18 келісімшарт бекітілді.

ҚР МИР және «НК «СПК «Павлодар» АҚ арасында 2015 жылы Миялы және Көк-Тас ауданында мыс кен орнын барлау үшін 4 және 6 жылға 2 жаңа келісімшарт және №1 және №2 Майқайын байыту фабрикасының техногенді минералды тыңайғыштар қорын барлауға 3 жыл мерзімге 1 келісімшарт бекітілді.

2015 жылға орындалған қаржылық міндеттемелер көлемі 116,1 млрд. тенгені құрады, жоспар бойынша 108,8 млрд. тенге (106,7%);

Инвестициялар көлемі 88,0 млрд. тенге, жоспар бойынша 82,9 млрд. тенге (106,1%);

Көмір өндіру көлемі – 71,4 млн. тонн, жоспар бойынша – 80,4 млн. тонна (88,9%);

Металдар бойынша қазбалар көлемі – 55,1 тыс. тонн, жоспар бойынша 58,2 мың тонна (94,7%);

Өңірдің әлеуметтік саласы мен инфроқұрылымына кеткен шығындар – 235,8 млн. тенге, жоспар бойынша – 106,7 млн. тенге. (220,9 %);

Қазақстандық мамандарды оқытуға кеткен шығын 178,1 млн. тенгені құрады, жоспар бойынша 118,5 млн. тенге (150,3%);

Салық 14,9 млрд. тенгені құрады.

 

Жалпыға таралған пайдалы қазбалар бойынша

Басқармамен 2015 жылға ЛКУ №1 формасы бойынша жер қойнауын пайдаланушы – кәсіпорындардың келісімшарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізілді.

Жер қойнауын пайдаланушы – кәсіпорындардың есептерін тыңдау үшін график құрастырылған, олар бойынша 2015 жылға ЛКУ №1 формасы бойынша жылдық есептері тыңдалды.

Реестрде 35 кәсіпорын тіркелген, олармен кен орындарын өңдеу үшін 44 келісімшарт бекітілген.

2015 жылдың нәтижесі бойынша, қаржылық міндеттемелер көлемі 4 394 млн. тенгені құрады, жоспар бойынша 5 117 млн. тенге (85,9 %);

Инвестициялар көлемі 4 161 млн. тенге, жоспар бойынша 4 079 млн. тенге (102 %);

Өндіру көлемі 4 428 мың кубметрді құрады, жоспар бойынша 5 557,9 мың кубметр (79,7 %);

Өңірдің әлеуметтік саласы мен инфроқұрылымына кеткен шығындар – 19,43 млн. тенге, жоспар бойынша – 20,41 млн. тенге (95,2 %);

Қазақстандық мамандарды оқытуға кеткен шығын – 21,79 млн. тенге, жоспар бойынша – 27,5 млн. тенге (79,1 %);

Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен төлемдері 668 млн. тенгені құрады.

Анықтама бойынша:

Құрылыс тасын өндіру (щебня) 16 кен орнында 15 жер қойнауын пайдаланушымен өндіріледі. 2015 жылда 2 339,1 мың кубметр шикізат өндірілді.

Құрылыс құмын өндіру 7 кен орнында 6 жер қойнауын пайдаланушымен өндіріледі. З 2015 жылда 279,5 мың кубметр шикізат өндірілді.

ПГС өндіру 8 жер қойнауын пайдаланушымен 8 кен орнында жүргізіледі. 2015 жылда 864,7 мың кубметр шикізат өндірілді.

Сазды өндіру 4 жер қойнауын пайдаланушымен 4 кен орнында жүргізіледі. 2015 жылда 39,6 мың кубметр шикізат өндірілді.

Әктасты өндіру 2 кен орнында жүргізіледі. 2015 жылда 801 мың кубметр шикізат өндірілді.

Бүгінгі таңда тұзды өндіру 5 кен орнында 4 жер қойнауын пайдаланушымен жүргізіледі. 2015 жылда 104,6 мың кубметр шикізат өндірілді.

Өзгертілді: 03.12.2014 10:34
Орналастырылды: 07.02.2017 08:58