Волейболды дамыту ісі қолға алынбақ

Павлодар облысының әкімі «Павлодар», «Ертіс-Қазхром» ерлер және әйелдер клубтарының ойыншыларымен және бапкерлерімен кездесті.

Облыстық футбол федерациясының басшысы атанған Болат Бақауов спортшылар мен бапкерлерге келесі жылы олардың алдарына өр мақсаттар қойылатынын айтты.

– Біз қателіктерімізді жөндеу үшін ауқымды жұмыстар атқаруымыз керек, – деді аймақ басшысы. Келесі жылдың басында бұрын жіберілген ағаттықтарды анықтап, қандай жұмысқа көңіл бөлуіміз керектігін түсіну мақсатында үлкен ұйымдастыру кеңесін өткіземіз. Қаржыландыру мәселесі шешіліп қойды дерлік. Сондықтан да келесі жылы алға қойылған мақсаттарға жетуді талап ететін боламыз. Әрине, біз волейболды дамыту ісін қолға аламыз. Мен әр қала мен ауданда волейболдан турнирлер өткізу міндетін алға қойып отырмын.

Болат Бақауов волейболшыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Әкімге екі клубтың ойыншыларының қолтаңбалары қойылған доп сыйланды.


29/12/2017 66