Павлодар облысының табиғи ескерткіштері

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл – климаттық-курорттық елді мекен, онда 1985 жылы Баянауыл табиғи паркі құрылды.

Ұлттық парктің жалпы ауданы 68452,8 га құрайды, оның ішінде 12927 га жерде қарағай өседі. Ұлттық парктің аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл – 19028 га, Жасыбай – 22094 га және Долбы – 8596 га.

Баянауыл өңірінің өсімдіктер дүниесі тамырлы өсімдіктердің 474 түрін қамтиды. Мұнда барлық бореаль реликтің 51 түрі табылған.

Баянауыл ауданы жел мен су эрозиясы үдерісі кезінде пайда болған көркем де ерекше объектілерімен әйгілі. Түрлі тас мүсіндер, діңгектер, үңгірлер, саңырауқұлақ тәрізді тастар мен өзге де табиғи тас имараттары жұртшылық назар аударып, таңдай қақтырады. Мәселен, Жасыбай көлінің оңтүстік жағасында өз кейпімен жіңішке мойны бар ыдысқа ұқсайтын «Құмыра» үңгірі кездеседі. Келесі бір үңгір осы жағалаудағы «Атбасы» шыңының маңында орналасып, орыс география қоғамының мүшесі П.Л. Драверттің атына ие. Драверт үңгірі табиғи ерекше орын ғана емес, ежелгі жазулар (ежелгі адамдардың сызбалық суреттері) табылған жер ретінде маңызды.

Ұлттық парктің аумағы этнографиялық және тарихи объектілерге бай. Баянауыл аумағында көптеген ежелгі қорымдар мен кіші қорымдар, қола дәуірінің балқымалары мен қорытпаларының қалдықтары табылған балқыту пештерінің орындары табылды. Көптеген археологиялық ескерткіштер Жасыбай мен Сабындыкөл көлдерінің маңында ашылған.

Жедел ақпараттар сүйенсек, жазғы маусым кезінде (маусым-тамыз) Баянауыл демалыс аймағына 100 000 аса турист келіп кететін көрінеді.

Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығы

«Қызылтау» мемлекеттік табиғи қорығы Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы ауданы – 60000 га. Аталмыш қорық сирек кездесетін жануарлардың түрлерін, оның ішінде арқарды көбейту және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи-климаттық аудандастыру бойынша қоңыржай белдеудегі жазықты ландшафты аймақ болып табылады.

 

 

 «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты – табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол 2003 жылы құрылып, Павлодар облысының қарағай орманындағы 277961 га алаңды қамтиды.

Бұл жерде қарағай негізгі ағаш құраушы тұқым болып табылады, өйткені қарағай қолайсыз климаттық жағдайларға төтеп бере алады. Өсімдік жабындысында селеулі-бетеге формациясы үстемдік етеді: Иоанна селеуі, бетеге, көкшіл сұр шиборбай, аласа қияқөлең, дала жусаны және т.б. Бұл аймақта өсетін шөп түрлерінің саны 35-40 жетеді, олардың көбі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер тобына жататындықтан бірінші кезекте қорғалады.  

Қарағай орманының жануарлар әлемі де әр түрлі. Мұнда сүтқоректі жануарлардың 40, ал құстардың 200 түріне дейін тіршілік етеді. Орманды бұлан, елік, түлкі, қарсақ, ақ қоян және ор қоян, дала суыры, қасқыр, сілеусін, тиін, күзен, қосаяқ және т.б. мекен етеді.

Құстардың көбі торғай, қатпарлы тұмсық, жыртқыш, тауық, тырна, ржанка тектес құстардың қатарынан шыққан. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қара құтан, аққу, қара турпан, құрғақ тұмсық, балықшы, бүркіт, балобан, жіңішке тұмсықты кроншнеп сияқты құстар ерекше қорғалады.

 «Қаз қонақ» республикалық маңызы бар

палеонтологиялық табиғи ескерткіші

Бұл ескерткіш Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстік шетінде, темір жол көпірінен оңтүстікке қарай 500 метр қашықтықта орналасқан. Ол 1928 жылы Мәскеу палеонтологы Ю.А. Орлотың мұрындық болуымен ашылды. 1929-30 жылдары бұл жерде палеонтологиялық қазбалар жүргізілді, соның барысында плиоцен-миоцен жастағы ежелгі сүт қоректілерінің бірнеше мыңдаған сүйек қалдықтары (заманауи африка фаунасының арғы нысаны) табылды. Палеонтологиялық институттың археологтары осы жердің кішігірім бөлігін зерттеген кезде одан кем дегенде 20 марал, 40 керік, 130 мүйізтұмсық, 200 гиппарион және тағы басқаларын тапты. Неоген кезеңінің (25-2 млн жыл) осындай бай жануарлар әлемі бар «Қаз қонақ» палеонтологиялық орнының ашылуы Ертістің Павлодар өңіріне бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен палеозоологтардың келуіне жол ашты. Барлық табылған палеоматериалды ғалымдар өздерімен бірге әкетіп отырды, себебі, біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болмады, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттелуін және сақталуын қамтамасыз ете алатын ғылыми ұйым да болған емес. Сол уақыттағы көптеген палеонтологиялық заттар КСРО ҒА ЗИН жинақтамасы қорына жіберілді. А.Ю. Орлов бастаған жұмыстар 1960 жылы ҚазКСРО ҒА Зоология институтындағы палеобиология бөлімінің экспедициясымен жалғасып, ортаңғы және астыңғы жиектерді елек арқылы жуып-шаю жолымен омыртқа жоталарының жинақтамасы табылды. Оның арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтар, қос мекенділер мен шағын құстардың қалдықтары анықталды. «Қаз қонақ» табиғи ескерткіші неоген жануарлары көмілген жерлердің ең ірі, әлемге аты әйгілі ескерткіш эталоны. Осы ескерткіш арқылы ертеде өмір сүрген жануарларды зерттелген жануарлардың қалдықтарымен салыстыру жұмыстары жүргізілуде.

 

«Ертіс өзенінің алқабы» мемлекеттік табиғи қорығы

Ертіс өзенінің алқабы сол жағалауда 1-ден 10-12 км қашықтықта, ал оң жағалауда 4-тен 6 км қашықтықта өтеді. Павлодар облысының аумағында Ертіс өзенінің алқабы Батыс Сібір ойысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ойысты Ертіс өзенінің оң жағалауы (Құлынды жазығы) мен Ертіс өңірі жазықтарының сол жағалауына бөледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ауданы – 377133 га.

Ертіс өзенінің алқабы өзіне ғана тән жоғары жер асты және тасқынды ылғалы бар әмбебап табиғи құбылыс. Өзен алқабы 3 мың шақырым қашықтықта Батыс Сібір облысының жазық және оңтүстік орман бөлігін кесіп өтеді. Ертіс өзенінің алқабы биіктігі 7-8 м дейінгі алқаппен және үш үстіңгі-төрттік эрозиялық-аккумулятивтік алқаптың үсті террасалар кешенімен көрсетілген. Алқаптың абсолюттік белгілері Павлодар облысының батыс шекарасында 87 метрге дейін, шығыс шекарасында 112 метрге дейін өседі. Ертіс өзені алқабының даму сатысы және рельев нысандарының сипаты бойынша ойлы-қырлы болып табылады және көптеген ескі арналармен, құмды жалдармен, жағалаудағы дуалдармен шиелініскен.    

Тұзды көлдер

Павлодар облысы халықаралық курорт болуға әлеуеті бар аймақтарымен ерекшеленеді. Мойылды, Тұзқала, Қызылтұз көлдері айрықша танымалдыққа ие.

Маралды – табиғи тұзды көл, минералды тұнба батпағымен және шипалы суымен әйгілі, керемет сауықтыру және жасару әсерін береді. Көлдің батпағы Қазақстаннан өзге де елдерге танымал әрі Крым мен Кавказ елдерінің осындай минералды шикізатының бальнеологиялық қасиеттерінен кем емес, тіпті кейбір көрсеткіштер бойынша асып та түседі.  Маралды көлінің түбінде судың температурасы судың үстіңгі температурасына қарағанда 10-15 градусқа жоғары. Ревматизмді және буын ауруларын емдейтін шипалы батпақтың қоры 100 мың текше метрге бағаланады. Көлдің түбінде көгілдір түсті косметикалық балшық бар. Ал тұзды судың қалыңдығы денені су бетінде ұстайды. Осы көлде мекендайтін аrtemiasalina шаяндары суға қызғылт түс береді. Оларды парфюмерлік және фармокологиялық өндірісте пайдаланады.

 

Өзінің емдік қасиеттерімен әйгілі Қалатұз атты тұзды көлде (Лебяжі ауданының Ямышев ауылы) өңір тұрғындарының және көрші облыстардың арасына кең тараған демалыс аймағы ашылды.

Қалатұз көлі әмбебап әуе-су-тұз үйлесімділігіне ие. Көлдің суы мен батпағы бұлшық еттің қабынуы мен сырқырауын төмендетеді, қан айналымын қалпына келтіріп, жасару әсерін береді. Көл Павлодар қаласынан 50 шақырым қашықтықта (Семей қаласына қарай) орналасқан.

 

 Мойылды шипажайы – әмбебап сауықтыру кешені. Мойылды көлінің емдік қасиеттері туралы алғашқы рет осыдан жүз жылдай уақыт бұрын жарық көрген «Ресей Империясы бойынша саяхат жасаудың үстел кітабы» («Настольная книга путешествий по Российской империи») атты танымал кітапта айтылады.

«Мойылды» шипажайының көпжылдық атақ-абыройы Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс елдерде де әйгілі. Емделудің ерекше тиімділігі «Мойылды» табиғи шипажайда тірек-қозғалыс жүйесі (артрит, полиартрит, остехондроз және өзгелері), перифериялық жүйке жүйесі (неврит, радикулит және басқалары), әйел жынысының сырқаты (ұзақ уақыт ісіп тұратын үдеріс, бедеулік және т.б.), урологиялық сырқаттар (простотит, импотенция, уретрит, бедеулік және т.б.) және көптеген аурулар кезінде сауықтыру әсерін беретін құрамында жоғары минералдандырылған тұнба батпағы мен тұздың болуымен айқындалады. Батпақ пен шипалы судың құрамы Крымның Оңтсүтік жағажайдағы Саки қаласындағы сумен ұқсас.

    

 

Өзгертілді: 21.11.2014 11:56
Орналастырылды: 03.05.2016 17:30