KazRobotics-2017 фестивалінің алтын жүлде иегерлері

6-7 қазан күндері Ақтөбе қаласында KazRobotics-2017 халықаралық робототехника фестивалі өтті. Шараға Қазақстанның 14 өңірінен үздік деген командалар – аймақтық іріктеу чемпионаттарының жеңімпаздары және Ресей, Белоруссия, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.

Павлодар облысының құрама командасына көлік және коммуникациялар колледжінен, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен, «Білім инновация» лицейінен, Катаев атындағы оқушылар сарайынан, «Роботрек» балалар клубынан 15 оқушы енді.

Команда жақсы дайындық деңгейін көрсетіп, қанжығасына үш медаль байлады, оның екеуі – алтын, біреуі – қола.

Робототехникалық жобалар байқауында Телегенов Ермұрат пен Кирилюс Артем алтын жүлде жеңіп алды (көлік және коммуникациялар колледжі, жоба жетекшілері Титова Н.Н., Смирнов Е.А.). “Кегельринг квадро” санатында бірінші орынға Чернышев Олег пен Секретарев Никита ие болды (жетекшісі Смирнов Е.А.). Павлодар облысы құрама командасының мүшелері Катаев атындағы оқушылар сарайының жас робототехниктері Женя Потапов пен Елнұр Елтай “Кегельринг квадро” санатында үшінші орынға ие болды. Жүлдегерлер медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.


10/10/2017 90