Павлодар облысының туристік әлеуеті

Павлодар облысы Қазақстанның ең ірі өзені Ертістің жағасында орналасқан. Ол 1938 жылы құрылды. Облыс орталығы – Павлодар қаласы.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасып, солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Өңірдің көрікті орындары табиғи көркем, тарихи және сәулет ескерткіштері мен діни құрылыстарды қамтиды. Өңірде археологиялық ескерткіштер (тұрақтар, қорымдар, қоныстар, түрлі дәуірдегі обалар) саны жетерлік.
Табиғи және мәдени-тарихи қорлары мен Павлодар облысының географиялық қолайлы жерде орналасуы экономикалық, балалар мен жасөсіпірімдерді емдеу және сауықтыру, ғибадат ету, өзен туризмін дамытуда әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңінен ашады.
Облыста 82 турфирма, 77 турагент пен 5 туроператор ресми түрде тіркеліп, 60 орналастыру объектісі жұмыс істейді.
Азаматтық авиация саласында облыста «Павлодар әуежайы» АҚ қызмет етеді. Қазіргі уақытта Павлодар қаласының әуежайымен «Air Astana», «Сибирь» ААҚ, «Россия» ГТК» ФГУП (жазғы уақытта), «Белавиа» НАК РУП (жазғы уақытта), «Иртыш Эйр» АҚ халыққа бірлесе қызмет етіп, Астана, Алматы, Мәскеу қалаларына әуесапарлар, Павлодар – Анталия, Павлодар – Минск, Павлодар – Санкт-Петербург маусымдық сапарлар орындалады.
Ертіс өзенінің Қазақстан бөлігіндегі кеме жолдарының жалпы ұзындығы 1 719,5 км құрайды, соның ішінде 603 шақырымы Майтүбек кентінен (ШҚО шекарасы) Клин кентіне дейін (РФ шекарасы) Павлодар облысы бойынша өтеді. Технологиялық мүмкіндіктерге ие «Павлодар өзен порты» АҚ негізгі жүк тасымалдаушы ретінде жылына 6,0 млн. тонна көлемінде әр түрлі жүктерді тиеп, тасымалдауды қамтамасыз етеді. Тіркелген флот буксирлі кемелер мен баржалардан тұрады.
Темір жол тасымалдарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар жол бөлімшесі жүзеге асырады.

Барлық қалалар мен аудандарда автовокзалдар мен автотұрақтар жұмыс істейді.

Өзгертілді: 21.11.2014 11:54
Орналастырылды: 03.05.2016 10:11

Қажылық ету туризмі

Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі 2
 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931) – өз өмірін қазақ халқының фольклорлық мұрасын, адамзат баласының тарихын, Шығыс пен Батыстың классикалық поэзиясын зерттеуге арнаған ғалым-фольклорист, ақын, тарихшы-шежіреші, қоғамдық қайраткері, философ, ойшыл.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі Жаңажол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым қашықтықта Ескелді жерінде орналасқан.
 
Исабек Ишан Хазрет кесенесі
Екібастұз ауданының Құндыкөл мекенінде алғаш ислам миссионерлерінің ұрпағы, философ, ағартушы және Мәшһүр Жүсіптің тәлімгері Исабек Ишан Хазрет кесенесінің кешені салынды. Бұл нсысан ақ тастан салынған екі кесенеден және мешіттен, сондай-ақ қажыға барушыларға арналған үйден тұрады.
 
Исабек Ишан Хазрет кесенесі
 
Исабек Ишан Хазрет кесенесі 2
 
Хазірет Ғабдылуахит кесенесі 
Хазірет Ғабдылуахит Тіленшіұлы 
Шарбақты ауданы Арбиген ауылының жанында Шалдай орманында Хазірет Ғабдылуахит кесенесі ашылды. Осы қасиетті орынға рухани ағартушы, діни қайраткер Хазірет Ғабдылуахиттың (1853-1926 жж.) қабіріне табынуға мыңдаған қажыға барушылар келеді.
 
Хазірет Ғабдылуахит Тіленшіұлы
 
Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі   
Танымал қазақ ақыны-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі Торайғыр ауылынан шығыс жаққа қарай 3 шақырым, Торайғыр көлінен солтсүтік-шығысқа қарай 300 метрде Павлодар қаласының жолы бойында орналасқан. Кесене ақынның 100 жылдық мерей тойына орай 1993 жылы оның қабірінде салынды.
 
Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі
 
Қоңыр Әулие үңгірі
Қоңыр Әулие үңгірі бұрыннан бері құлшылық етудің қасиетті орны болып саналады. Үңгірдің ішіндегі тас қазанның түбінде су бар. Осы судың барлық аурулардан және бедеуліктен емдейтін қасиеті бар көрінеді. Бұл жерге түнеп шықса бала көтеруге болады дегенге сенетін әйелдер келеді. Үңгірден Баянауыл ұлттық паркінің қорықтағы бөлігіне керемет көрініс ашылады. Қоңыр Әулие үңгіріне көтерілу үшін ұзындығы 110 метр саты орналастырылған, әр 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң да ескерілген. Үңгірдің жалпы ұзындығы шамамен 30 метр, екі камерадан тұрады.
 
     ?о?ыр ?улие ??гірі  ?о?ыр ?улие ??гірі 2
Өзгертілді: 21.11.2014 11:50
Орналастырылды: 03.05.2016 10:15