Павлодар – Баянауыл бағытындағы жол 1 сағатқа қысқарды

Егер осыған дейін маршруттық жолаушылар автобустары облыс орталығынан Баянауылға дейін 5 сағатта жететін болса, бүгін сол жолға көп болса 3,5-4 сағат кетеді. Ал жеңіл көліктермен осыған дейін жолаушылар Баянауылға дейінгі жолға 3 сағат кетірсе, қазір 2 сағат кетіреді.

Осы жылы Павлодар облысында Баянауыл ауданының ең күрделі мәселесі – ауданға апаратын жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Бұрын туристер ұлттық табиғи бағына дейін шұңқырлар мен төмпешіктер арқылы жетуге мәжбүр болды. Ал бүгінгі күні Қалқаманнан Баянауылға дейінгі тас жол қалпына келтірілді.

– Бұрын ата-аналарымыз Баянауылға 5 сағатта жететін, – деді «Баянаульское ПАТП» ЖШС бухгалтері Ботагөз Дәулетқалиева. Бұл бірншіден, жүргізушіге де, жолаушыларға да ыңғайсыздық туғызатын. Екіншіден, жаман жол автобустың тозуына қатты әсер етті. Жөндеу жұмыстарынан кейін жол уақыты 1 сағатқа қысқарды. Бұл бензиннің де үнемделуіне оң әсерін тигізді: бұрын барып қайтуға 170 л бензин қажет болса, қазір 150 л жеткілікті.

Баянауыл тұрғындары жаңа жөнделген жолмен жүрген ыңғайлы екенін растайды.

– Баянауылдықтардың барлығы жолдың жөнделгеніне қуанып жатқан шығар, – дейді Бақыт Ташатова. – Көбі Павлодар бізге жақындады деп қалжыңдайды.

– Павлодар-Астана тас жолының бұрылысынан басталып Баянауыл ауылына дейінгі жолды жөндеу бойынша жұмыстар осы жылы басталды. Суық ресайклинг әдісі арқылы жолдың 114 шақырымының 112-сі жөнделді.

– Бүгінгі күні жол жиегін бекіту мен жол таңбаларын салу ғана қалды, – деді “НК “Қазавтожол” АҚ Павлодар облыстық пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Ф.Оспанов. – Шамамен барлық жолды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, жалпы ұзындығы 231 км-ді құрайтын республикалық маңыздағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» тас жолы Павлодар облысының Баянауыл ауданы арқылы өтеді. Ол Павлодарды және Қазақстанның басқа да аймақтарын Банауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағымен байланыстырады. Осы бағыт арқылы Ұлттық саябаққа баратын туристерді және жүкті тасымалдау жүргізіледі.


08/11/2018 199