Жаңа футбол алаңы ашылды

Павлодарда толық өлшемді футбол алаңы ашылды. Жаңа спорт нысанының тұсаукесер рәсімі Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде өтті.

Футбол алаңының өлшемі 90Х60, тартан жабындысы бар жол төселген, сонымен қатар трибуналар орнатылған. Кешкі уақытта алаң жарықтандырылады. Павлодар облысының әкімі жұмыс сапасын бағалап, облыс орталығында осындай спорт алаңдарын орнату жұмыстары жалғасын табатынын атап өтті. Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдары аталған алаңдардың құрылысы үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарымен айналысуда, ал мердігер ұйымның айтуынша, жыл сайын бес алаңнан орнатуға дайын.

– Бұл алаң барлығына қолжетімді болуы тиіс, – деді Болат Бақауов. – Мәселен, таңертең спортпен шұғылданатын адам алаңға келіп жаттығу жасап, жүгіре алады. Асфальпен жүгірудің тізе буындары үшін пайдасы аз, ол үшін тартан жабындысы болуы қажет. Сондықтан осындай нысандар барлығына қолжетімді болуы тиіс.

Бірінші күннен бастап алаңда Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің құрама командасы мен олардың дублерлары ойындарын тамашалатты.

– Біздің балалар аталған футбол алаңында дене шынықтырумен сапалы түрде айналысатынына сенімдімін, себебі үздік инфрақұрылым оларға осындай мүмкіндік береді, – деді ПКжКК дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы Алексей Садовник. – Менің ойымша, біздің команда одан әрі тамаша жетістіктерге жетіп, облыстық спартакиадада жоғары көрсеткіштер көрсетеді.


11/10/2017 104