Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері арасында «Туризм, Алға!» олимпиадасы өтті

Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері арасында «Туризм, Алға!» олимпиадасын өткізді. Оған Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, ИНЕУ-дің және олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 4 команда қатысты.

Командалар туған өлкенің географиясы мен тарихы саласын тамаша білетіндіктерін, облысымыздың туристік әлеуетін пайдалану ісіне деген өздерінің көзқарастарын көрсетті.

Олимпиадада Павлодар педагогикалық колледжінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынға ИНЕУ-дің командасы және үшінші орынға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы ие болды.

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің командасын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кешегі түлектері дайындаған екен. Олардың өздері туризм бойынша олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған.

 


09/11/2017 53