Павлодар облысының қаржы басқармасы 2017 жылғы 21 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап (Астана уақыты) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады (Сату қағидасы).

Сату бойынша электрондық тендерге облыстық коммуналдық меншіктің келесі объектіcі шығарылады:

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 120, тел. 87182618748. Бастапқы баға – 557132000 теңге. Кепілдік жарна – 68070000 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • 3 жыл мерзімге кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау.

 

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару бойынша электрондық тендерге облыстық коммуналдық меншіктің келесі объектілері шығарылады:

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 1 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49, тел. 87182343138. Бастапқы баға – 224711000 теңге. Кепілдік жарна – 6741330 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;

сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі  ішінде:

  • кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау;
  • сенімгерлік басқару шартын жасасу алдындағы соңғы 3 жыл ішіндегі орта деңгейден төмен емес медициналық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерінің деңгейін қолдау;
  • ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін) көрсету, соның ішінде МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде;
  • емделушіні қолдау қызметінің және медициналық ұйымды ішкі бақылаудың болуын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы» Кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіз және сапалы медициналық   көмек алуына, медициналық көмектің қол жетімділігіне құқық теңдігін қамтамасыз ету  қажет;
  • ҚР азаматтары болып табылатын қызметкерлердің штаттық санының үштен екісінен кем емес қамтамасыз ету;
  • мәмілелер жасасуға шектеу қою (қайта сату, кепілдікке беру, басқаруға беру және басқалары) және/немесе белгілі бір уақыт ішінде объектіге қатысты белгілі бір                       іс-қимылға тыйым салу;

 

  • Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының № 2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 4/3 құрылысы, тел. 87182533700. Бастапқы баға – 347757000 теңге. Кепілдік жарна – 10432710 теңге. Бөліп-бөліп төлеуге жол беріледі.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;

сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі  ішінде:

  • кәсіпорынның қызмет бейінін сақтау;
  • сенімгерлік басқару шартын жасасу алдындағы соңғы 3 жыл ішіндегі орта деңгейден төмен емес медициналық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерінің деңгейін қолдау;
  • ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін) көрсету, соның ішінде МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде;
  • емделушіні қолдау қызметінің және медициналық ұйымды ішкі бақылаудың болуын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы» Кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіз және сапалы медициналық   көмек алуына, медициналық көмектің қол жетімділігіне құқық теңдігін қамтамасыз ету  қажет;
  • ҚР азаматтары болып табылатын қызметкерлердің штаттық санының үштен екісінен кем емес қамтамасыз ету;
  • мәмілелер жасасуға шектеу қою (қайта сату, кепілдікке беру, басқаруға беру және басқалары) және/немесе белгілі бір уақыт ішінде объектіге қатысты белгілі бір                       іс-қимылға тыйым салу;
  • «Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 49 % мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 45, тел. 87182314230, 87182345678. Бастапқы баға – 389525 теңге. Кепілдік жарна – 11686 теңге.

Тендер талаптары:

  • сенімгерлік басқару мерзімі – 1 жыл;
  • кәсіпорынның қызмет бейінін сенімгерлік басқарудың барлық мерзімі ішінде сақтау;

 

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың реквизитіне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16;

«Банк Астаны» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ914500339860000351; БСК: ASFBKZKA;

«Казкоммерцбанк» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX.

Төлемнің нысаны: Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Тендерге қатысу үшін мыналарды:

  • жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
  • заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
  • кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
  • байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

 

Жекешелендіру объектілерін сату:

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін Сату қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының электрондық цифрлық қолтанба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар:

  • тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;
  • сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тендер өткізу:

Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер немесе жабық тендер өтпеген деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

 

Сенімгерлік басқаруға беру:

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

  • тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы;
  • құжаттардың (“PDF” форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

“Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге жіберген тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.

Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      

Электрондық сауда-саттықтарды өткізу туралы косымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, № 322 каб. мекенжайында және келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (7182) 321324, 322298.

 

 


13/09/2017 51