Павлодар – жанды, батыл да көркем!

Биылғы жаздың соңғы жексенбісі барынша жарқын және көңілді өтті – Жаз Star жастар арбаты жабылды және 14 region global battle би фестивалі өтті.

Таңертеңнен Димитров көшесі, 2/1 мекенжайындағы Just Fly Crew  студиясына келген қатысушылар тіркеуден өтіп, тікелей баттлдың іріктеу раундына өтіп жатты. Аталмыш сайысқа қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 50 адам өтінім берді.

Жаңа жағажайда өткен фестивальдің ақтық бөлігіне көше мәдениетін ұнататындар, заманауи музыка жанкүйерлері  және керемет шоуды қызықтауға халық көп жиналды.

Бұл жердегі шара аса қызықты өтті. Негізгі жарыстар бір жарым сағатқа созылды. Хип-хоп шеберлері келесі аталымдарда керемет өнер көрсетті: hip hop beginners, hip hop pro, house open, popping, breaking, all styles.

Оған қоса, фестиваль судьялары, павлодарлықтар арасында танымал Toki, Raf Osmansky, Donik және Алматыдан арнайы келген мейман Denis Black Diamond шағын шеберлік сабағын көрсетіп, көрермендерге ерекше сыйлық жасады. Жиылған қауымның көңіл-күйі жоғары деңгейде болып, кеш көркін арттыра түсті.

Фестивальға судья ретінде келген биші, хореограф, «Биле, Қазақстан!» республикалық байқауының финалына қатысушы Денис Гришунов былай дейді:

Сіздердің қалаларыңыздағы би мәдениетімен байланысты шараға осымен екінші рет куә болып отырғаныма аса қуаныштымын. Бұл кеш қалаға қайталанбас атмосфера сыйлайды – жергілікті жастардың шығармашылықпен айналысуға барлық мүмкіндігі бар екенін көріп отырмыз. Бүгінгі қатысушылардың дайындық деңгейіне таңырқап отырмын.

Фестивальдің тағы бір мейманы биші Сергей Торохтий  да өз әсерімен бөлісті:

– Осындан алты жылға жуық уақыт бұрын мен Екібастұз қаласынан Қытайдың  Сиань қаласына көшіп кеткен болатынмын. Осы күнге дейін, туған жеріме келген сайын, ең алдымен елімнің, қаланың мәдени өміріне назар аударамын. Мұнда ол өте қанық екені қатты қуантады.

Кеш соңында әр аталымдағы жеңімпаздар наградалар мен көрермендердің ду қол шапалағына ие болды. Бишілер арасынан топ жарғандар: Ислам Жолдасбек, Әділет Қасен, Нұрым Сәрсенов, Максим Хайрулин және Никита Ищенко.

14 region global battle фестивалі қала тұрғындарының есінде қалатыны сөзсіз. Бұдан былай  барша жұрт бимен айналысатын Павлодардың қандай екенін білетін болды – жанды, батыл да көркем!

 


28/08/2017 51