Жаңа жылдық демалыстарда павлодарлық жедел жәрдем тәулігіне 900-ден астам қоңырау қабылдады

Жаңа жылдық мереке күндері «103» қызметі әдеттегіден көп қоңырау қабылдады. Тәулік сайын жедел жәрдемге 900-ден астан қоңырау түсті. Бұл қалыпты жағдаймен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Мереке күндері жедел жәрдем бригадалары 2 рет өрт жағдайларына шықты. Олардың біріншісі Павлодар қаласында Ледовской көшесінде орналасқан үйде орын алды. Өрт пайда болған пәтерден 2 адам ауруханаға жеткізілді, тағы екеуі, соның ішінде 2011 жылғы бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Тағы бір жағдай Шарбақты ауданының Богдановка ауылында тіркелді. Бұл жерде жеке тұрғын үйдің жануы нәтижесінде 76 жасар ер адам қайтыс болды.

Мерекелік демалыста пиротехникадан зардап шеккендер де болды. Павлодарда 42 жасар ер адам көздің мүйізгек қабығының күйігін алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар дәрігерлер үсіп қалумен байланысты шақыруларға да барды. Ақсу қаласында ер адамда аяқтарының 3 дәрежелі үсігі анықталды. Ол ауруханаға жеткізілді. Үсіктен зардап шеккен тағы екі адам аймақтың жарақат пункттерінде көмек алды.

Облыс орталығындағы жол-көлік оқиғаларына жедел жәрдем қызметкерлері 20 рет шақырылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы Қалқаман ауылынан 12 шақырым жерде орын алған ЖКО-ға қызмет көрсетті. Осы жағдайда көліктің аударылу салдарынан көмек 3 зардап шегушіге, соның ішінде 13 жасар балаға қажет болды.

Жедел медициналық жәрдем

Станциясының баспасөз қызметі

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

 


04/01/2019 118