Павлодар облысы әкімінің жаңа 2018 жылмен құттықтау сөзі

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – зор қуанышпен асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттер белгілейтін және болашақтан жақсы үміт күттіретін мерекелердің бірі.

Өтіп бара жатқан 2017 жыл Павлодар облысы үшін елеулі жетістіктер мен  толағай табыстарға толы жыл болды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономика саласы серпінді дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып жатыр. Тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, тұрғындарымыз жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алуда. Жастарымыздың спортпен белсенді түрде шұғылдануы үшін елді мекендерде спорт алаңдары мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, жасөспірімдеріміздің тек Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ өзге елдерді аралау мүмкіндіктері туып отыр. Облысымызда медицина саласы да қарқынды даму үстінде. Жүрегіне ота жасатқан адамдарға арналған оңалту клиникасы ашылды. Бұл – емделушілерді оңалтудың екінші кезеңінен өткізетін Қазақстандағы тұңғыш медициналық мекеме.

Тізе берсек осындай жетістіктеріміз жетерлік. Павлодар облысының бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Алдағы уақытта облысымыздың игілігі үшін атқаратын істер көп, сондықтан 2018 жыл – нәтижелі істерге толы болады деген сенімдемін.

Қымбатты жерлестер! Келе жатқан жаңа жыл отбасыларыңызға ырыс пен береке, қуаныш пен шаттық әкелсін. Шын жүректен баршаңызға көтерiңкi көңiл-күй тiлеймiн, әр күндерiңiз қуаныш пен сәттілікке толы болсын.

Жаңа жыл елімізге бейбітшілік пен молшылық әкеліп, Павлодар облысы халқының мерейі арта берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Павлодар облысының әкімі

Болат Бақауов


29/12/2017 67