«Нұр Отан» партиясы

Партияның облыстық филиалының 2014 жылғы жұмысы жайлы ақпарат

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы – қоғам сұрауына шұғыл әрекет етуші жауапты да саяси ұйым. Парламент пен Үкіметті қалыптастырып, жергілікті өкілетті органдарда басымдылыққа ие бола отырып, саяси жүйенің басты элементіне айналды.

Осыған орай партияның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партиялықтар жұмысының тиімділігін түбегейлі арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша партияның облыстық филиалындағы халық саны 58471 адамды құрайды.

2014 жылы партияның филиалдары партия мүшелерінің сапа құрамын жақсартуда белсенді еңбек етті. Нәтижесінде партияға 3230 адам қабылданды.

Екі жыл ішінде облыстық филиал құрамындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 5,6%-ға, 30 жасқа дейінгі жастар саны 2 %-ға артты.

Облыстық партиялық ұйымның негізін экономика мен қызмет көрсету, шағын және орта бизнес пен шаруа қожалықтарының (41,2%), әлеуметтік сала (28,4 %) өкілдері құрайды.

Облыстық филиал қызметінің нәтижесі аумақтық филиалдар мен жергілікті АПҰ-ның жұмысына байланысты. Сол себепті облыстық филиал 2012 жылдан бастап олардың жұмысын рейтингілік бағалау жүйесін енгізді.

Ай сайынғы мониторинг пен қалалық және аудандық филиалдар рейтингін анықтау партия қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырудың механизмі әрі бақылаудың тиімді әдісі болып табылады.

Есептік кезеңде партия филиалдарының материалды-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды.

Бүгінгі күн партиялық-саяси жұмысты ұйымдастыруға, партия қызметкерлерінің кәсіпқойлылығы мен біліктілігіне жоғары талаптар қоятын мезіл болып есептеледі.

Ағымдағы жылы бірінші рет босатылған барлық партия қызметкерлерінің аттестациясы өткізілді.

Партияны жаңарту, партиялық органдар мен механизмдердің тиімділігін арттыру партиялықтардың, оның ішінде Саяси кеңес мүшелерінің, депутаттардың, аппарат қызметкерлерінің тиімділігі мен жоғары жауапкершілігін арттыруды білдіреді. Біздің міндет – партия филиалдары, барлық деңгейдегі депутаттық фракциялар жергілікті жерлерде саяси шешімдер қабылдаудың орталықтарына айналуына қол жеткізу. Осы бағытта біршама жұмыс та атқарылды.

Бүгінде рейтингілік бағалауға сәйкес Павлолдар облыстық партия ұйымы республика бойынша үздіктердің бірі болып танылды.

Басым бағыттар бойынша негізгі қорытындылар мен перспективті міндеттер.

Бірінші. Партиялықтар жұмысындағы басты артықшылық – «Қазақстан. 2017 жылғы мақсаттар. Ұлттық іс-әрекет жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыру.

Облыстық партия ұйымының жұмысы Сайлауалды тұғырнамаға сәйкес құрылған. Сайлауалды бағдарламаның барлық іс-шарлары мен көрсеткіштері Облыстық даму бағдарламасы, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспаралары мен облыстың үшжылдық бюджетінде көрініс тапты.

Облыстық филиал партияның бағдарламалық құжаттарының өңірде орындалуын бақылау және мониторингілеу бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

Партия тұғырнамасының негізгі бағыттарын іске асыруды бақылау сараптамалық топтар басшылық ететін облыстық мәслихат депуттары қатарынан алынған 12 кураторымен жүзеге асырылады. Сараптамалық топтардың құрамында депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері бар.

Өңірлік партия филиалдарының жұмыстары да осындай жүйемен құрылған.

Партияның облыс бойынша Сайлауалды тұғырнамасының орындалуын бақылауды құрамында 1036 адам, оның ішінде облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың 96 өкілі бар 148 срапатамалық топ іске асырады.

Аталмыш мониторинг көрсеткендей, Сайлауалды тұғырнаманың 70 көрсеткішінің облыста 49-ы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілсе, 16-сы уақытынан бұрын орындалған.

Өңірде Сайлауалды тұғырнаманың балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету көрсеткіші мерзімінен бұрын орындалған.

Анықтама: 2014 жылғы жоспар бойынша бұл көрсеткіш 64,8 % болуы керек, бүгінгі таңда нақты түрде балаларды мектепалды тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету 1-ден 6 жасқа дейін 69,8%, 3-тен 6 жасқа дейін 100% құрайды.

Аймақта екі жаңа мектеп салынып, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды. Өңір мектептерінің 34,4 пайызында инклюзивті білім алуға жағдай жасалып, 84 пайызы кең жолақты Интернетке қосылған. Мектептердегі жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесі 55,7 %-ға өсті.

Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін артқан, жалпы өлім деңгейі 0,9 %-ға төмендеп, 9,9%-ды құрады, ана өлімі 15,4%-ға, бала өлімі 8,7%-ға азайды.

Облыста 17 денсаулық сақтау объектісі бой көтерді.

Қазірде облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 194,9 мың адамды немесе тұрғындардың 27,5 %-ын (2017 жылғы жоспар бойынша – 26%) құрайды.

Бұл нәтижелер партияның әлеуметтік-экономикалық саясатының жеңісін білдіреді.

Қазіргі жаһандық дағдарыс кезінде экономикалық саясатты қайта бағдарлау жүріп жатыр. Мәселен, Жолдауда белгіленген жеті басылымдықты есепке ала отырып, ілгері жұмыс жасау.

Сайлауалды тұғырнаманың бағыттарын іске асыру, оның ішінде әлеуметтік, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау жоспарына түзетулер енгізілді.

Елбасы өз сөзінде парияға нақты тапсырмаалар берді – жұмысқа белсенді қосылу, Жолдауды іске асыру барысын барлық деңгейде қатал бақылау орнату.

Екінші. Идеологиялық жұмыс.

Сайлауалды тұғырнаманы тиімді іске асыру үшін партия қызметіне жобалау-мақсатты әдіс енгізілген. 

Қазіргі таңда партия жұмысын жүргізу жүйесі толық жаңартылып, әлеуметтік топтармен жұмыс айтарлықтай күшейтілген. 

Нақты бір сайлаушыға, оның мүддесі мен мәселесіне баса көңіл бөлінген. Партия жұмысы ардагерлер, мүгедектер, жастар мен балалар, аналардың, бизнес сияқты түрлі мақсатты топтардың мәселелерін жүйелі шешу және нақты индикаторларға бағдарланған 12 партиялық жобаны іске асыруға бағытталған.

Партия жұмысының барлық идеологиясы «бірлік пен келісім», «отбасы мен дәстүр», «заңның үстемдік құруы», т.б. сияқты басты құндылықтар бекітілген партияның Докторинасының маңында құрастырылған. 

Партиялық жобаларды іске асыру – партия қызметінің негізі. Оларды орындаудағы басты ресурс – бастауыш партиялық ұйымдар. 

Бастауыш партиялық ұйымдар арқылы сайлаушылармен «тірі қарым-қатынас», халықпен кері байланыс жасау, олардың проблемаларын білу және оларды шешуге қол ұшын беруге болады. 

Облыста «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі 900 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың ішіндегі 318 адам тұрақты жұмысқа кірген. 

2014 жылғы қаңтардан бастап апта сайын мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Бірыңғай қабылдау күндері тұрақты өткізіліп тұрады. Нәтижесінде мүгедектердің 251-ге жуық өтініші бақылауға қойылған. 

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мен инклюзивті білім беруді дамыту үшін кедергісіз орта құруға бақылау жүргізіледі. 

Осыған байланысты жыл сайын бейімделген инфрақұрылым объектілері үлесін 30%-ға арттыру сияқты міндет қойылған. 

2014 жылғы қазан-қараша айларында бейімделген объектілер мен инклюзивті мектептерге республикалық қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізілді. Облыстық филиалдың жұмыс комиссиясы 54 объектіні тексеріп, нақты ұсыныстар берді.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша бастауыш партиялық ұйымдар, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Ардагерлер кеңестері 305 соғыс ардагерінің тұрмыстық жағдайын тексеріп, әрбір ардагерге еріктілер бекітті. Тексеру қорытындысы бойынша соғыс қатысушыларының бәріне әлеуметтік карта құрастырылды.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 251 соғыс ардагерінің мәселесі шешілді.

Жоба аясында ардагерлер мен қарттарды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды: қарттарға арналған 350-ден астам мәдениет және ойын-сауық объектілеріне барып, мыңнан астам адам компьютерлік сауаттылық курстарымен қамтылды.

Партияның филиалдары павлодарлық Совет Одағы Батырлары мен «Даңқ» Орденінің иегерлері атанған 40 адамның деректерін жүйелендірді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында басты іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, қоғамдағы ынтымақтастық пен дәстүрді нығайтуға, Ұлы Отан соғысындағы әкелеріміз бен ағаларымыздың ерлігін мәңгі ұмытпауға бағытталған. Әскери-патриоттық жұмысқа жаңа дем беру керек.

Облыста жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеуге жағымды жағдай жасауды көздеген «Бақытты балалық» жобасы белсенді жұмыс істеп тұр.

«Білім мен ғылым» бағыты бойынша облыстық сараптама тобының отырысында балалар үйінің түлектері-жетім балаларды қамқорлығына алған Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыс тәжірибесі қарастырылды. Бұл тәжірибені өңірде кең таратуға ұсыныстар жасалды.

Партиялқ жобалар «Қазақстан-2050» Стратегиясына негізделіп, халықтың нақты әлеуметтік топтарының проблемаларын талдау нәтижесінде құрастырылған.

Бүгінгі таңда партиялық бастамалар облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ әр қала мен ауданда, ауылда ортаға салынуы үшін бастауыш партиялық ұйымдардың, мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың барлық мүмкіндіктері жұмылдырылған.

Бұған біздің актив жүргізіп отырған «Қазақстан-2050» Стратегиясының арнасындағы Тұғырнаманы іске асыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмысы себептігін тигізуде.

Жобалар аясында облыстық партиялық ұйым ағымдағы жылы 277167 адамды қамтыған түрлі пішімдегі 2267 іс-шара өткізді.

Партиялықтардың жұмысы БАҚ-та кеңінен жарияланып отырады.

Үшінші. Жұмыстың басты бағыттарының бірі – тұрғындармен тұрақты әрі мықты байланыс орнату.

«Нұр Отан» партиясы тұрғындарды билікпен жақындатып, жергілікті жердегі мәселенің нақты ахуалы, азаматтардың өзекті мәселелері мен мемлекеттік органдардың жұмысы туралы объективті ақпараттың тәуелсіз көзі болуы қажет. Бүгінде партия билікке азаматтардың реттелген тілектерін жеткізетін тетікке айналған.

Бұл жұмыстың басты құралы қоғамдық қабылдаулар мен мемлекеттік органдардың басшылары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жеке қабылдауын ұйымдастыру болып отыр. Қоғамдық қабылдаулардағы азаматтардың өтініш қарқыны өскен.

Қазіргі таңда азаматтар партияға портал арқылы электрондық түрде немесе СаII-центр арқылы жүгіне алады. Ақпараттық технологияларды енгізу есебінен қоғамдық қабылдаулар жұмысының тиімділігі мен ішкі есептілігі артып, әрбір өтінішті қатаң есептеу және оған бақылау жүргізіледі.

2014 жылғы 10 айдың ішінде облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына 4533 өтініш (2013 жылғы 10 айда – 4362, 2012 жылғы 10 айда – 3343) түссе, оның ішінде 3762 өтініш немесе 83% қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылды немесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері 915 қабылдау өткізіп, 1483 өтініш (2013 жылғы 10 айда – 278 қабылдау, 659 өтініш, 2012 жылғы 10 айда – 169 қабылдау, 423 өтініш) қабылдады, олардың 91 пайызы оң шешімін тапты немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, облысттық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары белсенді жұмыс істейді. Олар 11098 қабылдау жүргізіп, 1584 адамның (2013 жылғы 10 айда – 579 қабылдау, 969 адам, 2012 жылғы 10 айда – 556 қабылдау, 966 адам) өтініш-арызын тыңдады. 1457 өтініш бойынша (92%) оң шешім шығарылып, түсіндіру жұмыстары мен ұсыныстар берілді.

«Әділет кеңес береді», «Жолдағы қабылдау», «Отбасын қолдау аптасы» акциялары аясында Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткізілді.

Кері байланыс механизмі жергілікті жерде орасан зор ақпарат легін қайта өңдеп, Тұғырнаманы іске асыруды бақылауға мүмкіндік береді.

Төртінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет.

Партияның Саси кеңесінің үстіміздегі жылғы 11 қаңтардағы кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Елбасы «Сабайлас жемқорлыққа қарсы тиімді стратегия – «Нұр Отанның» «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысындағы көшбасшылығының түбегейлі мәселесі» екенін атап өткен болатын.

Сыбайлас жемқорлық Қазақстан­ның бар­лық табыстарына қол жеткізуге мүм­кіндік туғызған мемлекетіміздің не­гіз­гі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне көлеңке түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді.

«Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын талқылау барысында халықтың аталмыш құжаттың қабылдануына қызығушылығы байқалды. Нәтижесінде Бағдарлама жобасына 120 ұсыныс пен толықтырулар келіп түсті.

Сол отырыста аталмыш Бағдарлама қабылданып, бүгінде «Нұр Отан» қоғамымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жасайтын басшы болуы қажет.

Қоғамның білек сыбана қатыспауынша, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бұған қоғамның барлық топтары қатысуы керек.

Қоғамда сыбайлас жем­қор­лық­қа төзбейтін көзқарас пен құ­қықтық са­наны қалыптастыру, мемлекет­ті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қар­сы жұмылдыру маңызды.

Бүгінгі таңда партия тәртібін бұзғандардан партия қатарын тазарту, партиялық тәртіпті күшейту бойынша да іс-шаралар қабылданды. Осы жұмысты жүргізуде басты рөлді бастауыш партиялық ұйымдар алып отыр. Есептік кезеңде партияның 37 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет басшысы айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді іс-қимыл жасамай, «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мүмкін емес.

Мемлекеттік басқарма органдарының қызметін партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайтуға мүмкіндік береді.

Есептік кезеңде партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің 187 отырысы өтіп, оның ішіндегі 94 отырыс партияішілік тәртіп, сыбайлыс жемқорлықтың алдын алу және партия қатарын тазарту, партияның Сайлауалды тұғырнамасы, мемлекеттік бағдарламалар бағыттарын іске асыру мәселелерін қарастыру жөнінде болды.

Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңестер, партиялық кураторларының сараптамалық топтары жүйелі түрде партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша индикаторлар жетістіктеріне мониторинг жүргізіп отырады.

«Нұрлы жол» Жолдауын іске асыру аясында келесі бағыттар бойынша бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды бақылау бойынша партия фракциялары жанынан комиссия құрылды:

  1. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту»;
  2. «ТҮКШ инфрақұрылымын, су және жылумен қамту желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту»;
  3. «Индустриялдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскери қызметті қолдау»;
  4. «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту».

Алтыншы. Жастармен жұмыс.

Бұл партия жұмысының басымды бағыттарының бірі. «Жас Отан» ЖҚ ІІ съездінде сөз сөйлеген Елбасы «Жас Отан» жастар қанаты – елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі» деп атаған болатын.

«Жастар – Отанға!» Стратегиясын 2020 жылға дейін іске асыру жастар саясатын жаңа деңгейге алып шықпақ.

«Жас Отан» ЖҚ Павлодар бөлімі – қатарында 29 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам жастардың басын біріктіруші облыстағы ең ірі жастар ұйымы.

Олардың арасында жұмыс істейтін және ауыл жастары, кәсіпкерлер мен мамандар, жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушылары бар.

«Жас Отанның» 14 филиалы мен 152 бастауыш ұйымы, оның ішінде облыстың 9 ірі кәсіпорны бар.

Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, партия Доктринасында көрсетілген құндылытарды насихаттау және тарату мақсатында облыста «Жастар Отанға», «Сәтті кадам», «Жастар кадрлық резерві» жастар жобалары іске асырылуда.

Жастар жұмысының басты бағыты жастар кәсіпкерлігін де дамыту болып табылады.

Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік желілерде жасотандықтар сұхбат алаңдарын құрып, онда жастар мәселелері, жобалар, жастар саясатының жаңалықтары, «Жас Отан» ЖҚ жұмысы талқыланады.

Жастармен жұмысты одан әрі күшейту – біздің басты міндетіміз.

Облыс партиялықтары өз жұмыстарында Елбасының партияның Саяси кеңес отырысында берген «Партия жұмысы бір ғана артықшылыққа ие – басқаларға қарағанда көбірек әрі жақсырақ жұмыс істеу. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының алдында аса маңызды міндеттер тұр. Партия оларды шешу үшін бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс. Жұмысты халықтың ертеңге күнге сенімді болатындай етіп атқару керек» деген сөздерін басшылыққа алады.

Өзгертілді: 22.01.2015 16:21
Орналастырылды: 26.02.2015 10:56