«Контейнер» операциясы

Павлодар облысында құрамында сынып бар қалдықтарды жоюға арналған контейнерлер қойыла бастады.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының айтуынша, «Оператор РОП» ЖШС өңірге 200 арнайы контейнерді тегін бөліп отыр. Павлодарда -160, Екібастұзда – 30 және Ақсуда 10 контейнер орнатылады.

– Контейнерлерге арналған орындар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерімен келісілген, деп хабарлады басқармада. – Қазіргі таңда оларды жергілікті атқарушы органдардың балансына тапсыру жұмысы атқарылуда. Контейнерлерге қызмет көрсету ісін құрамында сынап бар қалдықтарды бактан шығарып, Екібастұздағы зауытта жоятын мердігерлік ұйым қолға алады.

Сарғылт түсті контейнерлер батареялар мен люминесцентті шамдарды жинауға арналған. Басқарма өкілдері мен коммуналдық сала қызметкерлері облыс тұрғындарын контейнерлерді дұрыс қолдануды және ішіне қоқыс тастамауды сұрайды.

 


04/12/2017 41