Төл командамызға қолдау көрсетейік!

Кеше «Црвена Звезда» командасы мен «Ертіс» командасы ойынының алдында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен Павлодар облысының Футбол федерациясы барлық жанкүйерлерді төменгі жағажайға өз командамызды қолдауға шақырды. Қазақстанның атақты командасын қолдауға украиналық «Горячий шоколад» тобы келді. Танымал трио «Береги» әні үшін «Золотой Граммофон» музыкалық премиясын алған болатын.

– Біз өңірдің жаңа футбол тарихының куәгері боламыз, – деді сахнадан Павлодар облысы Футбол федерациясының президенті Расул Оразғұлов. – Павлодарлық «Ертіс» – футболдан Қазақстанның бес мәрте чемпионы. Соңғы төрт жылда біз алғаш рет Еуропа лигасына оралып отырмыз. Болгария чемпионаты көшбасшыларының бірі «Дунав» командасын жеңдік, ал бүгін Оңтүстік-Шығыс Еуропаның мықты клубы, континентаралық кубоктың жеңімпазы, 1991 жылғы Чемпиондар лигасы Кубогының иегері «Црвена Звезда» футбол командасымен күш сынасамыз. Бұл командаға Райко Митич стадионында серб жанкүйерлері асқан қолдау көрсетітіні бәрімізге мәлім. Сондықтан да, қымбатты павлодарлықтар, бүгінгі ойынның нәтижесі қандай болса да, сіздерді өз командамызды қолдауға шақырамын.

Павлодарлықтарды, сондай-ақ, «Горячий шоколад» тобының жеке орындаушылары Надежда Майстренко, Ярослава Мирошниченко және Алиса Абрамова құттықтады. – Бізді Ертістің жағажайында осылайша жылы қабылдап отырғандарыңызға аса қуаныштымыз, футболшыларға қолдау көрсетіп және электролиз зауытын он жылдық мерейтойымен құттықтағымыз келеді, – деді бикештер. – Ол үшін өзімізбен бірге мол позитив ала келдік және де Павлодардың айтып жеткізгісіз энергиясынан қуат алып кетпекпіз.

Жағажайда жиылғандар әншілерге қосылып ән айтты. Көптеген әртістер мен КТА-шылар, сондай-ақ павлодарлық Live Band «Nord Wind» және қазақстандық шоу-бизнестің жаңа қыздар тобы «Shamis» тобы «Ертіс» командасына өздерінің жылы лебіздерін жолдады.

Еуропа лигасының екінші біліктілік раундының қарымта ойынында павлодарлық «Ертіс» сербтік «Црвена Звезда» командасына 2:0 есебімен есе жіберді. Бұл команданың бас жаттықтырушысы Владан Милоевич бұл ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

– «Ертіс» командасына қарап, оның тәртіпті және ұйымшыл, нені көздегенін анық білетін команда екенін түсіндім. Екі ойын да қиынға соқты, алайда біз ары қарай өту құқына ие болдық. Қазақстандықтармен өткен ойыннан алар сабағымыз бар – олар жүз жиырма минут бойына тәртіпті ойын көрсетті. Шын мәнінде, «Ертіс» өзі туралы жақсы пікір қалыптастырды. Осы күнге дейін Қазақстанда үйретілетін стильмен соқтығысқан емеспіз. Біз табанды жұмысымызды бұдан ары жалғастыруымыз керек, – деді Милоевич.

«Ертіс» командасының бас жаттықтырушысы Димитар Димитров Еуропа лигасының екінші іріктеу раундының қарымта ойынында сербтік «Црвена Звезда» командасынан  0:2 есебімен жеңілісі туралы өз ойын айтты.

– «Црвена Звезда» командасын еңбек сіңіріп қол жеткізген жеңісімен құттықтаймын. Біз ұйымдасып ойнап, ұжымдық ойын есебінен сайысуға тырыстық, алайда жеке шеберлік жағынан осалдық таныттық, – деді Димитров.

Павлодардағы алғашқы ойында екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын. Үшінші раундқа «Црвена Звезда» шықты, турнирдің бұл деңгейінде сербтер чехиялық «Спартамен» ойнайды.

 


21/07/2017 65