Павлодар облысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылға берген тапсырмалары талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырыснан кейін аймақта алдағы жыл жоспарлары талқыланған жиын өткізілді.

– Тиімділіктің ең негізгі көрсеткіштері ретінде Мемлекет басшысы халық кірісі мен өмір сапасын атап өтті, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов кездесуді бастар алдында. Сол себепті басқарушылардың жұмысы осы көрсеткіштерге сәйкес бағаланатын болады. Кез-келген мемлекеттік қызметкер ең алдымен азаматтардың өмір сапасын арттыруға тырысуы керек, себебі бұл Елбасымыздың талабы.

Осы жылы аймақта тұрғындарды сапалы үйлермен қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Жалпы есеппен облыста ауданы 326 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлерді салу жоспарланып отыр.

– 2019 жылы 15 пайыздық қосылымды есептеген кезде пайдалануға беруге жоспарланған үйлердің ауданы 326,8 мың шаршы метрді құрайды, – деді аймақ басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек.  – Осы жылы Павлодарда «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады. 263 пәтерге арналған алғашқы үйдің құрылысы алдымыздағы көтемге жоспарланған. Жаңа шағын аудандағы тағы бір жер телімін жеке кәсіпкерлерге құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында берілмек. Қала салудың бекітілген құжаттамасына сәйкес жаңа шағын ауданда ауруханалар желісі, жедел жәрдем станциясы, үш мектеп, үш балабақша, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, саябақтар, аллеялар, спорттық және балаларға арналған алаңдар қарастырылған. 

Павлодар облысындағы тұрғын үйлерді сату үшін барлық қолжетімді механизмдер пайдаланылатын болады, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы да бар. Аймақта ипотекалық бағдарлама бойынша 37 несие берілді, тағы 30 өтініш мақұлданып, қаржыландыруды күтіп отыр. Сонымен қатар 120 өтініш банктің қаралымында жатыр. Болат Бақауов «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін өз қызметкерлеріне үй сатып алуға көмек көрсете алатын ірі кәсіпорындарды жұмылдыру керектігін еске салды.

Тұрғын үйлерден бөлек өңірде студенттік жатақханаларды салу жоспарланып отыр. Себебі облысымызда білім алып жатқан 2,6 мың студент үшін бұл ауадай қажет. Жатақханалардың құрылысы үшін 8 жер телімі бөлінді. Қара металлургия колледжі мен Көлік және коммуникация колледжі жатақханаларының құрылысы бюджет есебінен осы жылы басталады. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражатқа Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің  студенттері үшін тағы 2 жатақхана көтерілмек.

Микрокредиттеу бағдарламалары жөнінде айтатын болсақ, бұл мақсатқа облыс бойынша 370 микрокредит беру үшін 2,3 миллиард теңге қарастырылған. Облыс әкімінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Әлия Арынова айтып өткендей, 2018 жылы 451 микрокредит беру үшін 2,2 миллиард теңге бөлінген болатын.

– 43 несие қалалық аймақта, 408 – ауылдық өңірлерде берілген болатын. – 288-інде қаражат стартаптарды қаржыландыруға жұмсалды, 87 несие зәкірлі кооперацияны дамыту мақсатында берілді, ал қалғандары өз ісін кеңейту үшін ұсынылды. Осы бағдарламаның көмегімен 439  жұмыспен қамтушы кәсіпкерлікпен айналыса бастады, 601 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Өткен жылдағыдай осы жылы да шағын несие алғысы келетіндерді ең тартымды ұсыныстар күтуде: қарыз сомасы – 16 миллион теңгеге дейін, несие 5 жылға 6% жылдық пайыздық көрсеткішпен беріледі.

– Өткен жылдың нәтижелеріне сәйкес Ақсу қаласында шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 1 ғана жоба жүзеге асырылды, – деп мысал келтірді облыс әкімі. – Осындай ұсыныстармен жалғыз қалқаманның өзінде кем дегенде 10 жоба жүзеге асырылуы керек еді. Бұл мәселе барлық қалалар мен аудандар әкімдеріне қатысты. Шағын несиелерді ұсынуға ерекше көңіл бөліңіздер.

Жиынның қорытындысын шығара отырып аймақ басшысы азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағалары мен тарифтеріне  байланысты әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөліну керектігін атап өтті.

– Бұл жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялады. Сол себепті жұмысқа жастардың белсенді тобын тартып, оларды мысалға келтіре отырып басқа жастарға жұмыс істеуін үйрету керек, – деді Болат Бақауов. – Жастармен кездесіңіздер, оларға көмектесіңіздер, бізге жаңа адамдар керек.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев


06/02/2019 288