Істің нәтижесі аяқталғанда көрінер

Новочерноярка ауылының жеке кәсіпкері Ардақ Нұрғазин құс шаруашылығына кірісті. Бүгінде оның құсханасында Хайсекс Браун тұқымды жеті мың мекиен тауық бар. Күзде кәсіпкер тағы үш мың тауық сатып алмақшы.

Құс шаруашылығының барлық қырын саралаған кәсіпкер мекиен тауық ұстауға бел буды. Ауданда бұл іспен әлі ешкім айналыспаған. Жергілікті кәсіпкерлер көкөніс және мал шаруашылығымен бұрыннан айналысып келе жатса, құсты бірен-сараны ғана алады.

Ақпан айында Ардақ Нұрғазин «Сарыарқа» бағдарламасы бойынша несие алды. 28 млн. теңгеге мекиен тауық сатып алды, құсхананы жөндеуде өткізді және құсқа азық сатып алды. Бұрын құрылысшы болған кәсіпкер құсхананы алдымен Павлодарда, ал биылғы жылы өрісін кеңейтіп, Павлодар ауданында да ашып отыр.

  • Несиені жеті жылға алдым. Мен бұрын аздап құс өсірумен айналысқан болатынмын. Новочернояркада ісімді дамытып, мекиен тауықтарды сатып алдым. Қазірде қойма салып жатырмыз, қысқа дайындық үстіндеміз. Қойманы бітіріп, азық әкелмекпіз, – дейді Ардақ Нұрғазин.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бейбіт Жанғожинов берген ақпарға сәйкес, кәсіпкер 180 тонна азық сатып алған, фермасында жемуатқыш құрылғы жұмыс істеп тұр. Тауықтарды көбіне құрама жеммен, тарымен, арпамен, бидайман және тағы 6-7 түрлі биоқоспамен асырайды. Әр торда үш тауықтан ұстайды, орынжайдың ауасы жаңартылып отырады, мекиендер тыныштықта мекендейді. Құсхана есігінде «Шуламаңдар!» деген жазу да ілулі тұр.

  • Тауықтардың жұмыртқалағыштығын арттыру мақсатында мекиендерді шудан қорғауға тырысамыз. Қатты дыбыстар немесе шуыл құстарды қорқытып, олардың жұмыртқаламай қоюы мүмкін. Жалпы, тауықтар күй талғамайды, өздері шуылдап, қытқылдағанды ұнатады, – дейді тауықтарды күтуші Евгений Борисов.

Жұмыртқаларды сұрыптаумен – іріктеумен ісімен Евгения Вергилесова айналысады. Ол жұмыртқалардың салмағын өлшеп, санаттар бойынша бөледі. Бұл мақсатта асүй таразысы қолданылады. Сұрыпталған жұмыртқаның салмағы 65-74 г болады, бірінші сұрыптығы  – 55-64 г,  екінші сұрыптығы – 45-54 г.

  • Көбіне бірінші санаттағы жұмыртқа аламыз – шашамен 60%, сұрыпталған жұмыртқа 10%-ды, екінші санаттағы жұмыртқа 30%-ды құрайды. Бір тәулікте бес мыңға жуық жұмыртқа аламыз, – дейді Евгения Александровна.

Кәсіпкер алдағы уақытта мекиен тауықтардың санын 30 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Ардақ Мұхтарханұлы екінші базаны жаңғыртудан өткізуді ойластырып жүр. Оған қоса, астық сақтайтын қойма салып жатыр. 

 


11/09/2017 30