Лебяжі ауданында шығарылатын құрғақ қымыз Гонконг елінде бірінші орынға ие болды

Павлодар облысында құрғақ қымыз өндіріле бастады. Ұнтақ түріндегі шыға бастаған қазақтың ұлттық сусыны сынақтан өтіп үлгерді. Бұл туралы  баспасөз конференциясында Лебяжі ауданының әкімі Ернұр Айткенов хабарлады.

– Лебяжі ауданының «Алтай» шаруа қожалығы павлодарлық «Fresh Milk» ЖШС-мен бірлесіп бие сүтін ұнтаққа айналдыратын жабдық сатып алған. Лебяжілік қымыздан жасалған бірегей ұнтақты Қазақстан және шетел нарығына шығару жоспарланып отыр. Күніне жиырма келіге жуық ұнтақ шығарылады.

Қыркүйек айында Гонконг елінде әлем кәсіпкерлері арасында үлкен байқау өткен болатын. Онда ұнтақ түріндегі құрғақ қымыз экологиялық таза өнім санатында бірінші орынға ие болды. Спикердің айтуынша, қымыз ұнтағына павлодарлық медициналық мекемелер мен демалыс үйлері тарапынан тапсырыстар түсуде. Аталмыш сүт өнімі басқа елдерге экспортталады деп жоспарланып отыр.

 


10/11/2017 51