Спорт және туризм дамытылуда

Павлодар облысының әкімін Усолка шағын ауданының арғы беттегі жағасында пайда болатын триатлон аймағы мен этноауыл жобасымен таныстырды.

Саябақтың жалпы ауданы 540 гектарды құрайды. Болашақта аталған жерде ескекпен есу арнасы, биатлон және триатлон аймағы,  олимпиада ауылы және гольф алаңы болмақ. Жоба жасаушылардың айтуынша, аталған жерде ең алдымен арнаның түбін тереңдету және өзен жағалау бекіністерін күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Болат Бақауов су жіберу кезінде су басып кетпеу қауіпсіздігі үшін жүгіруге және веложарысқа арналған жолдарды жөндеуге көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта өзеннің арғы жағына өту үшін көпір құрылысын аяқтап, топырақ тасуды бастау керек, – деді аймақ басшысы. – Аталған жұмыстарды келесі жылға қалдырмас үшін қыс мерзіміне дейін аяқтаған дұрыс. Жоба жасаушылар қанша топырақ қажет екені көрсетілген есеп беру қажет.

Өзеннің арғы жағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтінін атап өту керек. Сондықтан олимпиада ауылы жатын және ас ішетін бөлмелері бар ғимараттан тұрады.

Аталған жерде ауданы 15 гектарды құрайтын этноауылдың тұсауы кесіледі. Мұнда әр түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

– Этноауыл үшін ең қолайлы жер таңдалды, атап айтқанда ашық, жан-жағы жасыл желеңге толы, – деп атап өтті облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов. – Этноауылдың басты қағидасы қала сыртында болуы, шынымен де бұл жер қаладан жүз шықырым қашықтықта орналасқан секілді.

Облыс әкімі этноауылды жайластыру барысында кеспе тастар мен асфальт секілді қаланы абаттандырудың элементтерін пайдаланбаған жөн екенін атап өтті.

 


11/09/2017 73