Евгеньевка ауылындағы кездесу

Ақсу ауылдық аймағындағы Евгеньевка ауылында Павлодар облысының ауылдық аумақтарын дамыту мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы Болат Бақауов кездесуге барлық ауыл әкімдерін шақырып, жұмысқа селқос қарамауларын талап етті.

Евгеньевка – Павлодар облысының ең үлгілі тірек ауылдарының бірі болып табылады. Аталған елді мекенде осы мәселе бойынша кездесу ұйымдастырылды.

– Павлодар облысындағы әр ауылдың жағдайы қазіргі Евгеньевка секілді болса екен деймін, – деді аймақ басшысы. – Ол үшін ауылды дамыту жұмыстарына ауыл құрушы кәсіпорындарын тарту қажет. Аталған кәсіпорындардың басшылары ауылдық округтің өміріне немқұрайлы қарамайды, сондықтан ауылды көркейтуге, тұрғындарға көмек көрсетуге атсалысулары қажет. Жалпы осындай кәсіпорындарға облыс және аудан басшылығы тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетініне сенімдімін.

Облыста 31 тірек ауыл бар деп есептеледі, 2017-2020 жылдар аралығында тірек ауылдарды дамытуға 37 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда, соның ішінде бюджет және жеке қаражат. Қаражаттың кейбір бөлігі ауылға су тартуға жұмсалады. Бүгінгі күні Қызылжар ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Евгеньевка, Ямышево, Константиновка, Северное және Федоровка ауылдарында жаңа су құбырлары салынуда.

– Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген 16 тірек ауылынан 7 ауылдың жобалары дайын, – деп атап өтті Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов. – 4 ауылдың құжаттары дайындалу сатысында. Қалған 4 ауылдың ішінде Павлодар ауданының Луганск ауылында су қоры бар, бірақ тұрғындар су құбырының құрылысын салудан бас тартуда. Железин ауданының Башмачное және Успен ауданының Лозовое ауылдарындағы қор келесі жылы бекітіледі, Ертіс ауданының Ағашорын ауылында ағымдағы жылы жер асты су қоры қайта бағаланады. Осы жобалардың барлығын іске асыру барысында 2020 жылы тірек ауылдардың орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 32,2%-дан 96,8% дейін артады.

Келесі жылдан бастап кейбір ауыл әкімдері салық жинауға ерекше көңіл бөлу керек – 2 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің жеке бюджеті қалыптасатын болады.

– Ауыл әкімдері әр нысанның уақытында тіркелуіне және қайта тіркелуіне, соның ішінде көлік қаражатына қызығушылық танытып, кәсіпкерлік қызметін мұқият қадағалау керек, – деді аймақ басшысының орынбасары Әлия Арынова. – ауыл қажеттілігіне, яғни өзекті мәселені шешуге жұмсалатын шығындарды бөлу кәсіпкерлер тарапынан қазынаға жинаған қаражатқа байланысты.

 Болат Бақауов әкімдер жергілікті бюджетке қанша жинаса, сонша қаражат облыстық қазынадан алатындарына уәде берді.

– Өзінің кәсіпорнын сіздердің ауылдарыңызда қайта тіркейтін кәсіпкерді басқа ауданнан немесе басқа облыстан таба аласыздар, содан олардың салығы біздің бюджетке түседі, – деді Павлодар облысының әкімі. – бизнес жүргізетіндер үшін ауыл жан-жақты тартымды, ал әкім өз ауылының иесі болу қажет. Ауылдарға барған жүмыс сапарымнан кейін байқағаным кейбір ауыл әкімдері шаруашыл, ал кейбірін ауыл жағдайы мүлдем қызықтырмайды. Саябақтар күтілмеген, жаңа шағын футбол алаңдары қоршалмаған. Осындай өзекті мәселелерді шарушылық тұрғыдан шешу қажет.

Аймақ басшысы ауылға қажетті жобаларға қаражат бар екенін атап өтті. Бірақ, оларды іске асыру үшін жоба авторлары ең алдымен жобалау-сметалық құжаттамасын тапсыру керек.

 


10/10/2017 73