Менің жетістігім – елімнің жетістігі

Павлодарда осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл жасампаз жастар жыл бойы спорт және шығармашылық салаларында жетістікке қол жеткізіп келген. Биылғы жылы әлеуметтің осал топтарындағы еңбекқор жастар басты назарға алынды. Екі ай ішінде Жастардың бастамаларын дамыту орталығына конкурсқа қатысуға 57 өтінім келіп түсті. Олардың 30-ы іріктеуден өтті.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады. – Мен алдымен байқау қатысушылары үшін қам жеген бүгінгі жүлдегерлердің тәлімгерлерін құттықтағым келеді. Сіздердің жетістіктеріңіз – облыс жетістіктері. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Жеңімпаздар төрт аталым бойынша марапатталды: «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет», «Инновациялық идеялардағы жетістіктер», «Шығармашылық қызметтегі жетістіктер» және «Спорттық жетістіктер». Марапаттау рәсімінен соң аймағымыздың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт пен лазерлі шоу өтті.

 


30/11/2017 43