Павлодар облысында жоспарланған инвестициялық жобалар жылдың соңына дейін іске асырылады

2017 жылдың алты айы ішінде Павлодар облысының экономикасына 211,7 миллиард теңге инвестиция немесе 2016 жылғы қаңтар-тамызға 83,6 %  тартылды. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– Қаржыландыру көздері: бюджеттік қаражаттан – 50,1 млрд.теңге, кәсіпорынның меншік қаражаты – 134,8 млрд.теңге, банк кредиті – 19,7 млрд.теңге, басқа да заемдық қаражат – 7,1 млрд.теңге, оның 5,0 млрд.теңгесі – шетелдік инвестициялар, — деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысы 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2017 жылға жоспарланған инвестиция көлемі 271,0 млрд.теңге болатын және 1323 жұмыс орны бар  8 жобаның құны 6,6 млрд. теңгені және жұмыс орындар саны 183 орынды құрайтын 3 жоба енгізілді.

Олардың қатарында «Екібастұз ет өңдеу комбинаты» ЖШС (инвестиция көлемі – 1,0 млрд.теңге және жұмыс орындар саны – 95), «Галицкое» ЖШС (инвестиция көлемі – 0,2 млрд.теңге және жұмыс орындар саны –95), «Evooil Kazakhstan» ЖШС (инвестиция көлемі – 5,4 млрд.теңге және жұмыс орындар саны –80), – деп мысал келтірді облыс әкімі.

Болат Бақауов жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 264,0 млрд.теңге және жұмыс орындар саны 1066 болатын тағы 5 жоба ензілетін болады.


03/10/2017 66