Мерекеге сый

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында 60 орындық «Балдәурен» балалар бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғимаратты жаңғыртуға облыс бюджетінен  88 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Грэсстрой» ЖШС құрылыс компаниясы атқарды.

Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысып, қонақтар мен аудан тұрғындарын балабақшаның ашылу мерекесімен құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары барлық керекті жабдықпен жарақталған, балдырғандардың жеке, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сауықтыруға қажетті жағдай жасалған балабақша ғимаратын аралап шықты. 900 шаршы метрлік ғимаратта топтар, музыка залы, медициналық блок, логопед және психолог кабинеттері орналасқан.

Балабақша аумағы абаттандырылған, заманауи ойын учаскелері жабдықталған.

Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемесі аудан орталығында тұратын 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды біліммен қамту аясын арттырмақ. Мұнда 33 жұмыс орны құрылды.


28/11/2017 50