Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бақауов Болат Жұмабекұлы – облыс әкімі, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы 

1971 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Новокузьминка ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын аяқтаған.

2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Түрлі кезеңде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»  мерейтойлық медальдерімен, «Облыстың дамуы үшін сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Жеке меншік нысандарында басшылық қызмет атқарып, Қашыр ауданының, Ақсу және Павлодар қалаларының әкімі лауазымдарында еңбек етті.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.