Жаңа футбол алаңы ашылды

Баянауылда толық өлшемді футбол алаңы ашылып, ауыл жасөспірімдері арасында бірінші жолдастық ойын өтті.

Ауданның Орталық алаң жабындысы көп жылдар бойы ауыстырылмаған. Ағымдағы жылы алаңды жаңартуға бюджеттен 50 миллион қарастырылған. Алаңда ұзындығы 400 метрлік тартан жабындысымен жүгіру жолы төселген. Жаңа спорт нысанының ашылуымен баянауылдықтарды Павлодар облысының әкімі құттықтады.

– Ағымдағы жылы осындай алаңдар Павлодар, Екібастұз, Ақсу және Качир ауданының Тереңкөл ауылында ашылды, – деп атап өтті Болат Бақауов. – Осымен спорт саласын дамыту жұмыстары аяқталмайды. Аймақ тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мәселесіне ерекше көңіл аударып, сол бағыттағы жұмыстарды нығайтатын боламыз. 

Ауыл жасөспірімдеріне сыйлық ретінде жаңа спорт жабдықтарын сатып алу үшін 1 миллион теңгеге сертификат табыс етілді.

– Осындай тамаша спорт алаңы үшін баршаңызға алғыс білдіремін, – деді спорт ардагері Зейнолла Сыздықов. – Енді жастарымыз спортпен белсенді түрде шұғылданып, Қазақстан мен өзге елдерді аралау мүмкіндіктері туып отыр.

Жаңа алаңға жасанды шөп, резеңке үгінділері мен кварц құмы төселген.


14/11/2017 36